Философия пәні: ұғымы мен мазмұны 6 страница
Платон объективті идеализмнің жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.
Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп аталады.
Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым — “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя — көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның материясын таны Платон білуге болмайды, ол — бейболмыстың бір түрі. Материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ. материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз — от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.
Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады. Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама — әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі — өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі — өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі — сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін — демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, таны Платон біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады. Платон таным процесі — жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім — ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім — шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.
Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.
Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін, таңдана білу керек, - дейді.
Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.
Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платонның философиясы ежелгі грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді. Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер көтерді. Оның философиясындағы үлкен бір жаңалық — адамды биол. табиғи, сезімдік заттар дүниесінің немесе атомдардың қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте отырып, тануға ұмтылды. Сондықтан Платонның ойынша, адам — әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.
Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс пәлсапасының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғыцлымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман пәлсапаларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің пәлсапасына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің пәлсапасының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін келіп жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.
Аристотель (б.з.б. 384-322 ж.ж.) философиясы, жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманының көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Аристотель - Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың», - деп айып таққанда, ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ» - деп жауап беріпті.
Аристотель логика және басқада көптеген ілімдердің негізін қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.
Аристотель табиғатты «материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.
Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ.
Аристотель философиясында болмыс туралы ілімге, табиғатқа, яғни барлық заттардың негізі болып табылатын алғашқы материяға көп көңіл бөлінген. “Метафизикада” Аристотель табиғатты жан-жақты зерттеумен шұғылданады. Табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізі және “әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі” болатын болса, екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, “табиғат дегеніміз – форма және мән. Аристотельдің “аспан әлемдерін еш уақытта көмесек те, дегенмен біз білетіндерден басқа да мәңгі субстанциялар өмір сүрген болар еді” деген пікірі сыртқы дүниенің реалдығына күмән тудырмайды. Бұл адам жалпы мен жекенің, ұғым мен түйсіктің, мән мен құбылыстың диалектикасында ұштасып отырады. Шынында да Аристотель Платонның идея жөніндегі идеялистік ілімін орынды сынап, заттардың реалдығын мойындыуына қарамастан, жалпы мен жекенің өзара қатынасы келгенде, жөн таба алмай шатасады.
Аристотельдің пікірінше, философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мәндері) – статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білуі керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. “Метафизикада” және басқа да еңбектерінде Аристотель заттарды табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсетеді; материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы: үй салудың бастамасы – құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Аристотельдің пікірінше, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстраты (материясы) алып қарастыру керек. Бірақ, тек жездің өзінен, мүсіннен, эстетикалық сезім қалай туатынын түсіну қиын. Сондықтан зерттеуді әрі қарай жалғастыра білуге тура келеді.
Осыдан келіп: - Мүсіннің мүсін болуы неліктен? – деген сұраққа Аристотель: - формадан, - деп жауап берді. Аристотель философиясында форма заттың мәні әрі іс-әрекеттің көзі болып табылады. Аристотель өзінің форма мен материя жөніндегі ілімінде олардың өзара байланысын ашып, бұл жөнінде маңызды диалект пікір ұсынды. Алайда Аристотельдің идеялистік көзқарасы мұнда да аңғарылады: ол – материя дәрменсіз, формаға тәуелді деп түсіндірді. Формасыз материя өмір сүріп, тұтастыққа ие бола алмайды. Сонымен Аристотель форманы алуан түрлі мазмұны бар (түр, себеп-мақсат, құдірет) белсенді және творчестволық бастама деп сипаттайды. Аристотельдің идеялистік қателері, әсіресе оның формасы бірден бір белсенді күш, алғашқы түрткі және материядан бұрынғы нәрсе, құдірет (форманың формасы) деп түсінуінен артық көрінеді.
