Бронхтық астма
Өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттарына жатады (ӨСОС)
Бронхтық астма – ағзаның иммундық механизмдер негізінде бронх серпіліс қабілетінің өзгеруінен дамитын жұқпалық - аллергиялық сырқат. Міндетті түрде бронхылардың қабырғалары жиырылып тарылып, бронхылардың шырышты қабығы ісініп, шырыш көп бөліну нәтижесінен бронхтың өткізгіш қызметі бұзылып, демікпелік ұстама байқалады. Демікпе жер жүзінде кең таралған сырқат түріне жатады. Бұл ауру әйелдер арасында жиірек кездеседі. Ауылды жердің тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары демікпемен жиі ауырады.
ДДҰ бойынша бронхтық астма деген ұғымға келесі анықтама берілген: бұл гиперреактивтіліктің белгілері байқалып, обструкцияның 4 сүлесі қалыптасатын тыныс алу жолдарының созылмалы қабынулық сырқаты.
6 суретДемікпе ұстамасындағы
пациенттің төсектегі жағдайы (ортопное)
Этиологиясы. Бронхтық астма аллергендердің, кейбір дәрі – дәрмектер түрлерінен, әртүрлі жұқпа және кәсіптік мәнбірлердің, сонымен қатар жиі қажығандықтан, құбылмалы ауа райының әсерінен дамуы мүмкін. Сырқаттың дамуына байланысты демікпенің бірнеше түрлері бар: атопиялық (аллергиялық демікпе), жұқпалық – аллергиялық демікпе, аспириндік демікпе, қажу демікпесі т.б. Демікпенің даму барысында аллергиялық механизм маңызды орын алады. Оны түрлі әр тектегі аллергендер, яғни жұқпа және жануарлық агенттер, өсімдік тозаңдары, химиялық заттар туғызады. Тұқым қуалайтын мәнбірлердің де орны ерекше болып келеді.
Патогенезі. Бронхтық астманың патогенезі 3 кезеңге бөлінеді:
§ иммундық (аллергеннің әсерінен ағзада антиденелер пайда болып тегіжат пен байланысып субстрат қатынасын құрады);
§ патохимиялық кезеңде аллергеннің қайталанған әсерінен көбейген қаныққан клеткалары белсенді биологиялық зиянкес заттарын бөліп шығарады (гистамин, ацетилхолин, серотонин, брадикинин). Бұл белсенді биологиялық зиянкес заттардың көбісі бронх тарамдарын тарылтуға бейімделген болып келеді;
§ патофизиологиялық кезеңде биологиялық заттар бронхтарды тітіркендіріп тарылтады. Бронхылардың шырышты қабаты дымқылданып, эксудат көп бөлініп бронхтарды бітейді. Тыныс алу дәрісі нашарлайды.
Жіктемесі. Аурулардың халықаралық жіктелуі бойынша, ДҰ ,1995ж, бронхылық демікпенің келесі түрлері бар:
І.Себебіне байланысты:
· Экзогенді демікпе (жұқпалы емес, атопиялық)
· Эндогенді демікпе (атопиялық емес, жұқпалы-аллергиялық)
· Аралас демікпе
ІІ.Ауырлық дәрежесі бойынша
· Жеңіл ауырлықта интермиттік ағымды
· Жеңіл ауырлықта персистиялық ағымды
· Орташа ауырлықта персистиялық ағымды
· Ауыр ауырлықта персистиялық ағымды
Жеңіл ауырлықта интермиттік ағымды демікпенің белгілері:
- демікпе ұстамасы аптасынан 1 рет сирек;
- қозу мерзімі қысқа (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін);
- түнде ұстама айына 2 рет немесе одан да сирек;
- қалыпты түрде өкпе қызметі бұзылмаған;
- дем шығару жылдамдығы (ДШЖ) қалыптыдан > 80%
Жеңіл ауырлықта персистиялық ағымды демікпенің белгілері:
- ұстаманың дамуы тәулігіне 1 реттен аспайды;
- науқастың физикалық белсендігі төмендейді, ұйқысы бұзылады;
- түнде ұстама айына 2 реттен жиі байқалады;
- дем шығару жылдамдығы (ДШЖ) қалыптыдан > 80%
Орташа ауырлықта персистиялық ағымды демікпенің белгілері:
- ұстама күнде ұстайды;
- науқастың физикалық белсендігі төмендейді, ұйқысы бұзылады;
- түнгі ұстама аптасына 1 реттен жиі байқалады;
- дем шығару жылдамдығы (ДШЖ) қалыптыдан 60%- 80%
Ауыр ауырлықта персистиялық ағымды демікпенің белгілері:
- ұстама күніне бірнеше рет мазалайды;
- түнгі ұстама жиі байқалады;
- науқастың физикалық белсендігі өте төмен;
- дем шығару жылдамдығы (ДШЖ) қалыптыдан < 60%.
