Алалиясы бар баланы ПДТ, зияты бұзылған, сөйлеу тілі дамымаған, ерте балалық аутизмі бар баладан ажырату. 1 страница
Моторлы алалияны айқындау өте қиын, себебі, бұл ауытқудың өзі күрделі, кейбір сөйлеу тілінің бұзылыстарымен немесе сөзсіз бұзылыстармен ұқсас және күрделі болып келеді. Моторлы алалияны зият бұзылыстарынан, психикалық дамуының тежелуінен (ПДТ), ерте балалық аутизмі бар балалардан ажырата білу қажет.
Зиятының жеткіліксіздігі бар балаларға орталық жүйке жүйесінің диффузды түрде жетілмеуі тән болады, ал алалиясы бар балаларда екі жарты шардағы бас миының аса біліне қоймайтын билатеральды зақымданулары, бас ми қыбығындағы жүйке клеткаларының жетіліп дамуының кешеуілдеуі байқалады.
Зияттың жеткіліксіздігіндегі және алалиядағы сөйлеу тіл бұзылыстарының түрлі механизмдері осы екі категориядағы балалардың сөйлеу тілі дамуының динамикасының ерекшеліктерін белгілейді. Сондай-ақ, зиятының кемістіктері бар балалар 6-7 жасқа келгенде, олигофренияның күрделенбеген түрлерінде, ана тілінің қарапайым грамматикалық стереотиптерін өз бетінше меңгерсе, ал моторлы алалиясы бар балалар өз бетінше дұрыс сөйлеуді меңгере алмайды. Зиятының жеткіліксіздігі бар балалардың сөйлеу тілі дамуының кешеуілдеуі тотальды бірқалыпты сипатта болады және импрессивті және экспрессивті сөйлеу тілінде байқалады. Алалияда не импрессивті не экспрессивті (алалияның түріне байланысты: моторлы немесе сенсорлы) сөйлеу тілінің жетілмеуі байқалады.
Моторлы алалияда сөйлеу тілін түсінуде күрделі бұзылыстар байқалмайды. Моторлы алалиясы бар балаларда сөздің дыбыстық және буындық құрамы бірінші реттілік болып бұзылған болса, зиятының жеткіліксіздігі бар балаларда ол екінші реттілік болып бұзылады. Алалиясы бар балалар сөйлемнің құрылымын бұзып айтса, зиятының жеткіліксіздігі бар балаларда ол сақталады, алайда, семантикалық аграмматизм айқын көрінеді. Зиятының жеткіліксіздігі бар балалар ойды дұрыс іріктей алмайды, баяндаудың мәнін бұзып, ақпаратты айтуда уақытты дұрыс жеткізе алмайды.
Мектепке дейінгі кішкентайлар тобындағы зиятының бұзылысы бар балалардың психикалық дамуында, таным әрекеттерінің жетілмеуі, эмоциялық жағының кедейлігі анық көрінеді. Алалиясы бар балаларда дифференциалды түрде эмоциялық реакциялары, өзінің сөйлеу тілінің кемістігіне сынмен қарап бағалауы байқалады. Алалиясы бар балалардың психикалық дамуының қарқыны зияты төмен балалармен салыстырғанда аса жоғары, алайда, қалыпты сөйлейтіндерден төмен болады.
Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары, бас миының қабығындағы сөйлеу аяларының зақымдануымен емес, ең алдымен, анализатор арасындағы байланыстардың жеткіліксіздіктерімен байланысты. ПДТ-нде сөйлеу тілінің бұзылуы бірінішілік емес, психикалық дамудың баяу дамуының нәтижесі болып табылады. Алалияда сөйлеу тілінің тұрақты, терең бұзылыстары, аграмматизм белгілері болады, алпсихикалық дамуының тежелуімен күрделенген оқуда қиындықтарға тап болатын балаларда ондай байқалмайды. ПДТ балалардағыдай, бағытталған логопедиялық әсер ету нәтижесінде, сөйлеу тілінің бұзылысы негізгі болмай, балалар әдеттегідей, математикадан үлгермей жатады. Логопедияда бұзылыстың механизмі мен шоғырлануын белгілеудің қиындықтарымен мүмкін еместігі салдарынан алалия тобына сөйлеу тілінің тежелуі (СТТ) бар балаларды қосып жатады. Себебі, СТТ балалар моторлы алалиясы бар балалар сияқты сөз қорын молайтуда, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын өңдеуде, дыбыстарды айтуда қиналады. Алалиясы бар балалардың сөйлеу тілін тексергенде, оның даму жолдарының ерекшеліктерін және өзіне тән қиындықтары байқалады. СТТ-де сөйлеу тілінің дамуы қалыпты дамыған сөйлеу тілінен тек өзінің қарқыны бойынша және орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен нейродинамикалық сипатының түзетуге икемділігі бойынша айырмашылығы бар.
