Ауруханадан тыс дамыған пневмония

Бұлардың ішінде ең жиі кездесетін түрі пневмококтік пневмониялар. Сырқат екі клиникалық түрде байқалады: крупты және ошақты. Крупты пневмонияда өкпенің тұтас бір бөлігі немесе сегменті қабынады және қасында жатқан өкпеқап қабыну дәрісіне бейім болуы мүмкін. Крупты пневмонияның патологиялы - морфологиялық көрінісі:

¨ Өкпе тініне қанның толу кезеңі (гиперемия). Өкпе тіні қанмен толып дымқылданады (3 тәулікке дейін созылады);

¨ Бауырлану кезеңі:

А) қызыл бауырлану - альвеолаларға эритроциттер шығып, өкпе бөлігі қызарады. Мерзімі 4-5 тәуліктері.

Б) сұр бауырлану кезеңі - альвеолаларға лейкоциттер шығып, өкпе бөлігі

сұрланады. Мерзімі 6 - 7 тәуліктері.

¨ Айығу кезеңі - альвеолалардағы фибрин талшықтары сіңіріліп жойылады. Біртіндеп өкпе тіні жұмсарады.

Клиникалық көрінісі: ауру күрт басталады, науқас өзінің сырқатын нақты қай уақыттан басталғанын айтып, сырқаттың мерзімі анықталынады. Дене қызуы 39 – 400 С дейін көтеріліп, науқас қатты дірілдеп, қалшылдайды. Кеудесі ауырсынып жөтелгенде және қатты дем алғанда ауырсыну күшейе түседі. Бұл сырқатта ентігу тез басталады, дем алу жиілігі 30 - 40 дейін барады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде жөтел құрғақ болып келеді. Ал 1-3 күннен кейін қақырық бөлініп шығады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде қақырықтың құрамы қан аралас болып келеді. («тотты қақырық»). Бұл сырқаттың қызыл бауырлану кезеңіңде байқалатын көрініс. Содан соң қақырық шырышты түріне ауысады. Бұл сырқаттың сұр бауырлану кезеңі. Сырқаттың қабынған өкпе жағындағы бетінің ұшы қызарып, науқастың ауыз маңайының ұшына ұшық шығады. Науқастың дем алуы жиіленіп, кеудесінің зақымданған жағы өкпе бөлігінің сау жағынан тыныс алғанда қалыптан тыс кеміп отырады. Осының салдарынан өкпенің қозғалыс белсенділігінің кемуі байқалады. Тықылдатқанда қысқарған дыбыс естіледі. Науқасты тыңдағанда әлсіз везикулярлық дем байқалып, дымқыл сырылдар естіледі, бастапқы кезінде сықылдау айқындалынады (демді ішке жұтқанда). Егер дәріс өкпеқапқа жайылса, өкпеқап аралығының үйкеліс шуылы естіледі. Орталық жүйке жүйесі бұзылғандықтан уыттану белгілері дамиды: бастың ауруы, қозу, тамаққа тәбетінің төмендеуі, үлкен дәретінің кідіріп қалуы. Кейде ас қорыту ағзаларының уыттанулық зақымдануынан терісі сарғыш болуы мүмкін. Бұл жағдайларда науқас сандырақтайды. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, кеуденің ауырған жағына жатады. Рентген тексерісін жүргізгенде өкпенің қарайып тұрғаны білінеді (бір бөлігінің немесе сегментінің). Кейіннен айығу кезеңінде сырылдар азайып, везикулярлық демге айналады. Уыттану белгілері азаяды, науқастың жағдайы жақсарады.

Қандалейкоцитоз 15 - 30 мыңға дейін көбейеді, ЭТЖ 50-60 мм/сағ.дейін артады, биохимиялық қан анализінде сиал қышқылдары, гаммаглобулиндер, фибриноген күрт көбейеді. С-реактивті ақуыздың сынамасы айқын оң көрсеткішті болады. Қақырықта ақуыз, эритроциттер, лейкоциттер көбейеді.

Асқынулары: жедел қан - тамыр жетіспеушілігі (есенгіреу) дамуы мүмкін, эксудатты плеврит жиі кездеседі, өкпе тінінің іріңдеуі, жүрек қабатының қабынуы, миокардит, нефрит сияқты асқынулар дамуы мүмкін. Уыттану синдромы айқын байқалады.

 








Дата добавления: 2015-11-06; просмотров: 2460;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.