Ресурстар мен факторлар деген не

2. Негізгі құралдар

3. Айналым құралдар

4. Ақша капиталы, бастапқы капитал

5. Ғылыми – ақпараттық фактор

6. Бизнесті іске асыруда үш негізгі тұлға

7. Кәсіпкерлік операцияларының схемасы

8. Уақыт факторы

9. Салықтар дегеніміз не

 

 

3 дәріс Коммерциялық кәсіпорынның бизнес – жоспары.

Бизнес – жоспар не үшін қажет.

1. Бизнес – жоспарларды құрудың мақсаты

2. Бизнес – жоспарларды құрудың негізгі талаптары

3. Бизнес – жоспардың құрылымы

4. «Атқарушылық резюмені» құру

Қазіргі кезде біздің экономиканың даму жағдайларындағы қарама – қайшылықтарға қарамастан жоспарлауға елеулі мән беріледі. Оларды құру кәсіпкерлік қызметінің түрлі формалары. Дамыған нарықтың қатынастары бар елдердегі кәсіпкерлер орта, ұсақ және, әрине, ірі бизнесті агинас бұрын, оны жан – жақты негіздеп алады. Нарықтық конъюктураны жолдау өзіндік ресурстар мен мүмкіншіліктерді анықтау және қаржылық есеп қисаптардан бастау алатын негіздеу бизнес – жоспар деп аталады. Әдетте, оны үш жалға, ал ірі жабалар үшін 5-10 жалға құрастырады.

Бизнес – жоспар статистикалық есеп берудің құжаты емес, ол статистика мүшілеріне салық инспекцияларына ұсынылмайды. Іс жүзінде, оны құрастырудың мақсаты – қарыз капиталын табу мен партнерлерді анықтау болып табылады. Кәсіпорынның инвестқорлармен қаржы нарығының басқа да субъектілер фирмамен оның жабасын бизнес – жосрап арқылы білгілері келеді. Құрастырудың қатал тәртібі жоқ болғаны мен, бизнес – жоспар бизнеске шақырудың халық аралық стандарты ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, перспективаларды жақсы білу үшін, өзінің мәселерін анық түсіну үшін және фирма қызметін саналы түрде қарастыру үшін қажет.

Бизнес – жоспарды құрастыру үшін келесі талаптар қойылады:

Фирма басшысының тікелей қатысуы. Құрылатын жобаның мәнің біле отырып басшы өзінің қызметшілері және консультанттарымен келешек қызметтерін модель дейді, жаңа ойдын дұрыстығын тексеріп табысқа жетудің мүмкіндіктерін тексереді. ұсынылатын ақпаратық дәлділігі, толықтығы жәнетаңдаушылығы. ақпараттық дәлділігі – оның объективті сипатын білдіреді. Ақпараты бұрмалаған кезде бизнес – жоспардың рецензенті оны құрастырушыларға білімдері мен кәсіпшілігігінің аудығы жайлы айып тағуы мүмкін, ал ол жабаға деген инвестоолардың сенімін жоюылуына әкеледі.

Ұсынылатын ақпараттық толықтығы оның толық көлемін білдіреді: мақсаты елеулі мәлеметтер бизнес – жоспардың өзінде келтіріледі, ал толықтауыш және деталуация мәліметтері қосымшада сипатталады. Егер бизнес – жоспардың көлемі машимамен терілген 15-20 бетке тең болса, қосымшаның көлемі шектелмейді. Ақпараттың таңдаушылығы – ақпараттың нақтылығын және тікелей ұсынылатын жоба жайында болу керектігін білдіреді.

Бизнес – жоспарды келіспеушілік жағдайларға әкелетін ақпарат болмауы тиіс. Тексеруші рецензент, қаржыландырудың қайнар көзі ретінде іс – әрекет жасай отырып нақты емес сөйлемдердің солдарынан кейбір көрсеткіштерді бұрыс түсініп, теріс есептеуі мүмкін.