ІІІ.Аурудың кезеңдері:
· қозу;
· ремиссия.
Қозу кезеңі 4 дәрежеде байқалады: ауыр емес, орташа ауырлықта, ауыр түрде, өмірге кедерлі түрде.
ІҮ.Асқынуларына байланысты:
· А. Жедел өкпе асқынулары:
- Status astmaticus;
- ателектаз;
- дем алу жеткіліксіздігі;
- пневмоторакс.
· Б.Созылмалы өкпе асқынулары:
- созылмалы өкпелі жүрек
· В.Демікпенің емімен байланысты асқынулар:
- гормон препараттарына тәуелділік
- гормон препараттарының әсерінен дамыған асқынулар
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ең басты көрінісі демікпе ұстамасының дамуы болып табылады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде тыныстың тарылуы түнде басталып, содан күндізде болады. Басында науқастың көмейі жыбырлап науқас жөтеле бастайды, жөтел бара – бара асқынып, аурудың тынысы тарылып, дем ала алмай, тұншығады. Толықсу басталғанда науқас аяғын төмен түсіріп, қолымен төсектің шетін ұстап отырады. Беті ісіңкіреп (тұншығып отыр), ауызы, мұрыны көгеріп, суық тер шығады. Науқастың дем алысы жиілейді, демді сыртқа шығару дәрісі қиындайды. Өкпеде ауа көп болғандықтан, перкуссияда қорап тәрізді дыбыстың естілуімен түсіндіріледі. Аускультацияда және қашықтық аралығында да ысқырған, шиқылдаған сырылдар естіледі. Демікпе ұстамасынан зардап шегуші мазасызданып, безек қағады. Толықсудың ағымының ұзақтылығы әртүрлі болып келеді: бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейде бірнеше күнге дейін созылады. Басында жөтел қақырықсыз, содан соң қақырықты жөтел пайда болады. Қақырық өте аз мөлшерде білінеді. Қақырық ауызға жабысып, кілегейленіп тұрады. Осы қақырықтың түсуі нәтижесінен демікпе ұстамасы аяқталады.
Аурудың әсерінен орталық жүйке жүйесі бұзылып, кома дамуы мүмкін. Сырқаттар халі нашарлайды, ісік пайда болады. Созылмалы өкпе – жүрек жетіспеушілігі дамиды.
Ауру өршігенде жалпы қан анализінде эозинофильдер көбейеді. Қақырықта Куршман шиыршықтары, Шарко – Лейден кристалдары, эпителиялық торшалар табылады. Демікпе ұстамасы өршіген науқастарда сыртқы тыныс алу қызметі өзгеріп бронхылар өткізгіш қабілеті бұзылады. Бронхоскопия тексерісінде эндобронхит патологиялық өзгерісі анықталады. Рентген тексерісінде өкпе бөліктері ашық түсті болып, өкпе түбіріндегі артериялар тармақтарының сұлбасы кеңейеді.
Емі. Бронхтық астманың емі тұншығу ұстамасын тыйылтып, аурудың негізгі даму механизмін басуға арналған шараларды өткізу болып табылады. Толықсу кезінде науқасқа ыңғайлы жағдай көрсетіп, қысып тұрған киімдерін босатып, таза ауа жіберу қажет. Бронхтық астманың жеңіл түрінде ұстаманы рефлекторлық түрде қыша қойып басуға болады. Немесе аэрозоль жұтқызып (атровент), оттегі қабылдайды. Бронхтық астманың орташа және ауыр түрінде бір сағаттың ішінде 3-4 рет беротек немесе беродуал небулайзер арқылы қолданылады. Сонымен бірге 2 сағат сайын 60 – 90 мг преднизолон ерітіндісін енгізеді. Ауыр жағдайларда 1 сағат сайын беротек немесе беродуал небулайзер арқылы қолданылады, 2 сағат сайын 60 – 90 мг преднизолон ішкізеді, сонымен бірге көк тамырға 200 мг преднизолон ерітіндісі енгізіледі. Науқастың дем алуы қиындап, тұншығу дәрежесіне дейін жеткен жағдайда, жасанды дем алдыру шараларын реанимация бөлімшесінде жүргізеді. Ұстама арасындағы ем және олардың алдын алу шараларын өткізу бронх демікпесінің клиникалық бейнесі мен дамуына байланысты жүргізіледі. Атопиялық демікпеде сырқаттарды тағамдық және тұрмыстық аллергендердің әсерінен сақтандырып, гигиеналық шараларын қолданып, жүргізген қажет
Бейнелеме
Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 7046;