Көліктік логистикадағы логистикалық ақпараттық жүйелерді негізгі функциялармен басқару

Логистикалық ақпараттық жүйелердің функцияларын басқару транспортты логистиканың ақпараттық ресурстарының маңызды бөліктерін құрайды. Бұл сұрақтарды жиі транспортты логистикалық тіркестің жедел қызметіне жатқызады.

 

 

5-сурет. Тапсырыстарды құрайтын ортақ логистикалық циклдар

 

Логистиканың функциональдық циклы арқылы жедел қызмет тапсырыстарды қабылдау және әзірлеу, жүкті жөнелту, тұтынушыға жүкті жеткізіп беру, сатып алуға тапсырыстардың үйлестірілуі сияқты үрдістердің ақпараттық қолдауына ие болады. ЛАЖ негізгі функциялары:

- тапсырыстарды басқару;

- тапсырыстарды өңдеу;

- бөлу;

- тасымалдау және өңдеу;

- жабдықтау.

Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша тапсырыстардың логистикалық циклы 5 суретте бейнеленген сызба түрінде қарастырылады.

Тапсырыс менеджментінің интеграцияланған әрекеті тапсырыс циклын құрайтын келесі талаптарды қояды:

- тапсырыстарды қабылдау және алдын ала өңдеу;

- кескiндеу;

ТЛАҚ (ИОТЛ) өндірушілердің (эспорттаушы/ импорттаушы) тасымалдаушылар мен транспорттық-экспедиторлық кәсіпорындар арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз етеді. Жеткізушілер мен тасымалдаушыларда, бәсекелестік күресінің артуы, тасымалдау барысында есепке алынуымен қатар, олар тек бағалармен тарифтердің төмендеуімен ғана айналыспай және де олардың тұтынушыларға қол жетімділігін де қамтуы керек. Тауарлардың тұтыну орнына уақытылы және сақталған күйде, төменгі транспорттық шығын көлемінде жеткізілуі ЛАЖ негізгі функцияларының есебімен жүзеге асады.Тасымалдау мен шешім қабылдауды басқарқарудың бұл байланысы көпжағдайда КТЛ (ТЛП) сапалы ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Логистикалық циклдардың функцияларымен басқару.

 

 

6-сурет. Кәсіпорындардың техникалық логистикасының (КТЛ) электрондық басқарылуы

ТЛАҚ (ИОТЛ) интеграцияланған жүрісі жабдықтау үрдісін (жабдықтау мен өткізуді басқару) тасымалдау үрдісімен өзара әрекеттесетін үрдіс ретінде қарауға мүмкіндік береді (6-сурет).

ЛАЖ-де қолданылатын функциональдық логистикалық цикл, келесі негізгі функцияларды қосады:

- логистикалық циклдардың инициализациясы;

- тасымалданатын жүктiң бiрлiктерiмен басқару (ТЖБ);

- тасымалдау сұлбаларын таңдау;

- жүктiң сапар бағыты бойымен (консолидация ) бiрiктiрілуі;

- сыртқы орындаушылардан алынған шот-фактураларды есептеу;

- орындаушылар үшін нұсқаулық құжаттамалар құрастыру;

- жеткiзудiң процессiн бақылау үшiн оқиғалардың профильдарының анықталуы.

Жүйенiң негiзгi функциялары интегралданып өзара үйлестiрілген. Транспорттық логистиканың басқару функциясы, ақпаратпен қамтамасыз етуді аса тиімді ететін жүкті біріктірудің екі деңгейін қосады (консолидация).

Жүйенiң тетiгi үлкен халықаралық және қазақстандық кәсіпорындардың интеграцияланған ЛАЖ өнеркәсіптік эксплуатациясы мен әзірлеу кезіндегі жинақталған тәжiрибенiң негiзiнде жасалған (DDS Франция компаниясы, «ИнтегПрог-Сервис» компаниясы және бірнеше басқа да компаниялар). Функционалдық логистикалық циклды тиімді басқарудың көмегімен транспорттық логистиканың негiзгi функцияларының орындалуын зерттеп отырады. Жүйенiң архитектурасының модулдiк тұжырымдамасы нақты кәсiпорын немесе кәсiпорындар тобының ақпараттық жүйесін тұрақты жаттығу есептерiне сүйене отырып бiртiндеп енгiзуге мүмкiндiк бередi.

Жүйелерде жіберілгендерді бақылауды қолдану және мәліметтерді электрондық алмасуға енгізу маңызды болып табылады, бірақ ол ағымдық нәтижесімен ғана енгізіледі.Экспедиторлардың барлық кооперативтік бірігуі бәсеге қабілеттің артуы үшін стратегиялық шешім болып табылады, біртұтас логистикалық шешімнің әзірленуі әрбір жекелеген серіктестің, әрі толық бір ұйымға үлкен табыс әкеледі. Ол үшін ортақ табыстың стратегиялық факторы болып табылатын ақпараттық ресурстардың барлығын қолдану қажет.

Бұл туралы келесі мысалдарды куәландырады.

Жүріс бағытымен бақылау жүйесі қате тиелетін жүк санын азайтады және қателіктің пайда болатын жерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жүріс бағытымен бақылау жүйесі тұтынушыға қосымша пайда әкеледі, ол кез келген уақыт мезетінде жүктің қайда екенін анықтауға мүмкіндік береді. Клиентпен байланыс және мәліметтердің электрондық жолмен берілуі шығындардың төмендеуі үшін келесі әрекеттерді көрсетеді:

- ақпараттардың тез алынуы есебімен тапсырыстардың орналасуының сапасы да артады;

- мәліметтерді жинақтау мен өңдеу кезінде қателіктер азаяды;

- мәліметтерді электрондық алмасу клиеттердің пайдасын арттырады.

Бәрінен бұрын ғаламторда ақпарат алмасудың стандартының ашылуы жоғарғы мазмұнды ақпараттармен тиімді коммуникациялардың жүзеге асуына мүмкіндік береді. Тап осы интеграцияланған ЛАЖ-нің болуы, жеткізшілер мен сауда арналары арасындағы өзара әрекеттен транспорттық логистика үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады.

ЛАЖ негізгі функияларының үйлестірілуі мен кірігуі тапсырыстың жеткізілуі туралы ақпараттың жылдам әрі үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді, жүктің тасымалдануы туралы тиімді бақылау жасауға мүмкіндік береді. Үздік кәсіпорындар өздерінің жеткізушілілері мен тұтынушыларының ұқсас жүйелерімен, ЛАЖ-нің кірігуімен, тиімділіктің артуы арқылы өз дегендеріне жетеді.

Осылайша, бәсекелестер алдында жалпы шығындарды төмендету жолыменде басымдыққа жету мүмкіндігі, нақтылы нарық бөлшектерінің дифференциясымен, қызметтердің сапасының артуы қарастырылады. Егерде клиент жоғары сапалы кәсіпорынның логистикалық операторына тәуелді болған жағдайда, онда дифференциация болуы мүмкін және тарифтің «төмендетілген» деңгейіне қабылдауы керек, пайданың айырмашылығын арттырып, артық шығынды азайтады.

Коммуникациялық жүйелер мен ақпараттардың дамуы транспортты –логистикалық үрдістердің өнімділігінің артуына әсер ететін негізгі фактор. Заманауи емес ЛАЖ-де транспортты логистика оларға тұтынушылардың көрсететін талаптарының жоғарылауын орындай алмауы мүмкін еді.

 








Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 3642;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.