Стратегиялық логистикалық ақпараттық жүйе және логистикалық стратегия.
Фирманың логистикалық негізгі және ілеспе ағымдарды басқару кезіндегі компанияның ресурстарын ортайландыруға бағытталған. Стратегиялық мақсаттар логистикалық бір немесе бірнеше маңызды көрсеткіштерінің көмегімен қойылады. Логистикалық стратегия бір немесе бірнеше маңызды көрсеткіштерді барынша жоғары етудің (барынша төмен етудің) негізінде құрылуы мүмкін.
Логистикалық стратегияға мына келесі анықтаманы беруге болады: логистикалық стратегия – бұл логистиканың, оны фирмада жүзеге асырудың формалары мен құралдарына, функционалдық аралық және ұйымдық аралық үйлестіру мен бірігуге қатысты нормативтік мақсаттарға сәйкес компанияның жоғарғы менеджменті тарапынан тұжырымдалған ұзақ мерзімді, сапалық тұрғыдан айқындалған даму бағыты.
Компаниялардың қолданатын көптеген логистикалық стратегияларының арасында логикалық жүйені құру кезінде бизнесте кеңінен қолданылатын бірнеше базалық стратегияларды бөліп көрсетуге болады. Бұл стратегиялар, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың негізгі стратегиялары кесте түрінде берілген.
Кесте. Негізгі логистикалық стратегиялар.
Стратегиялар | Жүзеге асыру жолдары |
Жалпылама логистикалық шығындарды барынша азайту | Жекелеген логистикалық функцияларды логистикалық шығындарды қысқарту; Логистикалық жүйеде қорлар деңгейін оңтайландыру; Қоймаға «сақтау – тасымалдау» қолайлы нұсқаларын таңдау (бір логистикалық функциядан екіншісіне ауысу); Шешімдерді жекелеген функциялардың салаларда немесе логистикалық функцияларда логистикалық шығындардың ең төмен шығындарының критерийі бойынша оңтайландыру; 3РL амал және т.с.с. |
Логистикалық қызмет көрсету сапасының жақсаруы | Логистикалық операциялар мен функцияларды орындау сапасын жақсарту(тасымалдау, қоймаға сақтау, жүкті қайта өңдеулер, орап – буу және т.с.с.); Сату алдындағы және сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қолдау көрсету; Қосымша құны бар қызмет көрсету; Өнімнің өмірлік циклын қолдаудың логистикалық технологияларын пайдалану; Логистикалық сервистің сапалық басқарудың жүйесін құру; Сапаны басқарудың фирмалық жүйесін ұлттық және халықаралық стандарттарға және тәртіптерге сәйкес (әсіресе ISO9000) сертификаттау; Бенчмаркинг және т.б. |
Аз мөлшерде логистикалық инфрақұрылымға инвестиция құю | Логистикалық тораптың конфигурациясын оңтайландыру: қоймаға сақтауды айналып өте отырып, тауарларды тұтынушыларға тікелей жеткізу; жалпылама пайдаланылатын қоймаларды пайдалану; тасымалдауда, қоймаға сақтауда, жүкті қайта өңдеуде логистикалық делдалдарды пайдалану; логистикалық технологияны «дәл мерзімінде» пайдалану; логистикалық инфроқұрылым объектілерінің орналасуын жеңілдету; |
Логистикалық аутсоринг | «Жасау немесе сатып алу» шешімі; Компаниялардың өздерінің құзіреттіерінің маңызды салаларында шоғырлануы, маңызды емес функцияларды орындау үшін логистикалық делдалдарды іздестіру; Сыртқы ресурс көздерін таңдауды оңтайландыру; Өндірістік қуаттар мен логистикалық инфроқұрылым объектілерін оңтайлы орналасуы; Жеткізіп берушілердің инновацияларын қолдану; Логистикалық делдалдар мен оларға бекітілген функциялар санын оңтайландыру. |
