Радияциялық экологияның мәні мен мақсаттары.

 

Сыртқы сәулеленудің дозиметриясын жүргізу; тіркеуші қондырғылармен және құралдармен (дозиметрлер, радиометрлер) жұмыс жасай білу; қоршаған орта сынамаларын (топырақ, су, өсімдік) сақтау және сұрыптау; жалпы әльфа-, бета және гамма акгивтілікгерді анықтау үшін табиғи объектілердің үлгілерін дайындай білу; сәулеленудің эффективті дозасын өлшей білу. Осы арнайы пәнді оқыту үшін қажет осы пәнге дейінгі пәндер жиынтығы Бейорганикалық химия.тараулар: атом құрылысы, радиоакгивтілік құбылысы. Аналитикалық химия. тараулар: сандықталдау, қосатундыру, хроматография әдістөрі. Физикалық химия.тараулар: химиялық кинетика, сорбция және десорбция процесстері. Жалпы физика. тараулар: радиоактивтілік, ионданған сәулелену. Жалпы биология. тараулар: топыранпың, өсімдіктің құрлысы. Жалпы экология негіздері: қоршаған орта жүйе ретінде, экологиялық қатер;

Радиациялық экология (радиоэкология, экологиялық радиохимия) пәні және оның міндеттері. Жалпы экология жүйесіндегі радиациялық экологияның орны және ролі. Радиациялық-химиялық зерттеулердің тарихы. Экологияның негізгі түсініктері. Экожүйені ұйымдастырудың деңгейі. Радиациялық экологияның физикалық негіздері Радиоакгивтік түрленулер. Нуклидтер және изотоптар. Тұрақты және радиоактивті ядролар. Ядролық түрленулрдің типтері: α-ыдырау, β-түрлену, изомерлі ауысу, түрленулердің басқа түрлері. Жылжу ережесі. Ыдырау сызба-нүсқалары.

Сәулеленудіңзатпен ерекеттесуі. α-бөлшентердің сіңірілуі. Зат арқылы β -сәулелену өткөн көздегі энергия шығыны. Тежеуіш сәулелену β-бөлшектердің максимальды жүрісі β-бөлшөнтіңжүрісі мен энергиясы арасындағы байланыс әлсіретудің массалық коэффициөнті. Радиоактивті түрленулердің заңдары. Радиоактивті ыдыраудың негізгі заңы. Радиоактивті ыдырау түрақ тылығы және жартылай ыдырау периоды. Ұзақ қмір сүретін және қысқа өмір сұретін радионуклидтердің жартылай ыдырау периодын анықтау. Ионданған сеулеленудің дозиметриясы.

Дозиметрияның негізгі түсініктері. Сәулелену энергиясының затқа берілуі. Сәулелену сапасы. Сәулеленудің күшті және созылмалы әсері, адамның сәулелі ауруы. Аз доза кезіндегі радиобиологиялық әсердің стохастикалық сипаты. Сәулеленудің алшақтанған соматикалық зардаптары. Ионданған сәулеленудің өсімдіктерге және жануарларға әсері.

Радионуклидтердің организмге түсу жолдары.

Адамға және қоршаған орта объектісіне радиациялық әсерді реттеу негіздері. Радиациялық әсер кезіндегі қатер деңгейі. Эквивалентті, тиімді және ұтымды доза. Сәулелөнудің мүмкін деңгейінің есебі. Радиациялық қауіпсіздік нормалары. Дозиметриялық өлшеулер. Дозиметриялық бақылау құралдары. Дозаның қуаттылығын және ағынның, дозаның, флньенсаның тығыздығын өлшеу. Қоршаған ортадағы табиғи радионуклидтер. Ғарыштық сәулелену.

Қоршаған ортаның жасанды радионуклидтермен ластануының негізгі көздері. Ядролық жарылыстар және глобальды радиоактивті ластанулар. Экожүйедегі ең маңызды жасанды радионуклидтердің: цезий-137 және 134, стронций-90, иод-131,129, плутоний-238,239,240, 241 қасиеттері және сипаты. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы қазіргі радиоэкологиялық жағдай.