Аристотель философиясының елеуліи бір саласы категорияларды зерттеу болып табылады. Категорияларды ол болмыстың негізі болады деп түсіндіреді және олардың мазмұнын, ақиқаттылығын болмыспен байланыстылығына қарап анықтауға тырысады. Жан-жақты маңызы бар ұғымдарға Аристотель 10 категорияны жатқызады. “Өзара байланыссыз айтыла салған сөздердің әрқайсысы – деп жазады ол, - бірде мән, бірде сапа, бірде сан, бірде қатынас, бірде орын, бірде жағдай, бірде әрекет, бірде қайғы-қасірет (азап шегу, жапа шегу) болып келеді”. Аристотельдің категориялар жөнінде ілімінде жүйенің жоқтығы, категориялардың эмпирикалық күйде бейнелегені философия тарихында әлденеше рет атап көрсетілді. Алайда, оның жалпы ұғымдарды тұңғыш рет терең зерттеп, мән категориясын басқа категориялардың негізі ретінде қарағанын ұмытпауымыз керек.
“Егер де бастапқы мәндер болмаса, деп көрсетеді Аристотель – онда басқа еш нәрсе де болмаған болар еді”. Аристотель қозғалыстың түрлері мен таным негізін зерттеу ісіне де көп мән береді. Аристотельдің пікірінше, мүмкіншіліктің шындыққа айналуын жете түсіну үшін осы айналудың формасыболып табылатын қозғалыстың жалпы белгілері мен оның нақты түрлеріне талдау жасау керек. Аристотель “Метафизикада”, “Аналитикада” т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындығана күмән келтірмейді. Аристотельде барлық жерде обьективтік логика субьективтік логикамен араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да обьективтік логика көрініп тұрады.
Танымның обьективтілігінде күмән жоқ. Ақыл ойдың күшіне, танымның күшіне, қуатына, обьективтік ақиқаттылығына аңғырт сену”.
Аристотель сезімдік танымның сатылары (түйсік, қабылдау, бақылау) мен ойлау, формаларына да (ұғым, пікір, ой тиянағы) терең талдау жасайды. Ол қарапайым эмпирик қана емес, терең ойшыл эмпирик деп бағалаймыз. Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Бұл арада ақымыстының “Политика”, “Никомаха этикасы” т.б. шығармаларын атап көрсеткен жөн. Көне дәуірдегі барлық философтар сияқты Аристотель де қоғамның дамуын негізінен идеялистік тұрғыдан түсінді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси көзқарасында құл иеленушілертабының өкілі болып, құл иеленушілікті табиғи деп таныды. Алайда оның қоғамдық-тарихи зерттеулерінің маңызы көзге дейін жайылған жоқ. өйткені Аристотель грек т.б. шығыс мемлекеттерінің өмірін суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді. Аристотель “Политикада” мемлекеттің, семьяның шығуын тереңірек зерттейді. Оның пікірінше, мемлекеттің пайда болуына,ең алдымен, адамдардың бірігіп жұмыс құрып, өзара қатынас жасауға ұмтылуы себеп болды. Яғни Аристотель мемлекеттің шығуын табиғи дамудың нәтижесі деп түсінеді. Ол адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы – ой еңбегімен шұғылдануында деп тұжырымдайда. Саяси іс-әрекетке ерекше мән беріп, саясаттан тысқары қалған адамдар адамшылығынан айырылып, тағы айуандарға ұқсап кетеді, - дейді.
Аристотель адамды саяси жануар деп қарауы оның адам мемлекет, қоғам жөніндегі мәселерді шешудегі ұстанымы болды. Бірақ Аристотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден, ондағы даму қайшылықтарынан іздемей, адамның өз табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл иеленушілермемлекетінің әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатын монархияны алдыңғы қатарға қояды. Мемлекет билігін қолына алған “кемеңгер адам” қоғамның материалдық және моральдық жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді деп ойлайды. Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің пікірінше, мемлекеттің азаматы реелды сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен “сыртқы игіліктерді” игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген анта жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.
“Политикада” ол былай деп жазады: “Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. семья мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді”. Философ адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше белсенделік пен жасампаздық деп дұрыс түсінеді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты.
Александр Македонский Аристотель шәкірті болғандықтан, оған патша тағына отырғаннан кейін Александр Аристотельге ескерткіш орнатып, былай деп жазыпты: “Бұл ескерткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристогтельге қойған Александр”. Кезінде ол Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ, Аристотель түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың Аристотель ашқан 1.Дәлме-дәлдік; 2. қайшылық; 3. жоққа шығару заңдары.
Дата добавления: 2016-03-04; просмотров: 2583;