Логистикалық стратегиялар бір маңызды көрсеткішті, мәселен жалпы логистикалық шығындарды барынша азайтуға немесе барынша көбейтуге құрылған. Алайда бұл жерде фирманың стратегиясы көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда өзге, елеулі көрсеткіштерге шектеу енгізу қажет. Жалпы логистикалық шығындарды барынша азайтудың стратегиясы үшін мұндай көрсеткіш ретінде логистикалық қызмет көрсетудің сапасы болады. Жалпы жағдайда – тұтынушылардың логистикалық қызмет көрсетудің сапасына қояр талабы қаншалықты жоғары болған сайын осы деңгейді қамтамасыз ететін логистикалық шығындарда соншама жоғары болуы тиіс. Сондықтан табиғи шектеу ретінде тұтынушылық қызмет көрсетудің сапасын базалық деңгейге шектеу болып табылады. Бірқатар жағдайларда жалпылама логистік шығындарды барынша төмендетудің стратегиясы қатынастарды барынша молайту стратегиясына қарай өзгеруі мүмкін: қызмет көрсету сапасының деңгейі/жалпылама логистік шығындар. Жалпылама логистикалық шығындарды барынша азайту стратегиясын жүзеге асыру логистикалық қызмет көрсету сапалары параметрлерінің нашар формалануымен және тұтынушылар тарапынан қызмет көрсету сапасын субъективті бағалаумен күрделене түседі.
Компания логистиканы басқару үшін дивизионалдық сызықтың – функционалдық құрылымды пайдаланады. Мұндай құрылым Компанияның логистикалық қызметін тиімді басқаруға мүмкіндік береді және басқару еңбегін құрылымдық бөлімшелерде функционалдық тұрғыдан бөлуді және бүкіл Компанияның шеңберіндегі логистикалық үдерістің бірігуін қарастырады.
Компанияның корпоративтік стратегиясы өндіріс пен логистикаға ұзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асырудан тұрады. Осы стратегияның шеңберінде Компания қаражаттарды жергілікті өндіріске Қазақстандық талғамдар мен дәстүрлерге жауап беретін өнімдерді жасап шығаруға салады, сондай-ақ жергілікті шикізат пен компоненттерді пайдаланады.
Компаниядағы өндірістік және маркетингтік стратегияның негізгі компоненттері мыналар болып табылады:
· өндірістік шығындары төмен және өнімдерінің сапасы әлемдік деңгейдегі тиімділігі жоғары өндіруші болуға ұмтылу;
· жаңа өнімді өндірудің жобасын дамыту;
· қазіргі заманғы өндірістік және ақпараттық технологияларды қолдану;
· жоспарлау мен басқарудың заманауи әдістерін қолдану.
Компанияның бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторлар нарықты мұқият зерттеу, талдау, оның серпіні, компания мен тұтынушылар арасында қалыптасатын қатынастарды зерттеу, бәсекелестердің іс-әрекетін талдау, коньюнктурасын болжау, жаңа тауарларды өндіру бойынша ұсыныстарды жасау, өндірілетін өнімнің ассортиментін басқару, маркалық саясатты қалыптастыру, тауарлардың бәсекелестікке төзімділігін арттыру, бағамдардың өзгеру стратегиясы мен тактикасын қалыптастыру, бағаларға жеңілдіктер мен үстемелер қою, маркетингке жұмсалған шығындарды есепке алу, жарнама, жекелеген сатылымдар, сатылымдарды ынталандыру. Корпоративтік және маркетингтік стратегиялардағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады: сапаның, шығындардың, дифференция мен фокустың стратегиялық бағыттарында жаңа көзқарастар мен инновациялық идеяларды енгізу, сондай-ақ тұтынушылық сұранысты болжау және оны қанағаттандыру.
Өндірісті қолдау үшін Компания логистикалық тұжырымдаманы / ЕRP жүйесін қолданады, ол компанияның логистикадағы, маркетингтегі, өндірістегі, қаржылардағы стратегиялық мақсаттарын жоспарлау мен жүзеге асырудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.