СТТ бала айтылған сөзді, сөздердің грамматикалық жағының өзгерулерін ұғады; ол дыбысталуы ұқсас сөздердің мағынасын алмастырмайды. Алалияда баланың ұзын түсініктемелерді түсінуі ауыр болады. СТТ-дағы сөйлеу тілінің дамуында сөздің құрылымы бұзылуы мен аграмматизмдер байқалмайды, ол ана тілінің грамматикалық нормаларын баланың меңгеруін диагностикалаудың маңызды көрсеткішінің бірі болып табылады. СТТ балалар өз бетінше тілдік жалпылауларды меңгере алады. Оларда сөйлеу тілінің жетілмеуі өз бетінше жойылуы да мүмкін. Түзету жеңіл түрде өтуі де мүмкін, негізінен сөйлеу тілінің дыбыстық жағына қатысты болады. СТТ балалармен логопедиялық сабақтарды ерте бастаған жағдайда мектепке барғанда баланың сөйлеу тілінің жеткіліксіздіктері толық түзелуі әбден мүмкін.
Ерте балалар аутизмі (ЕБА) дегеніміз - баланың қоршаған ортамен эмоциональді қарым-қатынасының қалыптасуы бұзылған, психикалық дамудың ерекше аномалиясы. Аутизмде, оның ерте кезеңдерінде, сөйлеу тілі қалыпты дамиды, бала сөйлеу тілінің даму қарқыны бойынша кейде өзінің сау құрдастарының алдында болуы да мүмкін. Кейіннен, 1,5-2 жас шамасында ол қасиетінен айырылып, қоршаған адамдармен сөйлеспей қойып, кейде түсінде өз-өзімен сөйлесіп жатуы мүмкін. Сөйлеу тілін жоғалтқанда бала ым-ишара және имитация жасау білігінен де айырылады. Аутизмі бар бала, айтылған сөзді ұққанымен, қарапайым нұсқауларды орындамайды. ЕБА бар балаға сөйлеу арқылы қатынас жасаудың шұғыл түрде шектеле қалуы, кейде мутизмге дейін күрделі болуы, сөйлеу тілінің лексика-грамматикалық жағының дамымауы, фонетикалық бұзылыстармен сөз, сөйлем соңындағы жоғары тональділіктегі дауыстың бұзылуы, өзін көп уақытқа дейін екінші, үшінші жақтан атауы, белсенді сөз қорында баланың туыс адамдарын білдіретін сөздердің жоқ болуы тән. Кейбір жағдайларда, аутизммен қатар ЖСТД немесе алалия болуы мүмкін. Бұл формалар әсіресе сөйлеу тілін дамытуда өте қолайсыз, себебі, олар бірін-бірі күрделендіреді. Жалған алалия синдромы церебральды сал ауруы (параличі) бар балаларға тән болып келеді. Алалия балалар церебральді сал ауруында (параличінде) кездеседі, әсіресе, жүре пайда болған оң жақ гемиплегияда. Жалған алалия синдромы церебральді сал ауруы (параличі) бар балаларда кездесіп, сөйлеу тілінің қалыптасу қарқынының тежелуі түріндегі белгісінде болуы мүмкін. Бұл жерде қимыл-қозғалыс жеткіліксіздігінің интеллект зақымдануымен бірге болуы, іс-әрекетінің бұзылуы, мотивацияның бұзылуы, соматикалық әлсіздігі сөйлеу тілінің дамуына кері әсер ететін факторлар болады. Жалған алалия синдромының құрылымында ең алдымен, сөйлеу тілінің экспрессивті жағының қалыптасуының бұзылуы - сөйлеу тілінің фонетикалық және лексикалық-грамматикалық жақтарының дамуы тежелуі, сөйлеуге деген негативизм, қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар, фонематикалық естудің бұзылыстары көрініс табады. Моторлы алалиямен салыстырғанда, жалған алалия синдромы полиморфты және тұрақты сипатқа ие, жалған алалия синдромдары түзетуге келеді. Жалған алалия синдромы, қабықшасөйлеу аяларының зақымдануымен байланысты емес, керісінше, олардың функциональды жағының жеткіліксіздігіне, әлсіздігіне қатысты.
