Бүйрек тас ауруы

Бұл ауру зәр жолдарында тастың пайда болуымен сипататалтын ауру. Бұнымен көбінесе 20 мен 50 жас аралығындағы ер адамдар қатары жиі ауырады. Аурудың себебі нақты, дәл анықталмаған. Ауруға әкеліп соқтыратын себептерге: зәр жолдарындағы туа біткен өзгерістер, зәр жүруінің тоқтап қалуы, зәр жолдарындағы жұқпалар (пиелонефрит, уретрит), зат алмасуының бұзылуы (ураттардың, фосфаттардың, оксалаттардың мөлшерінің көбеюі), эндокринді жүйесінің әр түрлі аурулары, Д – витаминінің ағзада көп мөлшерде және А витаминінің аз мөлшерде түзілуі, ас қорыту жүйелерінің қабыну аурулары (гастрит, колит, гепатит), ұзақ уақытқа төсек тартып жатқан сырқаттар (сүйектердің зақымдануы, пара – гемипарездер), нәсілдік аурулар қатары жатады. Қышқыл ортада пайда болған тастардың құрамында зәр қышқылдары кездеседі. Сілті ортада пайда болған тастардың құрамында фосфаттар кездеседі. Ал қышқыл және сілті ортасында пайда болған тастардың құрамында оксалаттар кездеседі. Тастардың көлемі майда, ірі келген пішіндегі түрлерін кездестіруге болады және жалғыз немесе бірнешеге дейін барады.

 

 

29 суретЕкі бүйректегі тастардың

рентгенограммадағы көріністері

 

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ағымы ұстама түрде өтеді. Ең маңызды белгілері: ауырсыну, гематурия, пиурия, тастардың өзінен өзі зәрмен бірге сыртқа шығуы. Бүйрек ұстамасы аяқ астынан күрт ауырсыну белгісімен басталады. Ауырсыну бел аймағында пайда болып, несеп ағар және жыныс мүшелеріне тарайды. Зәр шығуы жиілеп және ауырсынуымен сипатталды. Сонымен қатар лоқсу, құсу, іштің кебуі байқалады. Науқас өзіне ыңғайлы жағдай қалыпын таба алмай мазасыз күйде болады. Ауырсыну сезімі қатты қарқынмен өтіп, тек қана наркотикалық жансыздандыру мен тыныштандырылып, басылады. Ауырсынудың ұзақтылы бір тәуліктен аспайды. Бүйректің ұстамасына несеп ағар арнасындағы тастың қысылып қалуы әкеледі. Зәрдің мөлшері азайып, мүлде болмауы мүмкін. Осының салдарынан дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: бел аймағанда ауырсыну сезімі білінеді, Пастернак белгісі оң нәтижелі, сипалағанда бүйрек және несеп ағар аймақтары ауырсынады. Зәрде аз мөлшерде ақуыз, эритроциттер, лейкоциттер кездеседі. Ұстамадан кейін тас орнынан жылжып, зәрмен сыртқа шығуы мүмкін. Көбінесе бұл ауру науқастардың 13% де белгісіз түрде өтеді. Ұстама арасында науқастарда шағым болмайды.

Дерт анықтамасы. Зәрдің және қанның жалпы анализдерін тексеріске алады. Рентген сәулесі арқылы, ультра дыбыспен зерттегенде, экскреторлық урография жүргізгенде тастың бөгде зат болып орналасуын, көлемін, пішінін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Емі. Ұстама кезіңде жылы емшараларды бел аймағына қолданылады (жылытқыш немесе ванна). Дәрігер нұсқауымен жансыздандыратын және жиырылуға қарсы босату үшін спазмолитик дәрілері енгізіледі: баралгин, атропин, платифилин. Ауырсыну сезімі басылмаса наркотикалық жансыздандыратын дәрілерді тағайындайды: омнапон, промедол немесе бүйректі бөгеу новокаинмен өткізіледі.

Егер науқастың жағдайы оңалмаса, хирургиялық емге көшеді. Емдәм тағамдарының құрамында пуринді заттарды шектеу: қуырылған ет, сорпаны бермеу. Сырқаттың емі тастардың құрамына байланысты.Урат тастары пайда болған жағдайда сүт өсімдік тағамдары зәрді сілтілендіру үшін қолданылады. Фосфатурия жағдайында табиғи минералды суларын көп мөлшерде пайдаланған тиімді. Ілеспелі жұқпа жағдайында антибиотиктерді, нитрофурандарды, сульфанильамидтерді қолданған жөн. Қазіргі кезде тастарды лазер арқылы үгітіп, сыртқа шығару әдісін қолданады.

Алдын алуы. Дұрыс тамақтану, физикалық күш түсіруге ағзаны бейімдету маңызды роль атқарады. Сонымен қатар ағзаны жұқпадан тазалау. Суық тигізбеуге, салқын жерде жұмыс істеуге тыйым салу керек. Жағымсыз қылықтарды доғаруға және олардың тыйылуына ат салысу керек. Сонымен бірге зат алмасу процессін жөндеу де маңызды роль атқарады.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 9045;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.