УАТТЫ ҚАЗАҚСТАН — ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ДЕГЕН НЕ ?
Ұлттық (діл) идея, адам өмірінің мәнінен туындайтын ұғым. Адам өмірінің мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы, рухани жетілу болса, адамдар қауымдастығы, мемлекеттің ұлттық идеясы, рухы күшті, қуатты мемлекет қалыптастыру. Яғни, «Қазақстан 2050 – Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асыруға бағытталған, алтын ғасыр доктринасы. Доктрина деген не? Доктрина – лат. «doctrina», ілім, ғылым, оқыту, білімділік. Әрбір ұлт, халықтың, тіл, дәстүр, діліне қарай, қалыптасқан дүниетанымына сай ұстанымдары негізіндегі, саяси, теориялық даму бағытына, заманауи көзқарас. Рух дегеніміз не? Рух дегеніміз – мәңгі, шексіз, ешнәрсеге мұқтаж емес, бірлікке негізделген, махаббат пен мейірімнен тұратын, таза сана негізіндегі, ақыл-парасат, ғаламдық қуатты өрістік негіздегі толық жетілген ақпараттық жүйе, барлық жаратылыс негізі. Адам дегеніміз кім? Адам дегеніміз – жан мен тәннен жаралған, 12 мүше, 62 тамыр, 72 буыны санаға қызмет жасайтын, толық жетілген рухтың, жетілмеген, жер жағдайында, өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы, білім мен тәжірибе негізінде, рухани заңдылықтарды меңгеру арқылы, жетілетін бөлігі. Өмір мәні неде? Өмір мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы рухани жетілу. Тәрбие дегеніміз не? Тәрбие дегеніміз – адам бойындағы, ата-баба тегінен, әкесі мен анасы арқылы келе жатқан, шежірелік, генетикалық ақпараттарды баптау. Мінезіңнің жақсы жақтарын күшейтіп, жаман жақтарын басу арқылы, өзіңді-өзің жетілдіру.
Ұлттық тәрбие негізі, рухани тазалық ұстанымдарының көрсеткіштері: Ой-сана, ниет-пиғыл тазалығы; гигиеналық дене тазалығы; сөз тазалығы; іс-әрекет тазалығы; көркем мінезге сай, адамдар арасындағы қарым-қатынас тазалығы; экологиялық сана негізіндегі, қоршаған орта мен табиғатқа деген тазалық. Бақыт деген не? Бақыт дегеніміз – рухани заңдылықтар негізінде, ақ пен қараны ажырата білу арқылы, күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдап, алдыңа қойған мақсаттарға жете білу. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру дегеніміз не? Интеллектуалды ұлт немесе даналықты меңгерген ақыл-парасат иесін қалыптастыру дегеніміз – дәстүрлі рухани заңдылықтар негізінде, жан-жақты тазалық ұстанымдарын меңгеру арқылы, ақ жолдың қарасы, қара жолдың ағы болатынын түсініп, бір сөзден-ақ, көп нәрсені аңғарып, сөз астарын түсініп, ақыл-оймен саралап, жақсылыққа даралап, күнделікті өмір сынақтарынан, жүйелі ой-сана негізінде, дұрыс шешім қабылдау арқылы, алға қойған мақсатыңа жетіп, адал да, таза өмір сүре білу. Енді, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі қалай іске асады. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі – тіл мен ділімізге, дәстүрлі рухани заңдылықтарға, заман талабына сай, ғылыми көзқараспен қарап, адам ой-санасының пирамидалық құрылымының галограммасын, күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу арқылы іске асады. Әлем тәжірибесі көрсетіп тұрғандай, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер, ұлт рухын көтеру арқылы, нарықтық бәсекеде, алдыңғы орындарға ие болып, мәдени — экономикалық салаларда ірі жетістіктерге жетіп отыр. Ұлт рухын көтеру арқылы, бір атаның баласы, Қуатты Қазақ Елі, Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасын іске асырудың негізі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі немесе тұмар жүйесі сан жағынан аз болса, да сапа жағынан мықты ұлт дайындауға ауқымды үлес қосары анық. Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы деңгейінде іске асырылатын, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі, бақыт пен даму кілті, тұмар жүйесін меңгеру, қазақ тілі діл дәстүрін білу арқылы ғана, жоғары деңгейде іске асатындықтан, өзге ұлттар тарапынан мемлекеттік тіліміз, тарих, мәдениетімізге деген қызығушылық пен мұқтаждық, күннен-күнге арта түсері ақиқаттың шындығы, ұрпақтарымыздың жарқын болашағы.
Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 2426;