Өзін -өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Алалияны ұқсас жағдайлардан ажырату.
2. Алалиямен сөйлеу тілінің басқа бұзылыстарына салыстырмалы талдау жүргізіңіз, диагностикалық жағынан маңызды көрсеткіштерді атап өтіңіз. Алалиясы бар баламен есту қабілеті нашар, зияты зақымдалған баланы салыстырыңыз.
3. Сенсорлы және моторлы алалиясы бар балаларға салыстармалы талдау жасаңыз.
4. Сенсорлы алалия мен есту қабілетінің бұзылуындағы дыбысты қабылдау ерекшеліктерін салыстырыңыз.
5. Сенсорлы алалиясы бар баламен нашар еститін баланың дифференциальды диагностикасы.
5. ПДТ бала мен алалиясы бар баланың салыстырмалы талдауы.
6. Алалиясы бар бала мен аутизмі бар баланың салыстырмалы талдауы.
7. Алалиясы бар бала мен олигофрениядағы сөйлеу тілінің дамымауына салыстырмалы талдау.
8. Алалия мен афазияның салыстырмалы талдауы.
9. Алалия мен дислалия, ринолалия, дизартрияның салыстырмалы талдауы.
10. Алалия мен функциональды сипаттағы сөйлеу тілі дамуының уақытша тежелуіне салыстырмалы талдау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Логопедия Под ред Л.С. Волковой.-М., Просвещение. 2007.
2. Логопедия. Методическое наследие под ред Волковой Л.С. книга ІІІ, М., 2003
3. Соботович Е.Ф. К вопросу о дифференцированной диагностике
моторной алалии и олигофрении // Нервно-психические и речевые
нарушения – Л., 1982.
4. Орфинская В. К. «Дифференциальные методы логопедической работы при разных формах алалии и афазии» М., 2000.
5. Горюнова Т. П. сб. «Нарушение речи у дошкольников». М., 1999.
6. Волковой Л. С., Селиверстова В.И. Хрестоматия по логопедии. /под ред.. –М.,1977.
4. Ковшиков В. А. Экспрессивная алалия. — Л., 1994.
5. Недоразвитие и утрата речи. / Под ред. Л. И. Белякова и др. — М., 1985.
6. Обучение и воспитание детей с нарушениями речи / Под ред.
Селиверстова B. И.и др. — М., 1982.
7. Орфинская В. К. Спорные вопросы обучения слышащих детей без речи. — Л., 1959.
8. Основы теории и практики логопедии / Под ред. Р. Е. Левиной. — М., 1968.
9. Соботович Е. Ф. К вопросу о дифференциальной диагностике моторной алалии и олигофрении // Нервно-психические и речевые нарушения. — Л., 1982.
10. Соботович Е. Ф. Формирование правильной речи у детей с моторной алалией. — Киев, 1981.
11. Хрестоматия по логопедии. / Л. С. Волкованың ред, В. И. Селиверстовтың ред. — М., 1977. — Ч. ІІ. — С. 3 — 139.
БӨЛІМ.
