Фонтанды ұңғыманың жұмысын реттеу
Тәжірибе жүзінде мұнай және газ өндіруші ұңғымалардың жұмыс мерзімін жоғарылатуда басқа әдістермен салыстырғанда фонтанды әдістіқолдану тиімді болып табылады, себебі шығын аз жұмсалады.
Ұңғыманың фонтандауын ұзартудың негізгі әдістеріне:
1) Ұңғыманың өнімділік коэффициентін жоғарылату. Өнімді қабаттың геолого-литологиялық сипаттамасына және оны қанықтырушы флюйдтерге, кенішті игеру сатыларына және басқа да жағдайларға тәуелді болуына байланысты ұңғымалардың түп аймағының сүзілу сипатын жоғарылату үшін әртүрлі әдістер қолданылады (қышқылмен өңдеу, гидравликалық жару, жылумен өңдеу, комплекстік термохимиялық және механикалық әсер ету және т.б.).
2) Қабаттан ұңғымаға келетін мұнайдың сулану дәрежесін төмендету. Ұңғыма өнімінің сулануын төмендету іс-шараларына: қабатқа айдалатын су ағынының қозғалысын реттеу және бақылау; ұңғыма түбіне қабат суларының келуін болдырмау және саңылаусыздандыру; ығыстырылатын мұнай мен ығыстыратын судың салыстырмалы тұтқырлығын реттеу және т.б.
3) Мүмкін болса, ұңғыма сағасындағы қысымды төмендету керек. Бұл қысымның мәні қандай жағдайда болмасын мұнай-газ-су жинау жүйесіндегі қысымнан төмен болмау керек.
4) Көтергіш құбырдың диаметрін кішірейту, егер экономикалық жағынан тиімді болса. Бұл жағдайда ұңғыманың өнімі азаяды.
5) Егер, фонтанды әдіс басқа әдістерге қарағанда экономикалық жағынан тиімді екені дәлелденсе, онда қабат қысымын ұңғыманың фонтандауын қамтамасыз ететін деңгейде ұстау керек.
6) Түптік штуцерді қолдану.
Кейбір жағдайларда ұңғыманың фонтандауын ұзарту үшін түптік штуцер қолданылады, ол көтергіш құбыр тізбегінің төменгі бөлігінде орналасқан кіші диаметрлі, дөңгелек диск. Осы қондырғы арқылы өтетін мұнай алдын-ала есептелген қысымның төмендеуіне алып келеді.
Мұнай ұңғымаларын фонтанды әдіспен пайдаланудың негізгі артықшылықтарына:
- сенімділік, ұңғыманы пайдалану коэффициентінің жоғары болуы, жөндеу аралық кезеңнің ұзақтығы, ұңғымада жылжымалы қондырғылардың болмауы;
- ұңғыманы пайдалануда электр энергиясын қажет етпейді;
- ұңғыма түбіне дейін қондырғыларды түсіріп ұңғыманың жұмысын және қабаттың параметрлерін өлшеуге мүмкіндіктің болуы;
- ұңғыма жұмысының параметрлерін сағалық немесе түптік штуцердің (реттегіш) көмегімен реттеудің мүмкіндігі;
- басқа пайдалану әдістерімен салыстырғанда қызметкерлердің аз болуы.
Пайдаланудың фонтанды әдісінің негізгі кемшілігі, ол ұңғыма түбіндегі салыстырмалы жоғары қысымды ұстап тұру және сұйықтың көп мөлшерде сулануы бұл әдістің қолдану аумағын шектейді.
Фонтанды әдісті қолдану аумағы келесі шартпен анықталады: фонтанды ұңғыманың өнімі қабаттан сұйықты алудың технологиялық мөлшерінен аз болмауы керек. Керісінше жағдайда фонтанды ұңғыманы механикалық пайдалану әдістерінің тиімдісіне ауыстыру қажет, осыдан кейін технологиялық тиімділік емес, сонымен қатар экономикалық тиімділік те алынуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1. Фонтанды ұңғыманың жұмысын қалай реттейді?
2. Ұңғыманың фонтандауын ұзартудың жолдары қандай?
3. Ұңғыманы фонтанды әдіспен пайдаланудың артықшылықтары мен
кемшіліктері?
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 3269;