Компанияның қойма шаруашылығының тарамдалған жүйесі бар, ол өнім өндірушіге жақын тұрған ірі аймақтың немесе ұлттық қоймаларды ғана пайдаланады. Қойманың басты міндеті – тұтынушылық сұранысты қанағаттандыру үшін өнімнің теңдестірілген ассортиментін жинақтау.
Компания қызметтерін пайдаланатын жеткізушілер өндірістік бөлімшелерді өндірісті ұйымдастыруға және өнімді дистрибьюциялауға қажетті жабдықтаушы бұйымдармен, жартылай фабрикаттармен, қосалқы бөлшектермен, шикізатпен, материалдармен, жұмысшы күшімен, отынмен және энергиямен, әртүрлі қызметтермен қамтамасыз етеді.
Компанияның негізгі логистикалық стратегиясы – ЕСR стратегиясы (нарықтың қажеттіліктеріне лезде жауап беру)
Логистиканың корпоративтік деңгейдегі жұмысының нәтижелілігін бағалау үшін Компанияда логистикалық операциялардың бүкіл аспектілерін таңдап алынған логистикалық стратегияға сәйкес бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе пайдаланылады. Бұл логистиканы қолданудан келетін жоғары табыстарға қол жеткізудің алғашқы әрі ең басты шарты.
ERP тобындағы заманауи корпаративтік ақпараттық жүйе сатып алулармен, тасымалдаулармен, қоймада сақтаумен, қорларды сақтаумен және дистрибьюциямен байланысты материялдық ағымдардың қозғалысын басқаруды біріктіруге мүмкіндік берді. Компанияның қолданып жүрген қазіргі заманғы логистикалық технологиялары қажетті ақпараттың шынайы уақыт көлемінде дер кезінде түсуі мен өңделуін қамтамасыз етеді. Компания барлық функционалдық логистикалық бөлімшелердің компьютерленуін табыстың ұлғаюының маңызды көзі ретінде қарастырады. Компанияның логистикасы шаруашылық байланыстар бойынша әріптестермен жеткізушілермен, көтерме саудамен шұғылданушы фирмалармен және т.б. өзара тығыз байланысты орнату арқылы да жетілдіріледі. Бұ үшін Компанияда логистикалық технологиямен SCM – «Жеткізу тізбектерін басқару» деп аталатын бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады. Логистикалық операцияларды тыңғылықты етіп жасап шығу, білікті кадрларды тарту және оларды одан әрі қарай оқыту Компанияның табысының өсуі мен бәсекеге қабілеттілігінің артуына септігін тигізе отырып барлық логистикалық операциялардың жоғары санада жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Компания бірнеше ақпараттық жүйені пайдаланады: EME және Opal (өнімді қоймалық және өндірістік есепке алудың жүйесі), олар әрбір қойма мен өндірісте пайдаланылады. Бұл программаларды есепке алудың операциялық жүйесі NEZUM(Нестленің жаңалығы) біріктіреді, ол жеткізілімдерді, өндіріс пен бөлуді үйлестіру үшін қызмет етеді. Мәселен, жеткізілімдердің тізбегін үйлестіру жүйесі табиғи ағымдарды тасымалдау мен қоймаға сақтаудың тәуелсіз кезеңдеріне бөлуден, шынайы уақыт көлеміндегі ағымның фазасы мен жағдайы туралы ақпаратты дайындаудан тұрады. Компанияның осынау жүйелерін кезең-кезеңімен жаңартудың арқасында үнемі күрделеніп отыратын логистикалық үдерістерді басқаруды үнемі жақсартып отырудың және бизнестің тиімділігін арттырып отырудың сәті түседі.