АФАЗИЯ
Афазия(грекше “а”-теріс мағыналы қосымша, “phasis”-айту) - сөздің бұзылуы, есту және артикуляциялық аппаратының қызметінің сақталуы кезіндегі тіл құралымының толық немесе жарым-жартылай қолдану мүмкіндігін жоғалтуы. Афазия кезіндегі толық немесе жарым-жартылай сөйлеуді жоғалту бас миының жергілікті зақымдануымен байланысты.
Афазия – психология, неврология, физиологияның көне мәселесі. Афазияның сипаттамасын толықтыруға, анықтауға жаңа зерттелердің деректері мүмкіндік берді.
Афазия дегеніміз бас мидың органикалық бұзылуының салдарынан сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Ол сөз байланысының әр деңгейін қамтиды, оның басқа психикалық процестерімен байланысына әсер етеді және адамның барлық психикалық ортасының дезинтеграциясына әкеліп соғады, әсіресе сөз қызметінің қатынасын бұзады.
Афазия кезінде фонологияның сөздік деңгейлерін қамтитын (фонетика, лексика, грамматика) сөйлеу қызметінің жүйелі бұзылуы байқалады. Афазия өзіне келесі құрамаларды қосады: ауызша қатынасуы және сөздің бұзылуы; басқа психикалық процестердің бұзылуы; даралық өзгеруі және ауруға деген жеке реакциясы.
Афазия жөнінде кейбір мәліметтерді XVII ғасырдың клиникалық әдебиеттерінде кездестіруге болады. Бұл бұзылысты қарқынды зерттеу XIX ғасырдың аяғында басталды. «Афазия» терминін француз ғалымы Труссо 1864 жылы енгізді. Афазия жөніндегі ілімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болады. XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын бірінші кезең деп білеміз. Осы уақытта неврология классиктері афазияның негізгі екі түрін (формасын) ажыратты: моторлы афазия (П. Брок (1861) афазиясы) және сенсорлы афазия (К. Вернике (1874) афазиясы). Кейінгі он жылдың ішінде афазияның басқа да түрлері сипатталып, ажыратылды. Олардың негізіне моторлы және сенсорлы бұзылыстардан басқа оданда күрделі процестердің бұзылыстары алынған. Осылай өткізгіш (проводниковая) афазия бөлінді. Оның жалғыз симптомы ретінде моторлы және сенсорлы орталықтардың арасындағы «жолдардың үзілісінің» салдарынан сөзді қайталауының бұзылуы есептелді. Кейіннен сенсорлы және моторлы транскортикальды афазия ажыратылды. Бұл жағдайда сөз қайталауы сақталғанымен спонтанды сөйлеуі бұзылған болып келеді. Кейіннен сенсорлы және моторлы субкортикальды афазия пайда болды. Онда ми қыртысының моторлы және сенсорлы орталықтарынан мидың төменгі бөліктеріне апаратын «жолдарының үзілісі» байқалады.
Афазияның келесі түрі - амнестикалық. Мұнда сөйлеу үрдісінің сенсорлы және моторлы компоненттері сақтаулы, бірақ «сөзді есте сақтау орталығы» зақымдалған болады. Осының салдарынан заттың атауы бұзылады.
Екінші кезең. ХХ ғасырдың 40-жылдары афазиологияның қарқынды дамыған кезі болатын. Физиология, психология, неврология, нейрохирургия және т.б. ғалымдардың қарқынды дамуы жаңа ғылымның, яғни нейропсихологияның ашылуына ықпал етті. Бұл ғылым афазия жөнінде ілімнің дамуының негізін қалады. Афазия туралы жаңа ілімнің негізін қалаған А. Р. Лурия еді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген осы бұзылыстың классификациясының авторы да А. Р. Лурия.
Үшінші кезең, А. Р. Лурияның ұйғарымы бойынша - болашақтың ісі. Афазия жөнінде зерттеулер жалғастырылды және қазіргі кезде жалғастырылуда (Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова, Т. Г. Визель, П. А. Овчарова, В. В. Оппель, Е. Н. Правдина-Винарская, В. М. Шкловский және т.б.). Соңғы жылдары ғалымдар жартышарлар ассиметриясы мәселесіне қызығушылық тантып отыр, нақты айтсақ, сөйлеу тілінің оң жартышармен өзара байланысы туралы және оның ырғақ-әуезділігін іске асыруда оң жартышардың рөлі көрсетілген.
