Патогенезі.
Патогенезі зақымдалған клетканың өлуі және жергілікті қабыну реакциялары көрінеді. Қан құйылумен бірге зақымдалған неиротикалық гранулематозды ошақтар пайда болады.
Антигендік құрылысы.
Арнайы түрлік Аг (ЛПС).
Орнитоз қоздырғышы (C.psittci)
Орнитоз (грек ornithos. құс)- жалпы интоксикациямен жүретін жұқпалы ауру, өкпе, жүйке жүйесінің зақымдалуымен, гепатоспленомегалия. Алғаш рет қоздырғышты С. Бэдсон өлген попугайдан тапқан. Әлементарлы денешік дөңгеленген формада (0,2-0,35 мкм). Резервуары- әртүрлі құстар (140 түрі). Табиғатта- суда жүзетін құстар. Құстар қоздырғышы бірнеше ай бойы бөледі. Негізгі берілу жолдары- ауа- шаң және ауа-тамшылы. Ауру адам қоздырғышты көп бөлмейді, сондықтан қатынаста болғандарды қадағаламайды.
Клиникалық көрінісі.
Инкубациялық кезеңі- 8-12 күн. Ауру жедел басталады- бұлшық еттің және бас ауыруымен басталады. Дене t- 38-390С. 1 күні науқастар- тамақта ауырсыну, белде ауырсыну, құрғақ жөтел. Соңынан ларингит және трахеобранхит симптомдары басталады. 8-12 күнінде пневмония басталады. 3-4 күнінде кейбір науқастарда қызылша тәрізді бөртпе пайда болады.
Микробиологиялық диагностикасы.
Негізгілері- бактериологиялық, биологиялық және серологиялық әдістер. Алдын- ала материалды- бактериоскопия жасайды. РИФ және РНИФ әдісі арқылы Аг- ды анықтау үшін.
Негізгі диагностикасы- серологиялық әдістер. Кең тарағаны- КБР. 1:32 жоғары болғанда аркитозды дәлелдейді. АД титрі 2 аптадан соң байқалады.
Емдеуі және прафилактикасы.
Доксициклин қолданылады (кейде эритромицинмен ауысады). Арнайы прафилактикасы жоқ. Негізгі шаралар- ветеринарлы- санитарлық және медико-санитарлық шаралар қолданады.
Хламидиялық бронхопневмония қоздырғышы.
C. pneumonice қоздырғышының өзгешелегі Аг өзгешелігі және қосынды денешіктері груша тәріздес формада. Көбінесе 50% ересектер ауырады. Инфекция көбінесе субклиникалық түрде өтеді, адамдарға ғана патогенді және тек қана қатынас арқылы беріледі.
Инкубациялық кезеңі- 1-2 апта. Ауру жедел басталады- бас аурумен дене температурасы жоғарлайды. Алғаш жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдап, кейін бронхопневманияға ауысады. Анықтау қиын.
Емдеуі: доксициклин, тетрациклин қолданады.
Дата добавления: 2015-08-04; просмотров: 1189;