Қарыз капиталын алғанда, өзіндік құралдар жектілікті мөлшерде болу мүмкіндігін ұмытпау қажет. Мұнда қатал талаптар қойылмайды, өзінідік капиталдың үлесі 30-50% болуы мүмкін. Бірақ, егер өзіндік құралдар өте аз болса, инвестор өз қатысуын жақтамауы мүмкін және осындай жағдайда істі іске асырудың ықтималдағы аз болады.

Бизнес – жоспарды қарастыру мен жобаны қаржыландыру шешімі белгілі бір уақытты алады. (6 айға дейін). Нарықтық ортаның тез өзгеруі есеп – қисаптардың қайта есептелуі мен қосымша ақпараттарды талап етеді. Ол қабылданған және қаржыландырылатын бизнес – жоспардың іске асырылуының ағымдағы талдауы мен корректировка сияқты заңды құбылыс болып табылады.

Бизнес – жоспарды құрылысы жобаның күрделілігі мен құнына тәуелді тараулар мен бөлімдерден тұрады:

· өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сипаттамасы;

· сату нарығының бағалануы;

· бәсеке

· маркетинг стратегиясы

· өндірістік жоспар

· ұйымдастырушылық жоспар;

· тәуекелдік пен сақтандырудың бағалануы;

· заң жоспары;

· қаржылық жоспар;

· қаржыландырудың стратегиясы

Қазіргі кездегі ірі және орташа бизнестік нақты жағдайларында сату нарығының бағалануы, бәсеке және маркетинг стратегиясы атты үш тараудың орнына маркетингтік зерттеулердің барлық бағытталарын байланыстырушы соңғы екі тарау болуы мүмкін. Кейде «Тәуекеділікті бағалау» тарауы болмауы мүмкін.

Бизнес - жоспарда «Атқарушылық резюме» жоба құрастырылғаннан кейін жазылса да, жобаны ұсынудың өте маңызды бөлігі болатындықтан бизнес - жоспардың ең алғашқы беттерінде арналасады. «Атқарушылық резюме» көлемі 3-4 беттен тұрады, әдетте рецензенттердің көбі ол көлемнің 1-1,5 бетке дейін қысқартылғаның жаңдайды.

Резюменің ролі ерекше маңызды болып табылады, сондықтан оны оқығаннан кейін бизнес – жоспарда сипатталған барлық мәліметтерге көңіл тудыратындай етіп құрастырылуы шарт. Сонымен бірге, маманданған терминдерді аз келген оқушы бизнес – жоспарда келтірілнтін жаңа айды түсінуі қажет және резюме жобаның барлық жақсы жақтарын қамту керек.

Атқарушылық резюмені құрастырған кездле келесі кестені қолдануға болады:

· фирманың құрылуы жайында қысқаша мәлімет беру (құрылу мен кеңею мерзімі, ұйымдастырушылық – құқықтың формасы, фирма капиталының құрылымы, негізгі банк, фирманың басқармасы );

· фирманың имиджін ұсыну (фирма қай көрсеткішімен әйгілі, басқа ұсақ фирмалардан оның қандай айырмашылығы бар, турақты тұтынушылары және т.б.);

· фирманың ұйымдастырушылық құрылымы оның жаңадан құрылған ұйымдастырушылық - өндірістік және басқарушылық бөлімшелерін қоса көрсеткенде;

· қызметтік ішкі және сыртқы жағдайларының қысқаша талдануы;

· жобаның жақсы жақтарын сипаттайын қысқаша формулировкасы ұсынылатын қаржыландырудың көлемі, жақындағы жылдары мүмкін сатулардың жоспары, жобаға салынған құралдардың ақталу мерзімі.

Осындай кіріспеден кейінгі бизнес – жоспардың негізгі тараулары сипатталады.

Практикалық сабақтар сұрақтары

1. Бизнес – жоспар дегеніміз не

 

2. Бизнес – жоспар құрастырудың мақсаты

3. Бизнес – жоспарды құрастыру үшін кандай талаптар қойылады

4. Фирма басшысының тікелей қатысуы

5. Ұсынылатын ақпараттың толықтығы

6. Бизнес – жоспарды келіспеушілік жағдайлар

7. Қарыз капитал, өзіндік құралдар үлесі қанай болуы мұмкі

8. Бизнес – жоспарды қарастыру мен жобаны қаржыландыру уақытты

9. Бизнес – жоспар құрылысы кандай тараулар мен бөлімдерден тұрады

10. Бизнес - жоспарда «атқарушылық резюме»

11. Атқарушылық резюмені құрастыру ұшін кандай кестені қолдануға болады

4 дәріс Бизнес-жоспарды дайындаудың әдістемелік негіздері.

 

1. Жоспар дегеніміз не, оны тағайындау және оның негізгі элементтері.

2. Кәсіпорында жоспарлаудың функциялар мен принциптері.

 

Жоспар-бұл белгілі бір нәрсенің бейнесі, күткен болашақтың үлгісі немесе алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындауға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Бизнес-жоспар қазіргі кезде жоспарлар түрлері ішінен ең көп торалғаны болып табылады. Ол былай сипатталады:

· Кәсіпкердің ұйым үшін жұмысына арналған жұмыс құралы;

· Бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін, табыстар мен шығындардың бағаларын қарастыратын кең түрдегі программаны (рационалдық іс-шаралар, әрікеттер) қолдану;

· Кәсіпорынның дамуы мен қызметінің негізгі жақтарын мінездейтін құжат;

· Белгілі әр нарықта фирма қызметтінің нақты бағытын негіздеудің және зерттеудің нәтижесі.

Кәсіпорында бір уақытта бірнеше бизнес-жоспар болуы мүмкін. Онда негіздемелі нақтылаудың деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Шағын кәсіпкерлікке бизнес-жоспар және кәсіпорын жоспарының көлемі мен мазмұны бірдей болады. Жеке кәсіпкерге және оның әріптестеріне кез келген бизнес-жоспар кем дегенде 5 негізгі сұрақтарға дәлелді жауап беру керек. (Схема 1)

 

Слайд схема1. Бизнес-жоспарды тағайындау және оның негізгі элементтері.

 

       
   
 
 

 


Кәсіпорында жоспарлаудың функциялар мен принциптері.

Басқарудың элементі болып табылатын бизнес-жоспарлау кәсіпкерлік қызмет жүйесінде бірқатар функциоларды атқарады. Олардың негілері келесілер:

· Инициерлеу-жобалар мен келісімдердің әрекеттерін активтендіру, ынталандыру және мотивациялау.

· Болжамдау-анализ және факторлар жиынтығын есепке алу процесінде фирманың күткен жағдайын алдын-ала болжау және негіздеу.

· Оңтойландыру- нақты әлеуметтік- экономикалық ортада кәсіпорын дамудың ең жақсы және мүмкін болатын нұсқасын таңдауды қамтамасыз ету.

· Координация және интеграция-компанияның құрылымдық бөлімшелерінің өзарабайланысы мен өзара тәуелділігін есепке ала отырып олардың жалпы нәтижесін шығару;

· Басқарудың қаупсіздігі- теріс солдарды болдырмау және оларды азайту үшін шораларды уақытында қабылдау үшін болатын тәуекелділік туралы ақпаратын қамтамасыз ету.

· Реттеу-табысты жұмыс және шауапкешілікті үшін жалпы тәртіптті орнату;

· Бақылау-жоспардың орындалуын оперативті қадағалау, қателерді табу және олардың түзету;

· Тәрбиелеу және оқыту - жұмысшылар тәртібі және олардың оқыту мүмкіндігі үшін рационалды жоспарланған әрекеттер үлгерімен қолайлы әсер ету;

· Құжаттандыру- фирма менеджерлерінің табысты немесе қателік әрекеттердің дәлелі ретінде қолданылатын қужат түрінде ұсыну;

Бизнес-жоспарды құрған кезде жоспарлаудың принциптерін міндететі түрде соқтаған жөн. Өйткені олар арқылы нақты экономикалық ортада кәсіпорынның табысты қызметі үшін алғышарттар жасалады. Жоспарлаудың негізге алынатын принциптері бір-бірмен тығыз байланысты.