Афазияның себептері
Сөйлеу тілі қалыптасып болған кезеңде бас мидың сөйлеу жүйелерінің әр түрлі органикалық зақымдалуға ұшырауы афазияның пайда болуына себеп болады: бас ми жарақаттары, мидың қабынуы, ісіктері, тамыр ауырулары және мидағы қан айналымының бұзылуы (инсульт). Афазияда ми қыртысының жартышарының маңдай, төбе, самай және желке бөліктерінде зақымдалу байқалады. Афазияның түрі, ауытқу күрделілігі және сипаты зақымдалған ошақтың көлемі мен оқшалануына; мидың қан айналымының бұзылуына; орын басу міндетін атқаратын мидың зақымдалмаған бөліктеріне тәуелді болады. Афазияның сипатына, пайда болуына және кері дамуына әр түрлі патологиялық процестер ықпал етеді. Мұны афазиялық зақымды талдау барысында ескерген жөн. Әр этиологиялық фактор дамуының өз ерекшеліктеріне ие. Сондықтан негізгі ауытқудың ағымының әр түрлі кезеңінде афазияның синдромы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ми ісігінің ұлғаюынан пайда болған афазияның симптомдары әртүрлі, жиі ми қыртысы симптомдары байқалады. Бұл мидың ошақтық зақымдалуының салдарынан афазияға тән емес интеллектуалды-мнестикалық процестерінің бұзылыстарына және психикасының басқа да өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Қан тамырының ауырулары кезінде инсульттің сипатына (ишемиялық немесе геморогиялық), атеросклеротикалық процесінің таралуына қарай афазия әр түрлі бол болады. Геморрагиялық инсульт деппатологиялық өзгерген бас ми тамырларының үзілуінің салдарынанбас сүйек ішіндегі қан құйылуын айтады. Көптеген жағдайда геморрагиялық инсульттің себебі жиі атересклерозбен үйлескенартериалық гипертензия болады. Инсульттің бұл түрі таза гипертония және аневризмнің үзілунің фонында пайда болуы мүмкін. Геморрагиялық инсульткенеттен пайда болады. Кейбір жағдайда алдын ала бас сақинасына ұқсас бастың ауыруы немесе эпилептикалық талмалар байқалады. Көптеген жағдайда қан құйылуы күндіз болады. Ауырудың пайда болуының алғышарты едәуір физикалық жүктемелер немесе күшті эмоциялық күйзелістер болуы ықтимал. Инсульт алдында адамның басының айналуы, ауыруы және басқа қанның құйылуы, аяқ-қолының ұйып қалуы, сөйлеу тілінің бұзылуы, содан кейін естен танып қалуы мүмкін. Науқастың беті қызарып, тамыр соғуы баяу және әлсіреген, тыныс алуы терең, жиі, қырылдаған, дене қызуы жоғары, көз қарашығы жарыққа әсер етпейді. Аяқ-қолдың салдануы, беттің ассиметриясы бірден анықталады. Сал жағы әрқашан мидың зақымдалған ошағына қарама-қарсы болады. Бас миының бір бөлігінің қан айналымы жеткіліксіз болғанынан ишемиялық инсульт пайда болады және ми тінінің (тканінің) аймағының жұмсаруымен (ми инфарктісімен) қатар жүреді.