Радиоактивті қалдықтар, оларды өндеу, сақтау және көму. Радиоактивті қалдықтарды радиоактивтілігі және химиялық құрамы, агрегаттық күйі бойынша классификациялау. Қазакстандағы радиоакгивті қалдықтар туралы проблемалар. Радиациялық бақылау. Радиациялық бақылаудың міндеттері. Радиациялық бақылау жүйелері және әдістері. Қоршаған ортаны қорғау және халықгың қауіпсіздігі туралы Қазақстанның занды және нормативті кұжаттары.

Бұл арнайы курстың негізгі мақсаты студенттерді төменде берілген сипаттамалармен таныстыру және көзқұарастарын кеңейту: экожүйелерде радионукпидтер зияндылықтарын, радиациялық ластанудың экологиялық салдарларын зерттейтін ғылым ретінде радиациялық экология пені мен оның міндеттері туралы; радиация зардаптарын шеккен Қазакстан Республикасының радиациялық жағдайы туралы және радионукпидтермен ластанған аймақтарды экологиялық экономикалық және әлеуметтік қайта қалпына келтіру бойынша қолданылатын шаралар туралы;

Пәнді оқытудың міндеттері қойылған мақсаттарға сәйкес осы арнайы курстың негізгі міндеттері: студенттерді радиоактивтілік және радиация кубылыстарымен және олардың өлшемдерімен таныстыру; радиометриялык және радиохимиялык экспертизаларды ұйымдастыру және жүргізу принциптері мен, радиациялық қатерді азайтудың практикалык шараларымен;

-табиғи жағдайлардагы негізгі дозатузуци радионуклидтердің әсері және экожүйеде олардың кешужолдары (трофикалық тізбек); радиацияның тірі организмге және адам денсаулығына медициналық-биологиялық әсері;

-радиациялық бакылаудың мiндеттері және радиациялық қауіпсіздігі негіздері.

Бұл пәннің дамуы радиоактивті ластану бойынша қайғылыжәне бай тәжірибесі бар Қазақстан мемлекеті үшін ерекше мәні бар.

Аталған мамандану бойынша пракгикалық сабақтар ҚР Ұлттық ядролық орталығының ядролық физика институтының зерттеу базасында жургізілді.

Осы курс "Химиялық, криминалистік және экологиялық сараптау" мамандығының студенттері үшін жасалған және лекциялық, практикалық сабақтар енгізілген.

Бүкіл дүние жүзі халқы жақында жаңа ғасырға - ядролық, радиоактивтті энергия ғасырына аяқбасты. Бұл жаратылыстануда, техникада және технологияда радиациялық деп аталатын жаңа ашылулар негізін құрайды. Ядролық зерттеулер және технология жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлкен үлес қосады. Ядролық технология және ядролық зерттеулер жаратылыстану ғылымдарының дамуына үлес қосатыны және ғылымда пәнаралық жаңа бағыттық мысалы, радиациялық экология, туындауына әкелетін түсіндіру. Бұл қоршаған ортаны кәсіби, техногенді және жасанды радионукпидтермен ластануымен және олардың адам денсаулығына және тірі организмдерге әсерінен туындаған проблемаларға байланысты пайда болған, жалпы экологиядағы жаңа бағыт.Дүние жүзінде Қазақстан сияқты ешбір мемлекет атом ядросы энергиясын пайдаланудың кepi жағын, яғнизардаптарын айқындап беру.

Радияциялық радиоактивтілік, радияциялы қалдықтар зияндылығын қадағалау және өнімдерінің экспертизасы пәнін оқыту студенттердің физика, математика, органикалық химия, аналитикалық химия және экологиялық химия мен қоршаған ортаны қорғау пәндерінен алған білімдері негізінде тереңдетіліп оқытылады.

Аталған пәнді өту барысында студент:

- Қазіргі заманғы зерттеу әдістерінің, соның ішінде лазерлік техниканың, хроматографияның және рентгенструктуралық талдаудың негізінде жатқан құбылыстардың теориялық негіздерін;

- Қажетті талдау әдістерін таңдау әдістемесін және оны жүргізу барысын;

- Алуан түрлі физикалық әдістер көмегімен түрлі аналитикалық сұрақтарды шешу амалдарымен танысады.

 

Лекция №2








Дата добавления: 2016-11-28; просмотров: 2527;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.