ДӘРІС № 6. БИОТЕХНОЛОГИЯДАҒЫ ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ ӘДІСТЕРІ.
Биологтар заманауи генетикалық әдістерді пайдаланып, бактерияларды ақуызды препараттар (мысалы, рестрицирлеуші эндонуклеаза), алуан түрлі химиялық қосылыстардың, аминқышқылдардың, антибиотиктердің және т.б. өндірісі бойынша өзіндік «биологиялық фабрикиаларға» айналдыруды үйренген. Олар спецификалық гендерді бактериалды клеткалардың ішінде клондау арқылы бірегей метаболиттерді алу биосинтезінің жаңа жолдарын шығарады. Үй хайуанаттары мен адамдардың ауруларын диагностикалауға арналған зонда ретінде аурутудырушы микроорганизмдердің клондалған генін қолданады, сонымен бірге қауіпсіз әрі эффектілі вакциналарды алуға арналған изолирленген гендерді қолданады.
Гендік инженерияның әдістері көмегімен биологиялық процестердің спецификалық түрде жүруіне бактериялардың белгілі бір түрлерінің табиғи қабілеттілігін күшейтуге болады. Мысалы, қоршаған ортаны ластайтын токсикалық қалдықтарды эффективті түрде бұзатын бактерия штаммдары ауылшаруашылық культураларының қарқынды өсуіне себепші болады, целлюлозаны төменмолекулалы көміртек қосылыстарына дейін ыдыратып, зиянкес жәндіктерді жояды.
Молекулярлы диагностика
Заманауи медицинаның және ауыл шаруашылығының жетістіктері көптеген табиғи және экологиялық факторларға байланысты (бактерия, саңырауқұлақтарға, паразиттік микроорганизмдерге және т.б.). Көптеген диагностикалық процедураларды жүзеге асыру үшін алдымен потенциалды патогенді микроорганизмнің культурасын өсіріп барып оның физиологиялық қасиеттірін спектр арқылы анализдеу керек. Бұл тәсілдер әлдеқайда эффективті және спецификалы болғанымен ұзақ уақыт алады, шығынға әкеледі. Ол бактериялардың да, паразиттік микроорганизмдердің идентификациясына да қатысты (1-кесте). Кейбіреуі культивирлеуге келмейді мысалы, хламидиоз тудырушы Chlamydiatrachomatis және жыныс жолдары арқылы таралатын аурулар. Хламидиозды диагностикалау қиын. Сондықтан кейде дұрыс емдеу жүргізілмейді.
1-кесте. Паразиттік микроорганизмдерден туындаған инфекционды аурулардың диагностикасының кейбір әдістерінің салыстырмасы.
Әдіс | Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Mикроскопты зерттеу | Қарапайымдылық. Паразиттік микроорганизмдерді тікелей анықтау. Микроорганизмдердің морфологиялық белгілері бойынша шектелу мүмкіндігі. | Еңбексіңіргіштік, ұзқтық. Төмен дәрежедегі сезімталдылық. Ұқсас микроорганизмдердің шектелу мүмкіндігінң болмауы. Нәтижелерді интерпретациясы үшін жоғары квалификацияны қажет етуі. |
Тышқандарлы иммунизациялау invitrouкультивирлеу. | Тек тіршілікке қабілетті, паразитті микроорганизмдерді анықтау. Вируленттілік пен инфекциондықты анықтау мүмкіндігі. | Анализ ұзақтығы, қымбат болуы. Әртүрлі жануарлардың түрлерінде әртүрлі нәтиже алынады. Жануарлар организмінде тіршілік қабілетін жоғалтуы. Жануарларды қолдану. |
Антителаларды сарысуда анықтау | Қарапайымдылық, анализдің ұзаққа созылмауы. Автоматизациялау мүмкіндігі. Үлгілердің көп санын тестілеу мүмкіндігі. | Әрдайым спецификалы болмайды. Инфекцияның латентті және қатерлі шектеу мүмкіндінің болмауы. |
Гибридизация жәнеПЦР. | Жылдамдылық, жоғары сезімталдылық. Спецификалылық. Паразитті микроорганизмдерді тікелей анықтау. Әртүрлі түрлерді шектеу мүмкіндігі. Алдыңғы инфекцияларға тәуелсіз нәтижелер. Паразиттердің тіршілікке қабілеттілігін қажет етпейді. Автоматизация мүмкіндігі. | Анализдердің қымбаттылығы, көпдеңгейлілік. Тірі және өлі микроорганизмдерді ажырату мүмкіндігінің болмауы. Жалған оң және теріс нәтижелердің болуы. |
Кез келген патогенді микроорганизмдерді анықтау әдістері қарапайым әрі жоғары спецификалы және сезімтал болуы керек. Әдістің қарапайымдылығы осы әдісті рутинді қолдануда жеткілікті түрде продуктивті, эффективті және арзан болатындығын көрсетеді.
Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 2631;