Диагностикасы. ГА-ның диагностикалық нышандарына (критерий) жатады:

ГА-ның диагностикалық нышандарына (критерий) жатады:

1. Зертханалық дәлелденген тиреотоксикоз (ТТГ↓, Т4 және Т3↑);

2. Эндокринді офтальмопатия (60–80 % жағдайда);

3. ҚБ көлемінің диффузды ұлғаюы (60–70 %);

4. ҚБ сцинтиграфиясы бойынша 99mТс сіңірілуінің диффузды күшеюі;

5. ТТГ рецепторларына қарсыденелер.

 

ГА диагностикасының бірінші этапында, науқаста дамыған клиникалық симптоматика тиреотоксикоз синдромы әсерінен дамығанын дәлелдеу керек (тахикардия, тремор, арықтау). Бұл мақсатта гормональды зерттеу тағайындалады, зерттеу нәтижесі ТТГ төмендегенін немесе толық жоғалғанын, Т4 және/немесе Т3 жоғарылағанын көрсетеді. Клиникалық айқын ЭОП Грейвс ауруы диагнозына ешқандай күмән туғызбайды. ЭОП көріністері көрініс бермеген кездерде, оны аспаптық зерттеу әдістері арқылы зерттеу қажет (орбиталардың МРТ-сы мен УДЗ-уі).

ГА кезінде жүргізілген УДЗ-да ҚБ-дің жайылып ұлғайғаны және барлық аутоиммунды ауруларға тән гипоэхогендік анықталады. Сонымен қатар ҚБ көлемін анықтау емдеу әдісін таңдауға ықпал етеді, себебі үлкен көлемдегі жемсау кезінде консервативті тиреостатикалық терапияның болжамы нашар.

Көпшілік жағдайларда ҚБ-дің сцинтиграфиясын жүргізу міндетті емес (тиреотоксикоз, ЭОП, жайылмалы жемсау, науқастың жас болуы). Кей жағдайда бұл әдіс ГА-ын деструктивті тиреотоксикозбен (босанудан кейінгі, жеделдеу тиреоидит және т.б.) немесе ҚБ функционалдық автономияларымен («ыстық» түйіндермен көптүйінді уытты жемсау) дамитын аурулармен салыстыруға мүмкіндік береді.

ГА-мен сырқаттанған науқастардың 70–80%-да тиреоидты пероксидазаға (ТПО-АД) және тиреоглобулинге (ТГ-АД) қарсыденелер анықталады, дегенмен, олар бұл сырқат үшін спецификалық емес және ҚБ барлық аутоиммунды ауруларында кездесе береді (аутоиммунды тиреоидит, босанудан кейінгі тиреоидит). ТПО-АД деңгейінің жоғарылауы тиреотоксикозбен дамитын (ҚБ функционалды автономиясы) аутоиммунды емес аурулармен ажырату диагностикасын жүргізгенде қосалқы диагностикалық белгі болып табылады. ГА-ның диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасында басты патогенетикалық маңызы бар ТТГ рецепторларына қарсыденелер деңгейін анықтау спецификалық сынақ ретінде қолданылады. Бірақ, кейде айқын ГА дамыған науқастарда бұл аталған қарсыденелер анықталмауы мүмкін, ол жақында пайда болған тест-жүйелердің жетілмегенінің айғағы.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 926;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.