Ж.Б.Ламарктың даму концепциясы
Жалпы органикалық дүниенің дамуын сипаттайтын біртұтас концепциясын жасауға талпынған француз жаратылыстанушысы Ж.Б.Ламарк. Басқа өзінен бұрынғы зерттеушілерден өзгешелігі – оның теориясы нақты фактілерге сүйенеді. Оның эволюциялық теориясына негіз болған даму туралы, қарапайымнан күрделіге бірте-бірте өту туралы, сыртқы ортаның организмдердің өзгерісіне тигізетін әсері туралы түсініктер. Қарапайымдардан ең жетілген организмдерге дейін даму органикалық әлем тарихыныың ең маңызды мазмұны. Адамзат та осы адам тектес маймылдар болып саналады. Бұл көзқарас ол кездегі ең бір революциялық көзқарас болып саналды (Ламарктың «Зоология философиясы» атты еңбегі 1809 жылы жарық көрді.
Ол жануарлардың әр түрлі кластарын сипаттай келіп, олардың арасындағы аралық формаларды іздеді, сол кездегі салыстырмалы анатомияның жеткіліксіз дәрежеде дамуына байланысты, бірнеше қателіктер де жіберді. Ондай аралық түрлердің болуы органикалық дүниенің эволюциясының нақты дәлелі болар еді.
Эволюцияның негізгі себебі ретінде Ламарк тірі табиғатқа қатысты күрделенуге және ұйымдасуды жетілдіруге деген ұмтылысты санады. Ол әр түрдің туа біткен қабілеті болып саналады. Эволюцияның екінші факторы ретінде ол сыртқы ортаның әсерін қарастырды, яғни ол тұрақты болған жағдайда түрлер де өзгермек емес, ал қоршаған ортада өзгеріс болса, түрлер де өзгеріске түсуі тиіс. Бұл жағдайда қабылданған белгілер тұқым қуалайды.
Сонымен, ламаркизмға екі методологиялық белгі тән: телеологизм – организмдерге тән жетілуге ұмтылыс; организмоцентризм организмді эволюцияның элементаралық бірлігі ретінде қарастыру, яғни оның сыртқы ортаның әсерімен өзгеріске түсуі және бұл өзгерістердің тұқым қуалаушылық арқылы берілуі.
Бірақ Ламарк теориясы өз уақытында қолдау тапқан жоқ, себебі ғылым ол кезде эволюциялық қайта құру идеясын қабылдауға дайын емес болатын. Оның ұстіне Ламарк жүргізген түрлердің өзгеру себептерінің дәлелдерге толық көз жеткізілмеді.
Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 3024;