Диагностикасы. Біріншілік гипокортицизм

Біріншілік гипокортицизм

1. Гипокортицизмді зертханалық дәлелдеу. 1-СБҮБЖ-не гиперкалиемия, гипонатриемия, лейкопения, лимфоцитоз, кортизол мен альдостеронның төмен деңгейі, АКТГ және ренин деңгейінің жоғары болуы тән. Кортизолдың базальды деңгейін анықтау ақпараты төмен. 1-СБҮБЖ зертханалық диагностика негізінде 1-24АКТГ (синактен) сынағы жатыр. 1-24АКТГ көктамырға 250 мкг мөлшерде, ал бұлшықетке 500–1000 мкг (синактен-депо) мөлшерде енгізіледі. Бірінші жағдайда кортизол деңгейі 60 минуттан кейін, екінші жағдайда 8–12 сағаттан кейін бағаланады. Кортизол деңгейін ынталандыру көрінісінде 500 ммоль/л жоғары болса, 1-СБҮБЖ диагнозы расталмайды.

2. Этиологиялық диагностикасы. Генезі аутоиммунды 1-СБҮБЖ маркері P450c21 қарсыденелер болып табылады. Адренолейкодистрофияға қанда ұзын тізбекті май қышқылдары мөлшерінің жоғарылауы (С24:0 — С26:0), МРТ-да бас миы мен жұлынның айқын өзгерістері тән (симметриялық демиелинизация). Генезі туберкулезді 1-СБҮБЖ кезінде тәжірибеде жиі өкпе жағынан өзгерістер анықталады.

 

Екіншілік гипокортицизм

1. Гипокортицизмді зертханалық дәлелдеу. Осы мақсатта инсулинді гипогликемиямен сынақ жүргізіледі, қалыпты жағдайда бұл сынақтан кейін гипофизден АКТГ бөлінуі жоғарылап, кортизол мөлшері артуы тиіс. Қысқа әсерлі инсулин ашқарынға 0,1–0,2 Бр/кг мөлшерінде енгізіледі; егер гипогликемия дамымаса, инсулин мөлшері жоғарылатылады. Гипогликемия көрінісінде кортизолды анықтау үшін қан алынады, егер қан талдау нәтижесінде кортизол мөлшері 500 нмоль/л жоғары болса, БҮБЖ жоққа шығарылады. Сынақты орындау жүрек-қантамыр патологиясы дамыған егде науқастарға қарсы көрсеткіш болып табылады.

2. Этиологиялық диагностика. Екіншілік гипокортицизм себебі анамнездік мәліметтер бойынша анықталады (гипофиз аденомасы, гипофизге жасалынған операциялар және т.б.). Қажет болған жағдай гипофиз МРТ-сі орындалады.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 966;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.