Философия пәні: ұғымы мен мазмұны 3 страница

Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Эпикуреизм - жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде. Гедонизмге қол жеткізу жолдарының рационализациялануы. Стоицизм жеке бас бақьггына қол жеткізудің философиясы ретінде. Киниктер немесе өмірдің табиғи салтын іздестіру философиясы. Римдік стоицизм аскеза мен саяси борыш аралығындағы қызу ізденістің рухани жолы ретінде. Табиғи құқық идеясы жалпы құқықтық тәртіп орнықтырудың негізі ретінде. Рим мемлекеттік және құқықтық өмірді ұйымдастыруға құқықтың стоицистік тұғырнамасының әсері.

Антикалық философияның адамның дүниеге рационалдық қатынасының, оның табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының қалыптасуына әсері. Антикалық философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени және саяси-әлеуметтік активнзмінің қалыптасуына әсері.

ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ ФИЛОСОФИЯ ФЕНОМЕНІ

Батысеуропалық ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені

Батысеуропалық ортағасырлық философия қалыптасуының мәдени-әлеуметтік контексті. Негізгі қайнар көздері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық дін феномені. Христиандық дүниетанымның көкжиегі. Христиандық діннің негізгі рухани құндылықтары. «Өмірлік философиядан» түңілу және антикалық рвдионалды бағдарланған философияның теоретикалық мәселдемелеріне деген құштарлығының ғайып болуы. Жер бетіндегі өмір тарихтың драмалылағы ретінде. Қайғы-қасірет және әділсіздік үшін әділ марапатталу туралы ілім. Екі мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен эллинистік философиялар.

Философия мен теология интеллектуалдық қызметтің негізгі түрлері ретінде. Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары. Философия мен ортағасырлық адамның мәдени өмірінің интеллектуалдық саласына христианшылдық енгізген жаңа қағидалар. Ортағасырлық адамның мәдени таңдауының басты стратегияларын қалыптастырудағы А.Августиннің ролі. Батысеуропалық ортағасырлық философиялық ойға арабтық-мұсылмандық философияның әсері. Христианшылдық пен аристотелизмнің синтезі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі философия. Схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Томизм римдік католикалық шіркеудің философиясы хақында. Томизмнің іргелі идеялары. Философия және теология. Сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі. Схоластика фнлософиясы. Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формасы хақында.

Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтық- мұсылмандық философия.

Арабтық-мұсылмандық философияның мәдени-әлеуметтік және рухани контексті. Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүрлі «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.

«Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім. Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі максималары.

Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы. Құттылықты білім. Этика, саясат мәселелері. А.Иүгінекидің философиялық ізденістері. Махмұт Қашғаридың философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидің суфийлік ілімінің түп-негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.

Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия

Ортағасырлық мәдениет пен ойдың мәдени-әлеуметтік трансформациялары. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Табиғат пен адамның жаңаша түсінігі. Антикалық және эзотерикалық ілімдердің (неоплатонизмнің, герметизмнің, каббаланың, мистицизмнің) қайта түрлеу және олардың Қайта Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері. Философиялық ой-желістердің негізгі тақырыптары мен мәселелері.

Реформация философиясы. Сенім феномені. Сенім адамдарды ақтау тәсілі ретінде. Зерде және сенім. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Лютердің пессимистік антропологиясы.

Н.Макиавеллидің саяси философиясы және оның «күшті мемлекет» моделінің қалыптасуындағы маңызы. Философия және әлеуметтік утопия. Идеалдық мемлекет моделінің қалыптасуындағы Зерденің рөлі.

Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы. Жаңа рационалдықтың қалыптасуы. Ғылым философиялық рефлексиялар «предметі» ретінде. Батыс адамының дүниені рационалдық игерудің перспективаларын айқындауы. Жаңа Уақыт философиясы дүниетанымдық ұстанымдарының батыс адамының мәдени іс-әрекеттегі субъективтілігін демонстрациялаудың принципті жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға әсері. 18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындагы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы «Коперникандық төңкеріс».

Канттық трансценденталдық философия таным теориясы ретінде. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі. Кант диалектика туралы. Моральдық еріктің Канттық этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау үшін идеалды стандарт және азаматтық қоғам негіздемесі ретінде. Канттың құқық философиясы жанжалдарды әділ реттеудің тұғырнамасы ретінде. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлексия.

Ағартушылық және Романтизм идеяларының Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуына әсері. Диалектикалық ойлау тұғырнамасы қалыптасуының қайнарында. Диалектикалық ойлаудың категориялық сипаты. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Диалектиканың негізгі категориялары. Диалектиканың принциптері. Даму ұғымы. Диалектикалық дамудың заңдары. Диалектика таным әдісі хақында. Құл мен әміршінің диалектикасы өзіндік даму тарихи процесін түсіну формасы ретінде. Гегельдің құқық философиясы. Гегельдің саясат философиясы.

Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Діни жатсыну феномені. Л.Фейербахтың христиан дінін сынауы. Л.Фейербахтың махаббат тұғырнамасы.

XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия XIX ғ. екінші жартысының мәденитіндегі дәуірлік оқиғалар. Рационализм және оптимизм, шексіз прогресске деген сенім. Индустриалдық коғам және оның негізгі доминанттары. Техникалық прогрессі иидустриалдық қоғамның басты құндылықтары ретінде. XIX ғ. - ғылымның «Алтын ғасыры».

Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. Саяси-әлеуметтік философияның қалыптасуы. К. Маркстың предметтік іс-әрекет туралы ілімі. Адамның әлеуметтік тұғырнамасы. Жатсыну және оны жеңу туралы ілім.

