Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы

 

Энтони Гидденс - біздің заманымыздағы аса ірі социолог-теоретиктердің бірі. Гидденстің теориялық құрылымдарында социологиялық классика (К.Маркс, М.Вебер, Э.Дюркгейм) жаңа теория құрылысы үшін бастапқы нүкте болып табылады. Гиденс негізгі назарды қоғамның таптық құрылымы мәселесіне аударады.

Э.Гидденс үшін қоғамның таптарға бөлінуі қазіргі қоғамды сипаттайтын іргелі белгі деп көрсетілген. Сонымен қатар Гидденс үшін таптық қатынастар топтарды қалыптастыруда тек базис қана, топқа қатыстылығын анықтау үшін “Құрылымдық негіз”. Сонымен бірге Гидденс ғылым әлеуметтік қатынастарды айқындайтындығына көңіл аудара отырып, әлеуметтік қатынастардың субъективті сәттерін атап көрсетеді.

Гидденстің ойы бойынша қазіргі заман қоғамының екінші іргелі сипаттамасы - “модернге іштей тән рефлексивтілік”. Рефлексивтілік “модерн” дәуірі қоғамының сипаттамасы ретінде Гидденске социология теориясын құруға болатын негіз ретінде көрінеді. Осыған байланысты ол былай деп жазады: “Бәсекелес теориялық көзқарастардың сан алуандығына қарамастан кейбір ортақ тақырыптар табуға болады”. Солардың бірі сөз етіліп отырған көптеген мектептер, структурализмді және структурализмнен кейінгілерін қоспағанда, адам әрекетінің белсенді рефлекторлық сипатын атап көрсетеді деген ұғымнан құралады. Бұл олардың адам әрекетін индивидтер не бақыламайтын, не түсінбейтін күштердің нәтижесі деп қарайтын дәйекті келісім үрдістерін теріске шығаруда бір пікірде екенін білдіреді. Бұған қосымша (бұған структурализм сияқты, структурализмнен кейінгілері де кіреді) олар тілдің және когнитивтік (танымдық) қабілеттердің әлеуметтік өмірді түсіндіруде түйінді маңызын мойындайды. Тіл нақты күнделікті қызметте жүзеге асады және белгілі бір мағынада осы шындықты айқындап отырады. Ақырында жаратылыстану ғылымдарының эмпирикалық философиясының әлсіреп бара жатқан мәнінің, әлеуметтік ғылымдар үшін де терең салдары бар екендігін мойындауға тура келеді. Әңгіме тек дәйекті келісімді ұстанғандар айтатын, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарының әлі де бір-бірінен қашықта екендігінде ғана емес. