Карта: картаға арналған есептеуші құрал халықаралық ережелерге ISO 7816 сәйкес дайындалған.

16 тәуелсіз өлшеу ұяшықтары бар.

Принтер. Зерттелетін қан сынамаларын араластыруға арналған құрал.

Жұмыстың шарты:ауа температурасы – 15º С -тан 40º С дейін

қоректенуі – 12В тұрақты тоқ

адаптор – 220В, 50 Гц.

Жұмыстың шарты–бейне көру камерада қолданылуға ұқсас, сызбалы сенсор көмегімен эритроциттердің шөгу деңгейін үздіксіз өлшеуге негізделген жүйе. Сынамадағы шөгу жылдамдығын есептеуі жүйе әрбір 250 милли секунд сайын жүзеге асырады.

Талдау үшін қажет тұтас қан мөлшері - 0,8 мл. Талдауды жүргізу үшін натрий цитратмен өңделген, арнайы бір рет қана қолданылатын пробиркаға жиналған венадан алынған қан қолданылады. Қан сынамалары 16 өлшеуіне ұяшықтардың біріне салынады.

Араластырылған қан сынамасында ЭШЖ өлшеу уақыты 4 минуттан (егер ЭШЖ >120 мм/сағ болса) 14 минутқа дейін (СОЭ <2 мм /сағ).

ЭШЖ есептеу процедурасы толығымен статистикалық, яғни талдағыш бағдарламасымен қамтамасыз етілген. Құралдың жұмысында белгілі бір код нөмері бар микропроцессорларлық карточка қолданылады. Мұндай карточканы енгізу, құралдың өзін - өзі тексеруді, жүргізу үшін және орындауға мүмкін анализ санын анықтау үшін қажет. Әрбір карточкаға 100-5000 тестті орындау үшін бағдарлама еңгізілген.

Ves-Static ЭТЖ жылдам және нақты анықтауды қамтамасыз етеді. Нәтижелер қоршаған орта температурасы бойынша автоматты түрде түзетіледі (ауа температурасының әсері жоққа шығарылады). Құрал 1сағ.мм ЭШЖ талдау нәтижесін береді. Құрал сағатына 100 анализге дейін жасауға мүмкіндік береді. Микропроцессорлық карта көмегімен дербестік, құралды штрих-кодты есептеуге қосу үшін арналған интерфейс және аппараттың компьютерге қосылу мүмкіншілігі; құралды тәжірибе жүзінде жетілдіріп жасайды.

Жұмыс тәртібі:

1.Зерттелетін қан үлгісін алу және араластыру (6-8 рет).

2. "ЭШЖ" анализаторын қосу, өзін-өзі бақылауды ("Auto-test") жүргізу; зерттелетін қан үлгісін бос ұяшықтардың біріне салу және науқастың, кодын теру.

3. Талдауды жүргізу (8минут).

4. Талдауды соңғы нәтижелерін термопринтерде басып шығару.

 

 

 

Қанның клиникалық зерттеулерінің кейбір көрсеткіштері

WBC(white blood cells) - лейкоциттердің мөлшерлері.

Қалыпты жағдайдағы лейкоциттер - 4,0-8,0·109/ л.

Лейкоциттерге гранулоцитарлы, моноцитарлы және лимфоидты қатардағы жасушаларды жатқызады.

Қандағы лейкоциттердің кейбір түрлерінің мөлшері абсолютті немесе салыстырмалы болуы - ол жалпы лейкоциттердің қалыпты, жоғары немесе төмен болуына байланысты. Қазіргі уақыттағы гематологиялық анализаторлар: WBC - лейкоциттердің жалпы санын; MXD – орташа жасушалық құрамын (моноциттер, базофильдер, эозинофильдер); NEUT - нейтрофильдер мөлшерін; LYM –лимфоциттер мөлшерін анықтайды және гистограмманы тіркейді.

MCV (mean corpuscular volume) – орташа корпускулярлы көлемі – эритроциттердің орташа көлемі, фемтолитрмен (fl)немесе кубтық микрометр (мкм3) арқылы өлшенеді.

MCV-тің клиникалық маңызы түстік көрсеткішке және эритроциттегі гемоглобин мөлшері бір бағыттағы өзгерістеріне ұқсас, өйткені әдетте, макроцитарлы қан аздығында бір уақытта гиперхромды (немесе нормохромды), ал микроцитарлы – гипохромды болып келеді. MCV –ні, негізгі анемияның түрін сипаттау үшін қолданады.

MCV өзгерістері су-электролитті тепе-теңдігінің бұзылуы жайында жақсы мәлімет беруі мүмкін. MCV жоғары болуы, су–электролиттік тепе-теңдік гипотоникалық бұзылуын, ал төмен болуы - гипертоникалық бұзылуын көрсетеді.

MCV 80-110 fl шамада болуының маңызы: эритроцит, нормоцит; 80 fl –ден төмен болуы - микроцит; 110 fl жоғары болуы - макроцит екендігін көрсетеді.

MCH (mean corpuscular hemoglobin) - эритроциттердегі гемоглобиннің орташа мөлшері. MCH өзіндік маңызы жоқ. MCV, түсті көрсеткішке және MCHC сәйкес қаралады. Осы көрсеткіштердің негізінде қалыпты, гипо-және гиперхромды анемияларды ажыратады.

MCH төмендеуі (яғни, гипохромия) гипохромды және микроцитарлы, темір тапшылығы анемияларда және созылмалы ауруларда, талассемияда кездесетін анемияда, кейбір гемоглобинопатияларда, қорғасынмен уланғанда, порфирин жинағының бұзылуында байқалады.

MCH жоғарылауы (яғни гиперхромия) - мегалобластты, көптеген созылмалы гемолитикалық анемияларда, гипопластикалық анемияда, жедел қан жоғалтудан кейін, гипотиреоз, бауыр ауруларында, қатерлі ісіктердің метастаздарында, цитостатиктер, контрацептивті, тырыспаға қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдаған кезде байқалады.

RDW (red cell distribution width) – эритроциттердің аумақ бойынша таралу көрсеткіші, эритроциттердің көлемінің өзгергіштігін сипаттайды.

Қалыпты жағдайдағы RDW көлемі - 11,5 - 14,5%, гематологиялық анализаторлар көмегімен алынған гистограммада эритроциттердің көлемін көрсетеді.

RDW мөлшерінің жоғары болуы, эритроциттер популяциясының гетерогендігін немесе қанда бірнеше эритроциттер популяциясының болуын көрсетеді. Сондықтан RDW-ні эритроциттердің гистограммасымен бірге талдау қажет.

MCHC (mean corpuscular hemoglobin concentration ) – эритроциттердегі гемоглобиннің орташа концентрациясы, эритроциттердің гемоглобинмен қанығу көрсеткіші.

MPV (mean platelet volume) – тромбоциттердің орташа көлемі

Қалыпты жағдайда MPV - 3,6 - 9,4 мкм3 немесе fl. Қазіргі кездегі гематологиялық жіктегіштер тромбоциттердің көлемі бойынша таралу гистограммасын сызады (тромбоцитометрлік қисық).

Тромбоциттердің өлшемі және олардың функционалды белсенділігіне өзара байланысты. Тромбоциттердің ескіруі бойынша көлемі төмендейді, сондықтан тромбоциттердің функционалды белсенділігі де төмендейді.

Гистограммаларда ескі жасушалар сол жақта, ал жас жасушалар оң жаққа орналасады. Керісінше, қанда тромбоциттердің жас жасушалары көп болуы, гистограмманы оңға, ескі жасушаның көп болуы тромбоциттердің солға ығысуын көрсетеді.

ИС= М + ММ + П/С, мұндағы М - миелоциттер, ММ – метамиелоциттер, П- таяқша тәрізді-ядролы нейтрофильдер, С – сегмент тәрізді ядролы нейтрофильдер.

Қалыпты ЫИ (ығысу индексі) 0,06 тең – нейтрофильдер ядросының ығысуы (нейтрофильдердің жетілген және жетілмеген жасұнақтық ығысуарақатынасының) айқындылығымен сипатталады.

Эндогенді улану айқындылығын бағалау үшін уланудың лейкоцитарлы индексін (УЛИ) есептейді:

ЛИИ=

 

Қалыпты жағдайда ЛИИ шамамен 1,0 құрайды.

 

 

 

 








Дата добавления: 2016-03-15; просмотров: 1146;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.