Бақылау сұрақтары. 1.Крандардың металқұрылымдарында қандай негізгі ақаулар мен зақымданулар кездеседі?

 

1.Крандардың металқұрылымдарында қандай негізгі ақаулар мен зақымданулар кездеседі?

2.Кәдуілгі және солтүстік климатқа арналып жасалған крандар металқұрылымдарын дайындау мен жөндеуде қандай болаттар қолданылады?

3.Сызаттары бар металқұрылымдарды жөндеудің негізгі нұсқаларын атаңыз.

4.Пісіру жіктерінің қандай ақаулары болады және пісірме қосылыстардың сапасы қалай бақыланады?

5.Металқұрылымдардың тойтармалық және болттық қосылыстарын жөндеуді қалай жүргізуге болады?

6.Салқын күйде прокатты түзету мүмкіндігін анықтайтын белгілерді түсіндіріңіз.

7.Металқұрылымдарды жөндеу кезінде негізгі қауіпсіздік талаптары қандай?

8.Беріктігі жоғары тартуды жүргізудің қандай тәсілдерін білесіз?

9.Тойтармалық және болттық қосылыстарды жөндеу қалай жүргізіледі?

10.Салқын күйдегі прокатты түзету мүмкіндіктерін анықтайтын критерийлерді атаңыз.

 

ОРЫТЫНДЫ

 

Еліміз шаруашылығының әртүрлі салаларындағы техникалық прогресс дамуы машина жасау деңгейіне, яғни машина саны мен оның сапасына, өндірісте жаңа технологиялық процестердің үздіксіз пайда болуына және қолданыстағы процестерді өнімді, үнемді де дәл процестермен алмастыруға байланысты болады.

Қазіргі кезде, ел шаруашылығын реформалау және нарық қатынастарын енгізу жағдайында жоғарыда аталған мәселелерді сәтті шешуді қамтамасыз етуде негізгі қорларды техникалық қайта жарақтандыру басты мақсаттардың бірі болып саналады, яғни бұл шаруашылықтың әртүрлі кешендерінде (құрылыста, көлікте және т.б.) техниканы пайдаланатын мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Сонымен техникалық қайта жарақтандыру мәселесі экономиканы құрылымдық кайта құрудың маңызын жаңартып арттырады.

Бұл мәселелерді шешу технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және автоматтандыру және жаңа техниканы кең көлемде енгізу базасында жүзеге асырылады. Дағдарыс жағдайынан соң машина жасауда өндіріс ауқымын өсіру, инвестиция деңгейін жоғарылату және шетелдік фирмалармен бірлесе отырып машина өндірісін ұйымдастыру оларды бағдарламалық басқаруда кең көлемде қолдануға негізделген массалы-ағымдық, үздіксіз, автоматтандырылған өндіріске қайта өтуге міндеттейді. Бұл мәселелерді жабдық пен технологияны кешенді жасау, көлік техникасын өндіруді мамандандыру, детальдарды жөндеу мен қалпына келтірудің жаңа әдістерін енгізу, көлік техникасын күту мен жөндеу бойынша кәсіпорындарды жобалау кезінде алдыңғы қатарлы бағыттарды ұстану арқылы шешуге болады.

Машина жасау саласында негізгі бағыттардың бірі есебінде технологиялық шығындарды барынша төмендететін дайындама жасаудың экономикалық формаларын таңдау болып саналады. Қазіргі кезде дайындау өндірісінде прокатпен бір мезгілде бір ағымға біріктіру арқылы металды үздіксіз құю әдісімен бұйымдар мен дайындаманы алудың жаңа технологиялық процесі кең көлемде енгізілуде. Мұнда еңбек өнімділігі едәуір өсіп, меншікті күрделі шығындар азаяды. Сонымен бірге машина дайындаудың өзіндік құны мен массасын азайтуға мүмкіндік беретін, термиялық өңдеусіз беріктігі жоғары пластикалық шойындардан құйма дайындамаларды өндіру технологиясы да қолға алынған.

