Ақыл - ойдың дамуы

Тілді және саналы сөйлеуді практикалық меңгеру. Мектепке дейінгі балалар өз бетінше әрекет етіп , отбасы шеңберінен алшақтап, құрдастарымен , басқа адамдармен қарым – қатынас жасап қарым – қатынас шеңбері ұлғаяды. Шеңбердің ұлғаюы баладан қарым- қатынас жасаудың барлық тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Олардың маңыздысы–сөйлеу.

Сөйлеудің дамуы бірнеше бағытта жүреді: сөйлеу басқа адамдармен қарым – қатынас жасаудың негізгі құралы; сонымен қатар сөйлеу – ойлаудың құралы , психикалық процестің маңызды бөлшегі бала тәрбиесінің белгілі жағдайларда, бала сөйлеудің мағынасын, құрылымын түсінеді.

Сөздіктің және сөздің грамматикалық құрлымының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде сөздік қор дамуы жалғасады. Ерте балалық шақпен салыстырғанда мектепк дейінгі кезеңдегі баланың сөз қоры 2 -3 есеге ұлғайған. Сөздік қордың дамуы өмір жағдайларымен тәрбиеге тікелей байланысты индивидуалдық ерекшеліктері айқын көрінеді.

Мектепке дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есім емес, етістік, есімдік, сан есім және біріктіруші сөздер арқылы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде бала ана - тілінің морфологиялық, септелу мен жіктелудің бір қырларын меңгереді.

Балада тілдің меңгеру өзінің белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөз құрауда немесе сөздіктің жаңаруында байқалады. Мектепке барар алдында бала тілдің синтаксистік және морфологиялық заңдарының біраз бөлігін игереді. Тілдің мағынасын және дыбысталуынан хабардар болу үшін практикада қолдану керек.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балада сөздің мағынасын арнайы оқыту процесінде пайда болады.

Тіл функциясының дамуы. Коммуникативті функция - бұл мектепке дейінгі кезеңде дамитын қарым – қатынас функциясы болып табылады. Ерте кезден бастап бала оның қоғаммен араласу үшін қолдана бастайды. Сол сәтте өзіне жақын адамдармен араласа бастайды. Қарым –қатынастың бұл түрі үлкен адаммен баланың тікелей қатысуымен жүреді. Ситуативтік байланыс әсіресе өзіммен бірге қасында отырған адамға жақын және түсінікті болып келеді. Ал бірақ түсінбеген адамға бұл әрине түсініксіз болып табылады. Ситуативтілік баланың тілімен әр түрлі болып табылады. Айналадағы қоғаммен арласа отырып және айналадағы дүниеге деген қызығушылықтан балада контекстік байланыс пайда бола бастайды. Контекстік байланыс ситуацияны толықтай бейнелей айлады

Жоспарланған функция. Мектепке дейінгі кезең жақындаған сәтте баланың сөзі алдын ала жоспарланған және оның практикалық мінез - құлқына айналады. Осыған сәйкес екінші функциялық сөз қалыптасады. Бұл функцияны орындау баланың ойлау қабілетімен бірге жүреді. Баланың ойлау қабілеті оның балалық шағында практикалық іс - әрекетімен байланысты. өзіне байланысты айтылған және іс -әрекет кезінде пайда болатын байланыс эгоцентрикалық байланыс деп аталады. Мектепке дейінгі кезеңде өзгеріп отырады. Онда практикалық іс- әрекетке дейін ой пайда болыды. Жоғарғы мектеке кезеңге келгенде бұл байланыс өте жиі өте байқалады. Гегер бала осы кезеңде ешқандай адаммен араласпаса, онда ор жұмысты ішінен орындайды. Эгоцентрикалық байланыс ішкі және сыртқы байланыстың аралық түрі болып табылады.

Экспрессивтік функция -жоғарғы деңгейдегіжануарларға арналған ең көне гететикалық функция болып табылады. Эмоционалды функцияның барлығы оның барлық жақтарын қамти отырып, экспрессивттік функцияға қызмет атқарады. Экспрессивті функция автономды функциядан бастап, барық функцияға ұқсас болып келеді.

Сенсорлық даму. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық даму кезеңі болып табылады .Қозғалмалы заттарды тани отырып, бала заттың формасын, түрін түсін, салмағын, температурасын дұрыс ажырата алады. Ол музыканы тыңдай отырып, дыбыстың жоғарылығын, әуенді ажыратуды үгренеді . Сенсорлық даму екі жақты байланысты қарастырады. Сенсорлық эталон адамның тарихи даму кезеңінде пайда болған Табиғатта көптеген әр түрлі түстер мен формалар бар солардың негізінде адам қоғамдық өмірдегі заттарды ажыратуға мүмкіндік алды.








Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 5289;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.