Компания стратегиясының негізгі элементтері мыналардан тұрады:
Сапа. Мақсаты - өнімнің сапасының үнемі жақсарып отыруын қамтамасыз ету, шикізатпен анағұрлым жоғары сападағы жабдықтаушыларды сатып алу, бұл өндірістік шығындар мен сапаны ішкі бақылаумен байланысты шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді (ақаулардың нөлдік деңгейінің жоспары, үдеріс сапасын бақылау, сапаның сертификациясы). Компанияның техникалық бөлімі сапаның сертификациясын жүргізеді, оның шеңберінде тауар партиясының сапасын келісе отырып сынақтан өткізу жүргізіледі де сатып алушыға сынақтың нәтижелері туралы ақпарат беріледі. Ғылыми-зерттеу жобаларына, мемлекеттік мемлекеттік жобаларға инвестиция салу.
Қорларды басқару. Қорлар туралы жедел ақпаратты шикізаттық, материалдардың, дайын өнімнің барлық маңызды позициялары бойынша, маңызды жеткізушілермен әріптестік туралы келісімдерді ескере отырып талдау. Тауарларды дер кезінде жеткізу мен сатып алу мониторингінің ақпараттық жүйесін қолдану.
Жабдықтаудың логистикалық технологиясы. Келісім-шарттарды оңтайландыру мен өзара әрекеттесуді жеңілдету үшін негізгі жеткізушілермен мәліметтерді электрондық жолмен алмасу. Жабдықтау тізбегін басқарудың тұжырымдамасы ақпараттық ағымдарды жеткізушіден соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді және Компанияның қоймаларындағы өнім қорларын бірлесе басқаруды қарастырады.
Инновациялар. Сатып алушыға инновациялық техникалық шешімдер мен ауыл шаруашылығы жануарлары үшін Компания жеткізіп тұратын витаминдерден алғы қоспаларды өндіру үшін сапалы жабдықты ұсыну.
Материалдық ресурстарды сатып алу. Шикізатты өзіндік жеке маркамен сатып алу. Компания өзге компаниялармен шикізатты сатып алу және жеке өзіндік брендпен өнімді өткізу туралы келісімі бола отырып, олардан жекелеген витаминдерді өндіру үшін шикізат сатып алады.
Дайын өнімді сатып алу. Дайын өнімді отандық өндірушілерден сатып алу. Бұл негізгі алушының қажеттіліктерін өндіру үшін толық ассортиментке ие болуға және табыс табуға мүмкіндік береді.
Компанияның логистикалық стратегиясы нарықтық конъюнктураның ықпалымен сатып алынатын материалдық ресурстар мен дайын өнімге бағаларды оңтайландыру негізінде жабдықтаудағы логистикалық сервистің жоғары сапасын қамтамасыз етуден тұрады.
Осы аталмыш стратегияны жүзеге асыру үшін Компания мына келесі міндеттерді шешуді қарастырады:
1. Жеткізушілермен қатынастардың дамуы: Жеткізіп берушілер мен Компания арасындағы өзара нормативтік мүдделерді қисынды түрде есепке алу.
Жеткізіп берушілермен әріптестік қатынастарды орнату, толықтай жеткізіп бермеудің тәуелділігін барынша азайту мақсатымен бірқатар өнімдер бойынша резервтік жеткізілімдер.
Жеткізіп берушілермен жақсы жолға қойылған ақпараттық байланыс каналдарын қамтамасыз ету.
Талап етілетін жеткізілімдер туралы дәл ақпараттық тұрақты ағымы.
Логистикалық VMI және JIT технологияларын пайдалану.
2. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің талап етілген деңгейін қамтамасыз ету кезіндегі қоймалық жүйедегі қорлардың деңгейін оңтайландыру.
Франциядан жеткізілетін өнімдер үшін қорларды 6 аптадан 4 аптаға қысқарту, және Компанияның қоймасында өнімнің ең аз қорына ие болуға немесе оған мүлдем ие болмауға тауарларды клиенттерден тапсырыстардың келіп түсуіне қарай JIT режимінде жеткізіп тұруға мүмкіндік беретін рессейлік жеткізушілермен тығыз қарым қтынас орнату.