Табақ метариалдарды газдық, плазмалық немесе лазерлік кесуге арналған қисық сызықты жайманы жасау процесін автоматтандыру үшін дайындау цехтарында компьютерлік графиканы пайдалану жүйелері енгізілуде. Бұл жүйе әртүрлі өндірістік жағдайларға бейімделудің жоғарылығымен, техникалық құралдарға минимал талаптар қоюмен, құнының аса үлкен еместігімен және материалды жайғандағы шығындардың төмендеуімен ерекшеленеді. Кесумен өңдеу кезінде біржүзді кескіш аспаптар көп жүзділермен алмастырылады, бұл өңдеу жылдамдығын, сонымен бірге еңбек өнімділігін өсіруге мүмкіндік береді.

Машина жасаудағы заманауи жаңа технологиялық процестер бұйымдарды дайындаудың еңбексыйымдылығын 2-3 есе, массасын 1-2 есе төмендетуге, бұйым дәлдігін 1,5 -2 есе жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Машина жасауда жүргізіліп жатқан шаралардың бірі – технологиялық процестерді типтендіру, яғни машина жасаудың әртүрлі салаларында қолдануға болатын, технологиялық құрал-саймандарды унификациялау мен бірқалыптандыруға негізделген өңдеудің типтік процестерін жасау болып табылады.

Қазіргі кезде машиналарды шығару мәселелерінің бірі олардың номенклатурасының көптігі болып табылады. Оны шешудің негізгі жолы – технологиялық процестердің кең диапазонына арналған мобильді, әмбебап және сенімді машина шығару. Бұл бағыттың негізгі алғышарттарына агрегаттар мен тораптарды унификациялау және массалы өндірістің жаңа техникасына қойылатын өндірістік-технологиялық талаптарын негіздеп жасауды қамтамасыз ететін технологиялық операцияларды типтеу және жан-жақты зерттеу жұмыстары жатады. Ал тағы бір жолына арнайы шасси базасындағы көпмақсатты әмбебап машиналарды агрегаттауға көшу жатады, бұл жөндеу қорының номенклатурасын азайтуға септігін тигізеді. Бұл екі жолды да шешудің негізгі шартына машина жасау кәсіпорындарында және де машина парктерінде физикалық және моральді түрде тозған техниканы жаңартуды жылдамдату жатады.

Массалы және ірі сериялы өндірістегі механикалық цехтарда агрегатты типтегі әртүрлі көпаспапты және көппозициялы автоматтар және жартылай автоматтармен жарақтандырылған жабдықтар қолданылады. Сонымен бірге стандарттық күштік бастиектерге негізделіп жасалған автоматты желілер де кең қолданыс тапқан.

Ескірген станоктарды алмастыру немесе оларды модернизациялау саласында да кең көлемді жұмыстар атқарылуда. Әмбебап станоктар әртүрлі автоматтық, тиеп-түсіру және өлшеу құрылғыларымен, қысқыш жабдықтармен, гидрокөшірмелік суппорттармен қамтамасыз етілген. Жоғары өнімділікті станоктар мен автоматтық желілер кешендерінің жаңа түрлерін жасау бойынша көлемді бағдарламалар да жүзеге асырылуда. Сонымен бірге бағдарламалық басқару жүйесімен істейтін станоктар көлемді қолданылып, жинау жұмыстары максимал механикаландырылған жинаудың ағымдық әдістері кең көлемде енгізілуде.

Көлік техникасын жөндеу мәселесіне келсек, жөндеу жұмыстары әдеттегідей құрылыс, өндіріс және көлік кешендерінде маңызды мәселе болып қала бермек. Келешекте бұл мәселенің өзектілігі өсе түспек, себебі көлік өндірісі күннен-күнге ұлғайып келеді. Біріншіден, Қазақстан өзінің шикізат потенциалы орасан зор республикалық көлік жүйесін дамытуды үдете түседі. Екіншіден, Қазақстанның көлік коммуникациялары оның әлемдік нарыққа шығуына әсер етуі тиіс. Осы мақсатта республикалық темір жол және автожол желілерінің құрылымы өзгере түседі, жоғары жылдамдықты магистральдар құрылысы қолға алына бастайды, шетелдік фирмалармен байланыстар ұлғая түседі. Үшіншіден, халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкестендіріліп модернизациялау мақсатында көлік нысандарын қайта құрылымдау қажеттілігі де арта түседі. Сонымен бірге тұрғын үй құрылысы, энергетикалық құрылыстар мен мұнай-газ құбырларын салу қарқыны да өсе түспек. Аталған жағдайлардың барлығы да машина паркінің құрамын, соған байланысты жөндеу қажеттілігін өсіруді де талап етеді.