Инсульт деген латын тілінен «соққы» деп аударылады. Инсульт – ми тамырларының зақымдалуының салдарынан пайда болған ауру. Миды қанмен қамтамасыз етуі бұзылған жағдайда мидың ашығуы (ишемия) пайда болады. Бірнеше минут ішінде ол ми жасушаларының өліміне (инфарктқа) соқтырады. Бас ми жасушаларының өлімі немесе ишемиялық инсульт тамыр қабырғалары зақымдалған кезде байқалады – атеросклероз, ревматизм және т.б. Өмір сүру салты дұрыс болмағанда (шамадан тыс эмоционалды жүктемелер, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау және т.б.) тамыр қабырғалары жұқарады, жасушааралық қуыстары кеңейеді. Олардың ішінде май тәрізді заттардың бөліктері пайда болады. Жүре келе олардың ішіне қан түйіндері енуі мүмкін, содан кейін олардың салдарынан склеротикалық түйіндер пайда болады. Алғашқыда түйін қан ағымымен шығарылуы мүмкін, кейін оның ішіне дәнекер тін өседі, тамыр эластикалық мүшеден нәзік, енжар түтікшеге айналады. Мұндай тамырдан қан тек қатты қысымның арқасында ғана өте алады. Сонымен, гипертония пайда болады. Сонымен қатар инсультке бас ішілік қысым да себеп болады. Қан қысымының жоғарлауы тамырдың жарылуына әкеп соқтырады. Кейбір жағдайда тамырда склеротикалық түйіннің бөліктері, ревматикалық түіндер, май түйіні тұрып қалуы мүмкін. Бұл эмболия деп аталады. Кейде тамыр қабырғасында тромб (қанның дұрыс айналуына кедергі болатын ұйып қалған қан) пайда болады. Көлемі үлкейген жағдайда немесе тамырдың спазмында тромб тамырды жауып тастауы мүмкін, нәтижесінде – тамырдың жарылуы орын алады.
Субарахноидальді қан құйылуы (жарақаттық емес) – аневризманың жарылуы. Ишемиялық инсульттер афазияға екі есе жиі әкеледі. Кейбір тамыр бұзылыстарында (тамыр спазмдары, гипертониялық криздер) сөйлеу тілінің өткінші бұзылыстары байқалады: амнестикалық көріністер, персеверациялар, эхолалиялар.
Тікелей бас ми инсультынан кейін сөйлеу тілінің бұзылыстары анық көрінеді, өйткені олар ошақтық зақыммен ғана емес, сонымен қатар тұтас мидың әрекетінің бұзылуымен тығыз байланысты. Мидың ортаншы артериясының алдыңғы жоғары әкелуші тармақтарының зақымдалуынан афазияның моторлы түрлері пайда болады, ал оның артқы тармақтарының зақымдалуынан – сенсорлы түрлері пайда болады. Афазияның басқа түрлері тамыр патологиясында сирек кездеседі.
Қан айналымының бұзылуынан болған афазияны талдау кезінде патологиялық ошақтың сипатын ескеру қажет (қан құйылуы, жұмсару).
Бас ми жарақаты (БМЖ) – мидың зақымдалуына әкеліп соқтыратын бас сүйекке механикалық әсердің нәтижесі.БМЖ ашық және жабық болып бөлінеді. Мидың зақымдалуының ашық түрінде травманың әсерінен ми тінінің және ликвордың орнынан кенеттен қозғалуы байқалады. Соның салдарынан рефлекторлы тамыр реакцияларының тіркесі мен ликвородинамикалық бұзылыстар пайда болады. Бас ми тамырларының спазмы және шала салдануы, оттектің жетіспеу және оның ісінуі орын алады. Мидың зақымдалуының жабық түрінде ми шайқалуы, мидың жаншылуы байқалады, бас сүйегінің терісінің тұтастығы бұзылады.
Ми шайқалуы - ми жұмысында орнықты бұзылыстар болмайтын жарақаттың түрі. Ми шайқалуының салдарынан пайда болған симптомдар жүре келе (бір неше күннен кейін) жойылады. Симптоматиканың орнықты сақталуы бас миының терең зақымдалуының белгісі.
