Тікелей келіссөздер мен кеңес беру - халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
Тікелей келіссөздер дауларды шешудің бейбіт жолдары жүйесінде ерекше орын алады. Жалпы тікелей келіссөздерсіз ешқандай халықаралық дауларды шешу мүмкін емес.
Халықаралық дауларды бейбіт түрде реттеу барлық келісімдерге қандай да бір мақсатқа жету үшін келіссөздер бірден бір алғашқы қадам ретінде табылады. Ол 1899 және 1907 жылдардағы халықаралық қақтығыстарды бейбіт шешу жөніндегі Гаага конвенциясында, БҰҰның Жарғысында (33 бап), 1949 жылғы халықаралық дауды бейбіт шешу жөніндегі Жалпы акт, 1982 жылғы дауларды бейбіт жөніндегі Манильдің декларациясында және т.б. көрсетілген. 1924 жылы 30 тамыздағы Мавромматис ісі бойынша халықаралық-әділ соттың тұрақты палатасының шешімімен, сондай-ақ 1960 жылғы 12 сәуірдегі Үндістан территориясы арқылы өту құқығы жөніндегі дау жөніндегі БҰҰның Халықаралық Сотының шешімінде дау соттың іс қарауының объектісі болғанға дейін оны келіссөздер арқылы шешу қажеттігі тікелей көзделген.
Мүдделі тұлғалар арасындағы келіссөздерді жүргізуді даулы халықаралық мәселелерді дипломатиялық жолмен шешу деп қарастырады. Келіссөөздердің артықшылығы туындаған даудың тараптары өзара шағымдарды тікелей шешуден даулы мәселені шешудің тәртібін анықтаудан, өзара тиімді шешім шығарудан көрінеді.
Келіссөздер қатысушылардың топтарына байланысты - мемлекет басшыларының, үкімет басшыларының, сырқы істер министрлерінің, дипломатиялық өкілдіктердің басшыларының және арнайы құзіреті бар тұрғалардың қатысумен болатын келіссөздер деп ажыратылады. Келіссөздер ресми және бейресми болуы мүмкін.
Сондай-ақ келіссөздер нысанына байланысты (ауызша - тікелей байланыстар арқылы және жазбаша - нота, хаттар адмасу арқылы) және қатысушылардың санына байланысты (екіжақты, көпжақты, соның ішінде халықаралық конференция шеңберіндегі) бөлінеді.
Халықаралық құқық келіссөздердің мерзімін белгіленбейді. Егер де халықаралық бейбітшілік пен кауіпсіздікке кауіп төндіретін дау туралы сөз болса, онда тараптар оны өысөа мерзімде реттеуге барлық күштерін салу керек.
Келіссөздер нақты шарттар сақталған жағдайда жағымды нәтижелерге әкелуі мүмкін. Ең бірінші келіссөздер тең құқылы түрде жіне келіссөздер бойынша тараптардың тәуелсіз теңдікті ескере отырып жүргізілуі мүмкін. Олар алдын ала шарттарсыз, мәжбүрлеусіз болуы керек. Келіссөздер нәтижелі болуы үшін тараптардың еркі болу керек және өзара ымыраға келу жолдарын іздестіру керек.
Егер келіссөздер келісімге келтірмеген жағдайда тараптар басқа да бейбіт жолдарды қарастыру керек.
Консультациялар келіссөздердің түрлері ретінде саналады. Бұл дауларды шешудің жаңа тәсілі ретінде ХХ ғасырда пайда болды.
Консультациялар факультативті және міндетті болып бөлінеді. Факультативті консультацияға тараптар әрбір нақты жағдайларда өзара келісімген келуі жатады. Ал міндетті болып келіспеушілік туындаған жағдайда қатысушылардың арасындағы алдын ала консультациялар табылады.
Көп жақты конвенцияларда кез келген мәселелер бойынша консультациялар жүргізу міндеті бар. Ол мақсатқа қатысты немесе конвенция ережелерін жүзеге асыру барысында қатысты туындауы мүмкін. Мысалы, 1972 жылғы бактериологиялық қаруларды жасау және өндіруге тиым салу және жою жөніндегі конвенция.
Мұндай конвенцияларды бұрыңғы тәсілдер деп қарастыруға болады.
Консультациялар бірқатар келісім-шарттарда дауларды бейбіт жолымен шешудің тәсілдері ретінде тікелей қарастырылған. (Мысалы, 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша БҰҰның конвенциясының 283 бабы).
Дата добавления: 2016-04-11; просмотров: 2468;