Ашық фонтандау.
Мұнай және газ ұңғымаларын меңгеру және игеру кезінде ашық фонтандаудың салдарынан фонтанды ұңғымаларда өрт болу кездері болатыны белгілі. Бұл кен орнының уақытынан бұрын таусылуына алып келумен қатар, ұңғыма сағасының айналасына бірнеше ондаған метрге дейін мұнай қалдықтары төгіліп қоршаған ортаны ластайды.
Мұндай фонтанды сөндіру және жою үшін екінші көлбеу ұңғымасын бұрғылау және онда атом зарядын жару қолданылады. Мұндай ашық фонтанның ауырлық дәрежесі, осы апатты шақыру себебі сияқты әртүрлі. Қабатты ашу және ұңғыманы игеру процесіндегі қиындықтар және ойда болмаған бұзулармен қатар, сағалық қондырғыда, соның ішінде, фонтанды арматурадағы бұзылыстар үлкен роль ойнайды, жалғасулардың тығыз еместігі немесе арматураның дірілдеуі салдарынан болатын бұзылыстар, газсұйық қоспасы (ГСҚ) ағынындағы абразивті қоспаның жеу қасиетінің нәтижесінде болатын үзілулер ауыр апаттың себебі болуы мүмкін. Олардың алдын-алу үшін, арматураны әрқашан екі есе сынау қысымымен (кейде біржарым есе) престеп, сынақтан өткізеді.
Соңғы уақытта, ашық фонтандаудың алдын-алу үшін әртүрлі айырғыштар игеріліп, қолданыс тапқан, олар ұңғыманың біршама тереңдігіне түсіріліп немесе фонтанды құбыр бағанасының башмак астына да түсіріледі. Шегендеу бағанасының шлипсасында орнатылатын айырғыштар болады, ол автоматты түрде СКҚ немесе шегендеу бағанасы қимасын, сұйық шығыны шекті мәннен асып, күрт артқан жағдайда жабылады. Шетелде фонтанды құбырда орнатылатын айырғыштар қолданылатыны белгілі. Мұндай айырғыштарда ГСҚ критикалық шығын кезінде, автоматты түрде ағынды жауып, ашық фонтандаудың алдын алады. Фонтанды құбыр қимасын мәжбүрлі жабатын айырғыштар белгілі. Олар шарлы кран түрінде жасалған, оны бұру гидравликалық жер бетінен іске асады. Мұндай шарлы кранның тартпалы механизмі фонтанды құбыр бағанасына жалғасқан кіші диаметрлі (12,18 мм) құбырша көмегімен жер бетіне шығып, қысым көзіне әдетте, ұңғыма желісіне қосылады. Құбырда қысым болғанда, шарлы кран ашық болады, ал кішкене құбыршада қысым түскен кезде, шарлы кран серіппелі механизм көмегімен бұрылып, фонтанды құбырды жабады.
Жай беттік механикалық істейтін айырғыштар болады, олар манифольд желісіне орнатылады, және фонтанды ұңғыманы тотығудан немесе механикалық зақымданудан шығару желілеріндегі үзілулер кезінде жабады.
Фонтанды ұңғымадағы бүлкілдеудің алдын-алу үшін фонтанды құбыр бағанының төменгі ұшында арнайы жұмыс саңлауы немесе клапан қолданылады.
Бүлкілдеу - СКҚ-дағы ағын бағанасы тығыздығының қысқа уақытқа артуы нәтижесінде уақыттан бұрын фонтандаудың бітуіне, газсыздануына және түп қысымының артуына әкеледі. Құбыраралық кеңістіктің үлкен көлемі оның ішінде газдың үлкен көлемінің жиналуына әкеледі, ол Рс<Рнас шарты кезінде периодты түрде СКҚ башмағы арқылы фонтанды құбырды толық үрлегенше өтеді. Түптік қысым төмендеп, содан кейін ұңғыма ұзақ уақыт бойы сұйықты жинау үшін жұмыс істейді.
СКҚ-дың башмагынан біршама биіктікте (30÷40м) кішкене (бірнеше мм) саңылаудың болуы, СКҚ-дың құбыраралық кеңістігіне газдың салыстырмалы тұрақты енуін қамтамасыз етеді, және газдың башмак арқылы шығып кетуін болдырмайды. Жиналатын газ, сұйық деңгейін саңылаудан төмен ығыстырғаннан кейін, ол СКҚ-на еніп, бүлкілдеу тоқтайды. Егер саңылаудағы қысым айырмасы ∆Р болса, онда сұйық деңгейі а=∆pqg тереңдікте сақинадан төмен сақталады. Осыған ұқсас басты рольды жұмыс клапаны атқарады, онда қысым белгіленген шамадан артқан кезден, серіппелі клапан іске келіп, газды құбыраралық кеңістіктен СКҚ-ға жібереді.
Бақылау сұрақтары:
1. Фонтанды ұңғыманың жұмысы кезінде қандай қиындықтар болады?
2. Фонтанды ұңғыманың жұмысы кезінде болатын қиындықтардың
алдын-алу шаралары?
3. Ұңғыманың ашық фонтандауының алдын-алу үшін қандай шаралар
жасалады?
Дата добавления: 2015-12-22; просмотров: 2504;