Диагностикасы. Гипотиреоз диагностикасы, яғни ҚБ қызметінің төмендеуін дәлелдеу өте қарапайым

Гипотиреоз диагностикасы, яғни ҚБ қызметінің төмендеуін дәлелдеу өте қарапайым. Диагностикасы ТТГ және Т4 мөлшерін анықтауға негізделеді, бұл кезде ТТГ мөлшерінің шектелген жоғарылауы субклиникалық гипотиреозды білдіреді, ал ТТГ жоғарылап, қатар Т4 гормонының төмендегені — айқын немесе манифесті гипотиреозды көрсетеді. Аталған зерттеуге көрсеткіштерді анықтау үлкен мәселе болып табылады, себебі гипотиреоз клиникалық көрінісінің бейспецификалығы, яғни «айқын симптомдардың» өзі гормональды зерттеулерде расталмайды. Мұнымен қатар, ТТГ деңгейінің жоғарылап, Т4 мөлшерінің төмендеуімен сипатталатын гипотиреоз кейде симптомсыз өтуі мүмкін.

Субклиникалық гипотиреоз көп жағдайда симптомсыз ағымда өтеді, сондықтан оны анықтау қиындықтар тудырады. Осыған орай, ҚБ қызметін анықтап, гипотиреозды даигностикалау мақсатында жүргізілетін, көптеген нұсқаулықтар ұсынатын скрининг тестін жүргізу жөнінде өзекті мәселе жатыр. Гипотиреоздың дамуына әкелетін мүмкін болатын қауіп факторлары, ҚБ қызметін бағалау көрсеткіштері төмендегі 3.13 кестеде көрсетілген.

 

3.13 кесте. Гипотиреоздың дамуына әкелетін қауіп топтары

 

Отбасылық анамнез 1. Қалқанша без аурулары 2. Пернициозды анемия 3. Қантты диабет 4. Біріншілік бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
Анамнез 1. Анамнезінде ҚБ қызметінің бұзылыстары 2. Жемсау 3. ҚБ жүргізілген операция немесе 131I-пен терапия 4. Қантты диабет 5. Витилиго 6. Пернициозды анемия 7. Бірқатар дәрілік заттар (литий карбонаты, йод дәрілері, амидорон және контрасты агенттер)
Зертханалық мәліметтер 1. Атерогенді дислипидемия 2. Гипонатриемия 3. Анемия 4. Креатинфосфокиназа мен лактатдегидрогеназа мөлшерлерінің жоғарылауы 5. Гиперпролактинемия

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 769;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.