А. Р. Лурия ойық және ойық емес жаралар деп бөледі. Жараның бірінші түрінде ми тінінің күйзелісі байқалса, екінші түрінде мидың қызметінің уақытша тежелуі орын алады. Сөйлеу функциялары ойық емес жараларда бірталай толық қалпына келеді. Ми шайқалуда афазиялық синдромның тереңдігі мен қайта дамуы зақымның ошақталуына тәуелді (негізгі немесе шекаралық сөйлеу аймақтарының күйзелуі). Егер ісік ми қыртысына жақын орналасса, онда афазия бас миы ісігінің алғашқы неврологиялық симптомының бірі болуы мүмкін. Ісіктің үдемелі өсуінің салдарынан, бір қатар басқа да симптомдар болған жағдайда, ауырудың дамуының белгілі бір мезгілінде афазия пайда болуы мүмкін. Ол қашықтағы симптомдардың бірі – басқа жарты шардағы ісік. Ісік кезінде сөйлеу синдромының әр түрлі нұсқада болуы гипертензиялық синдром және психикалық бұзылыстармен шиеленеседі. Ісік кезінде афазия клиникасында ең маңызды болып ісіктің оқшалануы, оның құрылысы, ауырудың кезеңі, гипертензиялық-гидроцефалды синдромның тереңдігі табылады. Сөйлеудің бұзылуының алғашқы белгілері: персеверациялар мен эхолалиялар, ал кейінірек парафазиялар мен амнестикалық белгілері пайда болады. Кейін афазия бір түрінің белгілеріне ие болады. Бірақ қатерлі ісік болғанда мөлшерден ауытқыған сенсорлы афазия байқалады. Мысалы, сенсорлы афазияға тән логорея орнына сөздің кедейлігі, сөйлеу бастамасының төмендеуі пайда болады. Ісікті сылап алып тастағаннан кейін афазияның ауыртпалығы арта түседі. Мұнан былай қалыпқа келу мезгілі ісіктің түріне байланысты болады. Ми ішкі ісіктер кезінде қалыпқа келуде толқын тәрізді динамикасы байқалады. Зарарсыз ісік кезінде афазия белгілері және динамикасы қатерлі ісік белгілерімен ұқсас болады, бірақ резедуальді кезеңіңде жағдайының жақсаруы тезірек болады.
Соңғы кездері бас ми тамырларының патологиясын анықтауға бағытталған көптеген зерттеулер жүргізілді. Мидың зақымын және қан айналымын магнитты-резонансты әдістемесі арқылы анықтау, сонымен қатар бастың магистральді артерияларын ультрадыбыс доплеграфия көмегімен зерттеу (УДДГ) кеңінен тарады. УДДГ әдісі тамырлардың бұралаңдығын, олардың ішіндегі склеротикалық түйіндердің, түйіндердің көлемі мен орналасу орнын анықтауға мүмкіндік береді. Бас миының компьютерлік томографиясы (КТ) ісіктерді алдын ала анықтауға көмектеседі. Ерте анықталған патология инсультті болдырмауға мүмкіндік береді.
Бас мидың жарақаттануының салдарынан пайда болған афазия мидың ошақтық зақымымен тығыз байланысты болады. Мұндай жағдайда афазияға жақсы қайта даму тән болады, өйткені әдетте бас ми жарақаттары мидың қан тамырлары сақталған және компенсаторлы мүмкіндіктері зор келетін жастарда кездеседі. Балалар афазиясы сирек кездеседі. Балалар афазиясы мен ересектер афазиясының ұқсастығы мынандай: екеуінде де қалыптасқан сөйлеу тілінің ыдырауы; бұзылыстың пайда болу себептерінің ұқсас болуы (жарақаттар, қабыну процестері, мидың ісіктері), балаларда өте сирек кездесетін тек мидың қан айналымының бұзылуынан (инсульт) басқа; екі жағдайдада ерте дамуы қалыпты өтеді; мектеп жасындағы балаларда афазияның клиникалық белгілері ересектермен бірдей болады. Балалар афазиясы мен ересектер афазиясының айырмашылығы келесіде: балаларда ең күрделі афатикалық синдромдар кері дамытуға тез беріледі; мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілі тиісті деңгейге жетпегінен ересектерде кездесетін афазияның алуан түрлерінің кездесуі мүмкін емес. Балалар афазиясының ересектер афазиясымен ұқсастығы келесі: сөйлеу тілінің барлық комтоненттерінің бұзылуы; сөйлеудің функцияналды жүйесінің және сонымен байланысты психикалық процестерінің жалпы жетілмеуі; логопедиялық жұмыс сипаты.
Дата добавления: 2016-02-13; просмотров: 6966;