Тапсырыстар тәртібін басқару (клиенттердің тапсырыстарын басқару мен бақылау логистикалық бөліммен және коммерциялық командамен өзара әрекеттесе отырып «клиенттерге қамқорлық» бөлімі тарапынан жүзеге асырылады) сақтандыру қорларының ең аз көлемдері жағдайында клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Өндірістік қорларды басқару (логистика бөлімі өндіріс графигін жоспарлау, материалдық ресурстар мен аяқталмаған өндіріс қорларының деңгейін мейлінше азайту, өндірістік циклдың ұзақтығын қысқарту мақсатымен өндірушіге өнімнің үш ай алдындағы қажеттіліктері туралы ай сайын ақпарат беріп тұрады).
Сатып алу логистикасының параметрлерін оңтайландырудың негізінде мыналар жатады:
«Авентис АН Франциямен», сондай-ақ отандық жеткізушілермен сатып алуды кредиттеу бойынша ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды орнату.
Өндірумен бөліп таратудың ішкі басымдықтары Компанияның әр түрлі құрылымдық бөлімшелері арасында ымыранарды іздестіру.
Әртүрлі наменклатуралық (ассортименттік) топтардың өнімдерін жеткізіп берудің айырмашылықтарды ескерту:
· сұраныс есептері мен коммерциялық топтың тарапынан беріліп тұратын сату болжамына сәйкес Компанияның қоймасына жеткізілетін «Авентис АН Франция» өндірісінің тауарлары;
· сұраныс (қажеттілік) күтпеген жерден пайда болатын және ұзақ мерзімге сақтауды талап етпейтін тауарлар тұтынуға таяу мерзімде сатылып кетеді. Компания клиенттерінің сұраныстарын қанағаттандыру мақсатындағы бір реттік жеткізілімдер (стандартты ассортиментті ұлғайтатын отандық және шетелдік тауарлар).
· Оларға деген қажетсінулердің графигіне сәйкес уақыттың белгілі бір интервалы арасында жеткізілетін тұрақты жеткізілімдер.
Логистикалық стратегия мен тактиканы жүзеге асыру үшін жалпылама түрде Компания үшін мына келесі басымдықтар пайдаланылады.
Қорлардың көпшілігі – 4 аптадан аспайтын сақтандыру қорлары. Жекелеген өнімдерге сақтандыру қорлары болмайды.
Жеткізп берушілермен ұзақ мерзімді кәсіби қатынастарда болу бірқатар өнімдер бойынша бірнеше жеткізіп беруші болады, олардың арасында жасанды түрде бәсекелестік қолданылады.
Компаниядағы логистиканың тиімділігі жоғарыда аталған таңдап алынған логистикалық стратегияға сәйкес көбіне кө барлық құрылымдық бөлімшелерді қамтитын, сондай-ақ логистикалық делдалмен, жеткізушілермен және тұтынушылармен жедел ақпарат алмасуды қолдайтын пайдаланылатын ақпараттың біріктірілген жүйемен (ERP тобындағы) айқындалады.
Логистика бөлімінің Компанияның өзгеде функционалдық бөлімшелерімен бірігуі, фирманың нарықтағы операциялық және тактикалық мансаптарына қол жеткізу үшін материалдық, қаржылық және ақпараттық ағымдарды басқаруды оңтайландырудың барысында уақыттық және кеңістіктік факторларды толыққанды есепке алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мәселен сату бойынша менеджерлермен өзара әрекетте болу тұтынушылардың сұранысының дәлмедәл болжамын жасауға және де осыған орай көмектік шығындарды, сақтауға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Техникалық бөліммен және жоғары басшылықпен өзара әрекеттеғ болу нарыққа жаңа өнімді қажет уақытында және қажетті мөлшерде шығаруға, тұтынушылардың сұранысын арттыруға мақсатындағы Компанияның маркетингтік стратегиясына сәйкес ассортиментті ұлғайтуға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Ақпараттың жүйелерді функционалдығы бойынша топтастыру Функционалдық белгі.