Пайдалануына байланысты, нысандар сипатына қарай машиналарды жөндеу өндірістің әртүрлі үш сферасында: жөндеу механикалық заводтарында, шеберханаларда және пайдалану базаларында жүргізілуі тиіс.

Желілік өндіріс жағдайында және ірі шоғырланған нысандарда территориялық механикаландыру басқармалары ұйымдастыратын жөндеудің агрегаттық-тораптық әдісін жетілдіру кең қолданыс табуы қажет.

Жақын арада машина паркін сервистік күтуді дамыта түсу керек. Қазіргі кезде барлық аймақтарда көлік техникасын жөндеу мен күтудің сервистік пункттері жұмыс істеуде. Олардың базасында конструкциясы бойынша ұқсас машиналардың бірнеше типін жөндеуге арналған ірі бірлестіктер пайда болуда. Жөндеу өндірісін орталықтандыру елдің шаруашылық кешендері үшін тиімді бірыңғай мақсатты техникалық саясат жүргізуге, сонымен бірге машиналарды жөндеу тиімділігі мен оларды пайдалану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Жөндеу кәсіпорындарында тозған детальдарды қалпына келтірудің алдыңғы қатарлы әдістерін жетілдіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуі тиіс.

Ел экономикасының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін машиналарды жөндеу тиімділігін арттырудың жаңа жолдары төмендегідей:

- жөндеуді индустриализациялау, яғни жөндеуді заманауи машина жасауға жақындайтын жөндеу өндірісінің формалары мен әдістеріне көшіру (ағымдық өндіріс, мамандандыру, жекелеген жөндеу және т.б.);

- өндірісті басқаруды жетілдіру, негізінен сала аралық және аймақтық басқаруды қайта құру. Мұндай күрделі мәселе саланың барлық деңгейінде шешілуі тиіс. Сонымен бірге әрбір жөндеу кәсіпорнының ішкі заводтық құрылымды басқаруды, өндірістік жоспарлауды жетілдіруге мүмкіндігі бар;

- жөндеу сапасын көтеру, бұл өндірушілердің бәсекелестік жағдайында маңызды роль атқарады. Мұның негізгі бағыттары: технологиялық тәртіпті бекіту, жөндеу және технологиялық құжаттамалар сапасын жоғарылату, орындаушылардың жауапкершілігін өсіру және т.б.;

- механикаландыру және автоматтандыру. Механикаландыру жұмыстары жөндеудің технологиялық процестерін механикаландыру және автоматтандыру құралдарының типтік стандарттық жабдықталуымен қамтамасыз етілуге септігін тигізеді.

Жөндеу өндірісі мен машина паркін кешенді дамыту үшін жөндеу қуаттарын орналастыру мен үйлесімді жүктемелеуді біртіндеп есептеу принципі қолданылады.

Жөндеу өндірісінің жүйесіне кірме параметрлері қатарына машина паркінің төмендегі сипаттамалары жатады: типтік өлшемдік құрам, жастық құрылым, тозуды ескергендігі машинаның әрбір типтік өлшемдік тобының жұмыстық уақыт қоры. Ал шығу параметрлеріне құрылыс бөлімдері нысандарының және машина паркін дислокациялаудың жоспардағы нұсқасының деректері кіреді.

Қазақстандағы құрылыс және көлік саласының көлемінің қарқындап өсуі жұмыс істеп жатқан жөндеу заводтарын қайта құрылымдауды, әсіресе игерілмеген аймақтарда жаңадан жөндеу механикалық шеберханаларды салуды көздейді. Мұндай жағдайларда жақсартылған жылуоқшаулағыш қасиеттері бар жеңіл құрылымдар мен толықтай дайын құрылыс құрылымдарын қолдану басымдыққа ие.

 








Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1816;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.