Мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
Мейірбике қан ауруларымен ауыратын науқастардың негізгі белгілері мен шағымдарын, емдеу ерекшелігі мен қан ауруларының алдын алуын, тамақтану ерекшеліктерін білу қажет. Науқастармен жұмыс істей отырып мына шағымдарға назар аудару керек: жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік, түндегі тердегіштік, қалтырау, талып қалу, бастың ауруы мен бастың айналуы, құсу, лоқсу, тамаққа деген тәбетінің төмендеуі, қан кету, тілдің ашу сезімі.
Науқаспен әңгімелескенде нәсілдік ауруларына, жағымсыз қылықтарының болуына, тамақтану ерекшелікеріне, мамандыққа байланысты жағдайларға, еңбек пен тұрмыс – жағдайдың жағдайына, улану белгілері болуына назар аударып, көңіл бөлу керек. Науқастың қандай жұқпалы аурулармен ауырғанын анықтау керек, қансырау, ағзасында құрт болған жоқ па екені туралы анықтау керек. Қарағанда тері мен кілегей қабаттарының түсіне, қан құюлар барлығына, лимфа түйіндерінің көлемі мен пішініне назар аудару керек. Мейірбике қан анализдерінің нәтижелерін мұқият тексеру керек. Жасалған зерттеулер нәтижесі бойынша мейірбике өз бетімен науқасты күту жоспарын құру керек. қан ауруларында қансырау қоса жүруі мүмкін: анық және жасырын (ішкі). Мейірбикенің міндетіне осындай науқастардың үлкен дәретінің сипатына ерекше көңіл бөлу кіреді. Үлкен дәретте қан қоспалары табылғанда, немесе қара түсті үлкен дәрет болғанда бұл туралы дәрігерге шұғыл түрде хабарлау керек. өткір ақноғанамен ауыратын науқастарда дене қызуының көтерілуі, қалтырау, көп терлеу, қансырауы күшеюі байқалады. Мұндай науқастарды ерекше күту керек. Мейірбике науқастардың төсек тәртібін сақтауын қадағалап, оларды тамақтандырып, сусынын беріп, тері мен кілегей қабаттардың гигиеналық өңдеуін жүргізіп, төсек орнын дер кезіңде ауыстырып отыру керек. науқастың терісін үнемі камфор спиртімен сүртіп немесе сабынды сумен жуады, науқастың төсектегі жату жағдайын өзгертіп отырып, жасалған іс – шаралардан кейін терісін құрғатып кептіру керек. Бөлмеде гигеналық тәртіпті сақтату өте маңызды, қан ауруымен ауыратын науқастардың қорғаныс күші төмендікте, олардың тоңып қалмауын бақылап отыру керек. Науқас төсекте көп жатқандықтан тұрып қалу құбылыстарының дамуына және дем алудың бұзылуынан өкпе қабынуы дамуы мүмкін. Өкпелік асқынулардың алдын алу үшін науқастың төсектегі қалыпын белгілі бір уақыт сайын өзгертіп отыру қажет, дем алу жаттығуларын тағайындау керек. Науқасқа дем алу жаттығуларын жасау әдістеріне мейірбике үйретеді. Қан ауруларымен ауыратын науқастарда жиі қызыл иегі ісініп, қан кетуі, соның нәтижесінде ауыз қуысында іріңдеуі дамуы мүмкін. Мейірбике алдын алу мақсатында науқасқа ауыз қуысын тәулігіне 2 –3 рет ас содасының йодпен қосылған ерітіндісімен шаюға кеңес беру керек ( 1 стақан суға 1 шай қасық ас содасымен 5% йод тұнбасының 4 – 5 тамшы қосу). Мейірбике науқастың дәрілік заттардың дер кезіңде қабылдап отыруын бақылап отыру керек. Мейірбике науқасқа қандай емдәмді қолдану керек екендігін түсіндіру керек, қан ауруларымен ауыратын науқастардың тамағы әртүрлі және толық, дұрыс тамақтануы керек. Ќан ауруларымен ауыратын науқастар жиі тітіркенгіш, көңіл күйі төмен болады. осындай науқастарды күткенде мейіркеш шыдамдылық көрсетіп, жақсы көңіл бөлу керек. Жиі қан ауруларында қан мен оның құрам бөліктерін тамшылатып құю кеңінен қолданылады. Науқасқа қан құю кезіңде дене қызуы көтеріліп, қалтырау, ентігу, әлсіздік пайда болуы мүмкін. Мейірбике көк тамыр арқылы енгізілетін дәрілік заттар мен қан құйғанда пайда болуы мүмкін асқынуларды жақсы білу керек. Ондай шұғыл жағдайларда қолданатын шаралар мен дәрігерді шақыру керектігі жағдайларды білуі керек. Қан аурулары бар науқастарда дем және жүрек – тамыр жеткіліксіздігі дамуы мүмкін. Мейірбике мұндай жағдайларда қандай шаралар қолдану керектігін білу керек, шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсете алу керек, керек дәрілік заттарды дайындап қою қажет. Мейірбике дерт анықтамалық және емдік іс шараларға қатынасуы керек, науқастарға санитарлық – ағарту жұмысын жүргізіп, жанұя мүшелерін науқасты күту мен гигеналық тазалыққа үйрету керек.
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2141;