Функционалдық белгі жүйенің міндетін, сондай-ақ оның негізгі мақсаттарын, міндеттерімен функцияларын анықтайды. Ақпараттық жүйенің құрылымы оның функционалдық ішкі жүйелерінің жиынтығы ретінде берілуі мүмкін, сондықтан функционалдық белгі ақпараттық жүйені топтастыру кезінде пайдалану мүмкін.
Ақпараттық жүйенің түрі ол кімдердің мүдделеріне қызмет ететіндігіне және де ол басқарудың қандай деңгейінде екендігіне байланысты. Суретте ақпараттық жүйенің басқару деңгейлері мен қызметкелердің біліктілігінің деңгейлері есепке алынған функционалдық белгі бойынша топтастырылу варианты көрсетілген
Басқару деңгейлерімен қызметкерлердің біліктілігі есепке алынған функционалдық белгіге байланысты ақпараттық жүйе
Басқарманың кез - келген деңгейі әртүрлі көлемдегі және әртүрлідәрежелі жинақтағы барлық функциялық жүйелердің ақпаратына мұқтаж болады.
Пирамиданыңнегізін АЖ құрайды. Оның көмегімен қызметкерлер - атқарушылар деректердің операциалық өңдеуімен, ал аласа буынның менеджерлері -басқарумен шұғылданады. Пирамиданың ең жоғарғы стратегиялық басқарма деңгейінде АЖ өзінің рөлін өзгертеді және жоғарғы жаман жағдайдағы құрылымда қойылған талаптарды шешуші, жоғарғы буынды менеджерлердің қызметін қостаушы стратегиялық күйге енеді.
Шаруашылық тәжiрибеде мекемелік және коммерциялық обьектілерінің типтік түрлерінің қызметі болып АЖ-нің классификациясының функционалдық белгiсiн анықтайтын мыналар та былады:
Мекемелік - тiкелей өнiмді өндiрумен байланысты және жаңа ғылыми-техникалық өндiрiсті жасау мен енгiзуге бағытталған.
Маркетингтік келесілерден тұрады:
-өндiрушi нарығының талдауы және шығарылатын өнiмнiң тұтынушылары,
сатылымдарды талдау;
-өнiмнiң алға басуы бойымен жарнамалық серiктестiктiң ұйымын;
-жабдықтау тиiмдi ұйым заттық-техникалық;
Қаржылық - бухгалтерлiк, статистикалық, жедел ақпараттар негiзіндегі фирманың қаржылық ресурстарын талдаумен және бақылау ұйымымен байланысты.
Кадрлық - фирмаға қажетті мамандарды таңдап қоюға бағытталған, сонымен қатар әр түрлi аспектiлермен қызметтiк құжаттаманы жүргiзумен байланысты.
Көрcетiлген қызметтiң бағыттары АЖ-ніңтиптік түрлерін анықтады:өндiрiстiк жүйелер; маркетинг жүйесi; қаржы және есептiк жүйелер; кадрлар жүйесi (адам ресурстары ); басқа да фирманың қызметiнiң қосалқы функцияларын орындайтын түрлер.
Ірi фирмаларда негiзгi АЖ-ні функционалдық тағайындау iшкi функцияларды орындау үшiн бірнеше iшкi жүйелерденқұралады. Мысалы,
Мекемелік АЖ-нің iшкi жүйесі - ақпараттық жүйеден:
- өндiрiстi конструкторлық дайындау;
- өндiрiстi технологиялық дайындау;
-заттық-техникалық жабдықтауды басқару;
-өндiрiстiк процесстi басқару;
-компьютерлік инжинирингi және т.б. тұрады
Төмендегі кестеде АЖ-ні функционалдық тағайындауды жақсы түсiну үшiн әрбiр жоғарыда қарастырылған түрлер бойыншатиптік тапсырмалар көрсетілген.
Дата добавления: 2016-02-27; просмотров: 4219;