Созылмалы пиелонефрит
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері бастапқы кезеңінде көзге көрінбейді. Созылмалы пиелонефриттің негізгі себебі: жедел пиелонефритті өз
уақытында емдемегендіктен, сонымен қатар цистит, пиелит болып табылады. Аурудың клиникасы кезеңіне және түріне байланысты. Созылмалы пиелонефриттің 5 негізгі клиникалық түрі бар: жасырынды (латентті), несептік гипертониялық, уыттану, анемиялық.
Жасырынды түрінде аурудың белгілері білінбей өтеді. Науқас пиелонефрит сырқатының бар екендігін сезбейді, тек зәр, қан анализіздерін тапсырған кезде аурудың белгілері табылады. Науқас тез шаршағыштыққа, тамаққа тәбетінің төмендеуіне, дене қызуының сәл көтерілуіне шағымданады. Қанда анемия, ЭТЖ артады. Зәрде сәл протеинурия және лейкоцитурия білінеді. Полиурия мен никтурия байқалады.
Несептік түрінде зәрде бастапқы кезден бастап лейкоцитурия, протеинурия, бактериурия, қан айқындалынады, көбнесе микрогематурия. Пиелонефритке тән несептік өзгерістің бірі – гипостенурия. Бұл белгі реабсорбция процессінің бұзылуынан дамиды. Аурудың бұл түрінде науқас әлсізденеді, дене қызуы көтерілуі мүмкін, бел маңайы сәл ауырсынады.
Гипертониялық түрінде негізгі аурудың белгісі артериялдық қан қысымының көтерілуі. Артериялыдқ қан қысымының көтерілуі бүйректің ишемиясымен байланысты. Науқаста бастың ауруы, айналуы, ентігу, жүрек маңайының ауырсынуы байқалады. Зәр өзгерістері онша білінбейді.
Аурудың уыттану түрінде науқастардың шағымдары: әлсіздік, тез шаршау, бел маңайының ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі. Уыттану белгілері дамиды. Циститтің белгілері пайда болады, әртүрлі дизурия белгілері білінеді: поллакиурия, ишурия, никтурия. Созылмалы пиелонефритте бел аймағында топасты үздіксіз ауырсыну байқалады. Созылмалы пиелонефрит көп жағдайда созылмалы бүйрек шамасыздығына әкеліп соғады.
Анемиялық түрінде гипохромдық қан аздық синдромы аурудың басты белгісі болып табылады.
32 суретСозылмалы пиелонефриттің
пиелограммасы.
Дерт анықтамасын науқастардың шағымдарына, клинкалық бейнесіне, зертханалық және құрал жабдық аппарат арқылы тексергендегі нәтижелеріне сүйене отырып нақты түрде қорытындысын шығарады. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, анемия білінеді, ЭТЖ артады. Жалпы зәр анализінде пиурия, білімсіз протеинурия анықталады. Нечипоренко, Каковский – Аддис сынамаларында зәрдің тұнбасында лейкоциттердің көбеюі анықталынады. Құрал – жабдық аппарат арқылы тексерістерде, яғни, экскреторлы урограммада бояу заттың баяу қарқынмен бөлінуін, тостағанша мен табақшаларының кеңейіп зақымданғаның байқауға болады. Осымен қатар изотопты ренография, ультра дыбыспен зерттеу әдістері дерт анықтамасын жүргізуге көмектеседі.
Емі. Емдәмді және төсек тәртібін сақтау маңызды роль атқарады. №7 устел тағайындылынады (қышқыл, ащы, тұзды тағамдарды қолданбайды). Қозу кезінде ас тұзының мөлшері тәлігіне 5-8 гр дейін шектеледі. Қабынуға қарсы уроантисептиктермен ем қолданады: антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран туындылары, фторохинолондар. Антибиотиктердің ішінде көп қолданатын топтарына пенициллиндер, цефалоспориндер, левомицетин жатады. Нитрофурандардың ішінде невиграмонның әсері нәтижелі. Бүйректің қан айналымын жақсарту мақсатымен трентал бір ай бойы, курантил, гепарин 5000 БІ 2 рет күніне 2 апта бойы тағайындалынады. Ағзаның иммун жағдайын жақсарту мақсатымен иммуномодуляторларды қолданады: эхинацея, левамизол т.б. Қазіргі кездерде эфференттік ем кең қолданады (қанды ультра сәулемен тазарту). Қозуды алдын алуға қарсы ем шараларын өткізген жөн. 4 – 6 ай бойы емдік шөпдәрілерін қолданады: фитолизин, альтей, бүйрек шайы т.б. Осымен бірге 10 күндік бактерияларға қарсы ем шараларын қолданып өткізген жөн: левомицин, тетрациклин, фуразолидон. Бүйрек қан айналымын жақсарту үшін трентал, курантил, гепарин қолданған дұрыс. Қан аздықта құрамында темір бар тағамдар қолданылады. Симптомдық ем жүргізіледі: артериалды гипертензияда – қан қысымын төмендететін дәрілер, қан аздықта – темір препараттары. Физиоем шараларын қолдану қажет: парафин, диатермия, жылытқыштармен бел аймағын қыздыру..
Болжамы. Сырқатты уақытында дұрыс емдеген жағдайда бүйрек жұмысы ұзақ уақытқа сақталынады.
Алдын алуы. Біріншілік алдын алуда пиелонефритті болдырмау үшін бүйректің тас ауруын емдеп, уақытында ота жасап, тасты алып тастау керек. Зәр дұрыс жүру үшін, жұқпа ошақтарын емдеп санация жүргізіп отыру керек. Әр қашанда салауатты өмір салтын сақтаған жөн, денені шынықтырып, жеке бас гигиенасын сақтау керек. Екіншілік алдын алуда созылмалы пиелонефритпен ауырған науқас жалпы тәжірибелік дәрігермен, терапевтпен диспансерлік тізімге алынып, тіркеліп, жүйелі түрде бақыланып отырады. Клиникалық қан анализін, жалпы зәр анализін жылына 2 рет тапсырады. Жылына 1 рет бүйректерді ультра сәулесімен зерттейді. Жағдайына байланысты экскреторлық урография, радий белсеңді ренография жасалады. Ошақты жұқпаларды уақытында емдеп, санация жүргізіп отырған жөн. Сонымен бірге ілеспелі ауруларды емдеп, уроантисептикалық дәрілермен емделіп аурудың қозуын алдын алып отырған жөн. Ағзаға суық тигізбеу керек.
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 6667;