Иллюстративный материал. Рис.1. T.pallidum в темном поле Рис.2

Рис.1. T.pallidum в темном поле Рис.2. Реакция флюоресецнции

H. da Rocha- Lima енгізген (1916) «риккетсия» термині үлкен грам теріс тіршілігі буынаяқтылармен байланысты микроорганизмдер тобын құрайды. Риккетсиялардың жүйелік орналасуын бүгінде толық анықталған деп айта алмаймыз. Қазіргі классификациялық жүйе тек бұл микроорганизмдердің биология, генетика және экология білімдерінде жинақталған мағлұмат болып табылады:

  1. рикктсиялар облигатты клетка ішілік паразиттер;
  2. басқа бактериялардан айырмашылығы жасуша дақылынсыз қоректік орталарда тіршілік ете алмайды;
  3. олардың биологиясы буынаяқтылар паразитизмімен байланысты;
  4. олардың құрлысының, көбеюінің, биохимиялық, генетикалық және иммунобиологиялық мінездемелерінің ерекшеліктері бар;
  5. риккетсилар тудыратын аурулардың клиникасы мен эпидемиологиясының ерекшелігі;
  6. арнайы зерттеу әдістері бар (риккетсиологиялық).

Бұл микроорганизмдер топтарынан маңызды орын алатын адам мен жылықанды жануарларға апатогенді,бірақ тіршілігі буынаяқтыларға жоғары бейімделген риккетсиялар. Риккетиялар мен риккетсиятәрізді микроорганизмдер әр түрлі буынаяқтылар арасында кең таралған, соның ішінде биттер, кенелер, масалар, бүргелер. Бұл микроорганизмдер тобының өкілдерін эндосимбионттар деп атайды, себебі олар буынаяқты- иелерімен мутуалисттік қатынаста. Буынаяқтылар организміне жоғары бейімділігі болғандықтан, риккетсиялардың бірінші иелері ретінде қарастыруға болады. Көптеген омыртқалы жануарлар мен адамға патогенді риккетсиялар медициналық және ветеринарлық маңызы бар.

Таксономия.

Патогенді риккетсиялар мен оларға жақын қоздырғыштар – эукариоттық жасушалардың эндоцитобионттары қазіргі токсономия бойынша прокариоттар патшалығына Gracilicutes бөліміне, Proteobacteriaклассына, Rickettsiales түріне, Rickettsiaceae туыстығына, құрамына Rickettsia, Orientia, Ehrlichia және Bartonellaceae тұқымдастығына, ал Coхiella тұқымдастығы ( Ку қызбасы) гамма- протеобактериялар тобына жатқызылады.

Бөртпелі сүзек – Rickettsia prowazekii адам мен платиналы биттің арасындағы парзитарлы жүйеде қоздырғыш циркуляциясы жүретін антропоноз. Бит организмінде риккетсиялар ішек эпителийін бұза отырып көбееді. Риккетсиялар тасымалдаушының нәжісінде көп мөлшерде кездеседі. Платиналы бит адам ағзасынан бөртпелі сүзекті қызба кезінде кетеді. Таралу жолы – трансмиссивті.

Ку қызбасы.

Өз атауын инфекция ағылшын сөзінің querry, яғни белгісіз, түсініксіз мағанасында, алғашқы екі әрпінен алды Qu. Қоздырғышы – Coхiella burnettii – қоректік орталарда өспейтін эукариотты клетканың фаголизосомальды паразиті. С.burnettii тауық эмбриондарында, клетка дақылдарында, әр түрлі зертханалық жануарларда өседі.

Коксиеллалардың фазалық вариациялары, R- және S- бактерия түрлері. Фаза1 және фаза2 қоздырғыштары вируленттілігі, құрлысы, иммуногендігі және басқа қасиеттері бойынша ерекшкленеді. Коксиеллалар риккетсиялардан ұсақтау, инфратүр түзуге қабілетті (40 нм кіші), ал олар бактериялық фильтрлерден өтуге өте қабілетті, сыртқы ортаға тұрақты.

Ку қызбасы – негізінен ауыл шаруашылық малдың зоонозы. Инфекция көзінің және таралу факторларының көптігімен сипатталады. Негізінен аспирациялық және контактілі жолмен, сирек – алиментарлы жолмен жұғады. Қоздырғыштыі жоғарғы тұрақтылығын ескере отырып шаңды инфекция маңызы зор болып табылады.

 

Ортомиксовирустар.

Ортомиксовирустар тұқымдастығы – бұл РНҚ – құрамды вирустар, нуклеокапсид симметриясы спираль тәрізді. Суперкапсиді бар, оның құрамына липидтер кіреді, сондықтан эфирге сезімтал.








Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 1520;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.