 

Слайд. Ішкі фирмалық жоспарлаудың негігі принциптері.

 

Жоспарлаудың принциптері Мазмұны
Қажеттілік Қызметтің кез келген саласында жоспарларды міндетті қолдану адамдардың тәртібіне рационалды әсер етеді. Әрекет жасау алдында әрбір адам не істегесі келетінің және істей алатынын білу қажет.
Үздіксідік Кәсіпорында жоспарлау процесі мына жолдармен жасалады: а)алдыңғы кезеңдегі жоспарың орындалуының аяқталуы бойынша жаңадан жүйелі жоспарларды дайындау. б)өзгермелі жоспарлау-жоспар кезеңінің өтуі бойынша жаңртылған жоспардың құрылуы.
Созылымдық және икемділік Алғашқы жоспардың өзгеретін шарттарға бестімделуі мына жолдармен іске асады: а)негізгі көрсеткіштер бойынша жоспарлық резервтердің еңгізілуі. б)әртүрлі жағдай және табысты бөлу үшін оқиғалы жоспарлаудың қолданылуы. в)ортаның пайда болатын өзгерістерін есепке алу үшін оперативті жоспарлаудың қолданылуы. г)болама жоспарлаудың қолданылуы.
Біртұтастығы және толықтығы (жүйелілік) Жүйелілік негізгі үш тәсіл арқылы іске асады: 1.жоспарлаудың тік және көлденең деңгейлері бойынша кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өзара байланысы мен жалпы экономикалық мақсаттардың бар болуы. 2.Барлық күрделі питнара жоспарлар фирманың құрылымдық бірліктері және қызмет саларының өзара байланысы жалпы жиынтың жоспардың әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсетеді. 3.Шешім қабылдау үшін жоспарға барлық маңызы бар факторларды қосу.
Дәлділік және нақтылық Алға қойылған мақсатқа жету үшін кез келген жоспар жоғары нақтылық деңгейде құрылу керек. фирма дамуының жалпы бағытын, негізгі мақсаттарды аңықтағанға дейін, оперативті қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларға ауысу кезінде жоспарлаудың нақтылығы мен дәлділігі төмендейді.
Үнемділік 1.Жоспарлауға кеткен шығындар. Олардан түскен пайдамен салыстырылып отыруы тиіс. 2.тиімділікте жоспарлау үлісі шешім қабылдау сапасының жақсаруымен анықталады.
Үйлесімділік 1.Жоспарлаудың барлық кезеңінде шешімдердің ең тиімді нұсқасын таңдаумен қамтамасыз етіледі. 2.Фирманың пайдасын және басқа көрсеткіштер нәтижелерін максималдау және шығындарды минималдау шекпеуді болжау кезінде анықтамалады.
Басқару деңгетінің байланысы Үш тәсіл арқылы анықталады: а) «жоғарыдан төменге» нақтылық жоспары б) «төменнен жоғары» жоспардың ұлғайтылуы в) питнара өкілеттілітке құқық беру.
Қатысу Жоспарлау процесінде персоналдың белсенді қатысуы олардың мотивация тәртібін күшейтеді Басқаларға қарағанда, өзіндік жоспарлау психологиялық және экономикалық тиімді болып табылады.
Холлизм (координация мен интеграцияның үйлесуі) Құрылымдың бірліктер мен кәсіпорындарды басқару деңгегі ұлғайған сайын және оларды біруақытта өзаратәуелді жоспарлау тиімді болып табылады. Кәсіпорынның әрбір құрылымдық деңгейін жоспарлау және жоспарлардың барлық деңгейінде өзарабайланыстары тиімді болу мүмкін емес.

Практикалық сабақтар сұрақтары

1. Жоспар – деген не








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 1892;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.02 сек.