Қоғамдық ғылымдардың дамуы. Әлеуметтік-гуманитарлық білімге деген құштарлықтың артуы. Позитивизмнің туындауы. О.Кант позитивтікі социологияның әкесі ретінде. Философия және сциентизм. Эмпириоқритицизм мен махизм позитивизмнін жалғастырушылары ретінде. Ғылыми зерттеу әдіснамасына деген құштарлық. Неокантианство және оның ғылыми-зерттеу әдісі мәселесін жасақтауы. Адамның жаңа өлшемі: «адам рәміздік жануар ретінде».

А.Шопенгауэрдің жыныстық махаббат метафизикасы. «Өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы. Еуропалық нигилизмі Христианшылдық пен метафизиканы сынау. Батысеуропалық философияның Батыс адамының ғылыми-техникалық қызметте белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының белсенділенуіне кедергі келтіретін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді анықтау.

XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.

Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы-шарттары. «Мәскеу - үшінші әлем» идеологемасы және оның ресейлік қоғамдық санаға әсері. Славянофиндер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. Ерік, махаббат, сосорлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінін, ұлттық өзіндік санасының өзгешелігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. Орыс дін философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені

Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар.

Сопылық дәстүр, оның қазақ философиясы қалыптасуына әсері.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар. «Жеті Жарғының» философиялық контексті. Космолотиялық және антропософиялық ілімдер (Доспамбет, Дулати).

Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары. ІІІ.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманнзмі.

Абай Құнанбаев адам мен Құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.

Шәкәрім Құдайбердиевтің философиялық шығармашылығы. XIX ғ. аяғы мен XXғ. алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. XX ғ. Қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Марксизмге деген қарым-қатынас.

XX ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және поспкеңестік философия

Маркстік ілімнің эволюциясы. Идеология саласындағы большевиктік партия мен кеңестік мемлекеттің саясаты. Маркстік философияның дөрекіленуі және қасаң қағидаға айналуы. И.Сталин еңбектерінің канонизациялануы. Қасаң қағидаланған марксизмнің қалыптасуы.

Кеңестік маркстік философияның коммунистік идеология, кенестік патриотизм мен ұжымшылдықтың кқлыптасуына, кеңестік өмір салтының басымдылығы моделінің нығаюына, кеңес халқының бірлігінің артуына, патриотизміне, кеңестік қоғамның халықтары арасындағы интернационалдық байланыстардың нығаюына әсері.

ТМД елдеріндегі посткеңестік философияның жалпы сипаты. Кеңестік идеология «тиым салған» мұраға бет бұру. Ұлттық мемлекеттер ерекшелігі мен даму жолдарын философиялық ой елегінен өткізу. Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру.

XX ғ. - XXI ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия

XX ғ Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тағы модени трансформациялар және мәдени-әлеуметтік дағдарыс. Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыу. Батысеуропалық халықтардың мәдени және философиялық мұрасын, XX батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелер сыни қайта ойластыру. Батыс әлеміндегі өркениеттік даму мен мәдени трансформациялардың жолдарын философиялық іздестіру.

Э.Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениет дағдарысы туралы. М.Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың сыни тәжірибесі.

М.Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау. XX экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. А.Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүруі тақырыбы. Бүліктің сандырақтығы және батыстық адамның сандырақ героизмі. Ж.-П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейліктің философиялық ізденістері. Шекаралық ахуал жағдайларындағы адам өмір сүруінің трагизмін философиялық талдау (К.Ясперс ).

«Өзді-өзділікті жоғалту» және бұқаралық мәдениет пен мәдени идустрияның әсерінен бір өлшемділікке ие болу. Бұқаралық қоғам және мәдени индустрия жағдайларындағы «бір өлшемділік» күйін философиялық талдау (Г. Маркузе). Франкфурт мектебі философиясындағы жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғыльім мен техниканың мәселелері идеологиялық репрессияның құралдары ретінде. Идеологияның жаңа түсінігі.

Философия мен ғылым мәртебесінін сыни қайта ойланылуы. Философия және ғылым мәдениет феномені ретінде. Логикалық, лингвистикалық позитивистердің философиялық ізденістеріндегі ғылымның логикалық-ряодологиялық моселелері. Аналитикалық философия. Сыни рационализм философиясы. Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері.

Батысеуропалық мәдениеттегі «адамның өлуі» феномені және адамның Қайта оралуының себептері мен жолдарын философиялық қайта ойластыру. Структурализм философиясы. Постструктуралистердің философиялық ізденістері. Батыстық қоғамның генеалогиясы, социум мен адам өмірінің барлық салаларына биліктік қатынастардың еніп кетуінің матрицаларын екшеу. Билік пен білім контаминациясы мәселесі М. Фуко.

Постмодернизм рухани күй, өмір салты және философия ретінде. Постмодернизм философиясының қалыптасуы. Постмодернистік ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Постмодернизм философиясы және батыстық мәдениет негздемелерін сыии талдау. Постмодернистік философияның позитивтік бағдарламасы.

Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.

Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.

Ежелгі Үнді философиясы

Негізгі түсініктер: брахманизм, джайнизм, буддизм, конфуции, даосизм.

Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.

1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.

2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым – қатынас.

Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.

Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.

Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:

Варналар - топтар Варналардың өкілдері

Брахмандар Абыздық варна

Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары

Вайшьялар Егінші-варналар

Шудралар Төменгі варна

Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді.

Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.

«Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бір-ақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.

Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:

Ригведа - діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.

Брахмандар Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.

Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.

Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.

Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді.

Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер.

Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.

Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.

Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.

Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету.

Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.

Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған.

«Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.








Дата добавления: 2016-03-04; просмотров: 2545;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2026 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.031 сек.