Асқын өткізгіштік құбылысы
Асқын өткізгіштердің қасиеттерін зерттеу мақсатында қойылған әр түрлі тәжірибелер металдың асқын өткізгіштік күйге өтуі кезінде оның кристалдық торының құрылымы өзгермейтіндігі, оның механикалық және оптикалық (көрінетін және инфрақызыл аумақтарда) қасиеттері өзгермейтіндігі туралы қорытындыға келді. Бірақ осындай өту кезінде электрлік қасиеттерінің секірмелі түрде өзгеруімен оның магниттік және жылулық қасиеттері де сапалық түрде өзгереді.
Неміс ғалымы В. Мейсснер көрсеткендей асқын өткізгіштік күйде асқын өткізгіште магнит өрісі болмайды. Бұл асқын өткізгішті критикалық температурадан төмен температураға салқындатқанда одан магнит өрісінің шығып кететіндігін көрсетеді (Мейсснер эффектісі).
Асқын өткізгіштіктің физикалық табиғаты 1957 жылы ғана гелийдің асқын аққыштық теориясы (1941 ж. Ландау енгізді) негізінде түсінікті болды. Асқын өткізгіштік теориясын америка физиктері Д. Бардин, Л. Купер, Д. Шриффер (БКШ теориясы) енгізіп, Н.Н. Боголюбов дамытты.
Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары:
1. Фонон дегеніміз не?
2. Фононның қасиеттері қандай?
3. Асқын өткізгіштік құбылысын қалай түсіндіруге болады?
4. Қатты денелердің зоналық теориясын түсіндіріңіз.
5. Жартылай өткізгіштер дегеніміз не?
6. Кемтік дегенде қалай түсінесіз?
7. Асқын өткізгіштік теориясының негізін қалаған кімдер?
Дәріс № 14 Атом ядросы
Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 6527;