Тактикалық деңгейдегі (орта буын) ақпараттық жүйелер.
Бұл ақпараттық жүйелердiң негiзгi функциялары төмендегідей :
- өткен көрсеткiштерді ағымдағы көрсеткiштермен салыстыру;
- мөлшерлі уақытта мезгілдік есептемелер құрастыру (оперативтік деңгейдегідей ағымдағы оқиғалар бойынша есеп беру емес);
- архив ақпараттарына рұқсат беру және т.б.
Шешiм қабылдауды қолдау жүйесінәтижелерiн алдын ала болжамдауға қиын (бiрнеше үлгiлермен қуаттандырылған аналитикалық аппараттары бар) iшiнара жiктелген есептерге қызмет көрсетедi.Ақпаратты басқару және операциялық ақпараттық жүйелерден алады. Бұл жүйелерді шешiм қабылдауды керек ететіндердің барлығы қолданады: менеджерлер, мамандар, аналитиктер. Мысалы, оның кепiлдемесiжабдықты сатып алу немесе жалға алу жайлы шешім қабылдауда iске жарай алады.
Шешiм қабылдауды қолдау жүйесінің сипаттамасы:
- дамуы болжау қиын мәселенiң шешiмiн қамтамасыз етедi;
- пiшiндеу және талдаудың күрделi аспапты құралдарымен жабдықталған;
- есептердiң қойылуын оңай ауыстыруға және кiретiн мәлiметтердіоңай айырбастауға мүмкiндiк бередi;
- иiлгiштiкгіменжәне күнделіктішарттардың өзгерулерiне оңай бейiмделгiштiгімен ерекшеленедi;
- қолданушыға барынша бағытталған технологияға ие болады.
Стратегиялық ақпараттық жүйелер.
Кезкелген ұйымының (фирма ) дамуы мен жетiстiгі қабылданған стратегия бойынша анықталады.Стратегияның астарында әдiстер және перспективтік ұзақ мерзiмдi есептердiң шешiмiнiң құрал-жабдықтары түсіндіріледі.Бұл мәнмәтiнде стратегиялық әдiс, стратегиялық құрал-жабдық, стратегиялық жүйе ұғымдарын қолдануға болады.
Қазіргі кезденарықтық қатынастарға ауысумен байланысты стратегияның басты назары ақпараттық жүйелерге көзқарастардағы өзгерiске мүмкiндiк туғызатын фирманың дамуы мен жүргізілуінде бола бастады. Олар фирманың мақсаттарының, есептерінің, әдістерінің,өнімдерінің, қызметтерінің таңдауының өзгерiстеріне бәсекелестерді озып, тұтынушыларды жеткізушілермен өзара тығыз байланыс құруға әсер ететін стратегиялық маңызды жүйелер ретінде бағалана бастады. Ақпараттық жүйелердiң жаңа түрi пайда болды - стратегиялық.
Стратегиялық ақпараттық жүйе - ұйымның перспективті - стратегиялықмақсаттарының дамуы туралы шешiм қабылдауды қамтамасыз ететiн компьютерлік ақпараттық жүйе.Ақпараттық жүйелердiң жаңа сапасының құрылымды ғана емес, сонымен қатар өркендеуіне бірлесе отырып фирмалардың профилін өзгерткені анық ахуал.Дегенмен, кейбiр функциялар мен жұмыстардың түрлерін автоматтандырумен байланысты жұмыскерлерді кейбір бөлігін қиын жағдайға әкеп соғатын жағымсыз психологиялық жағдайлардың пайда болу мүмкiн.
Ақпараттық жүйелердiң басқа классификациялары.
Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 1578;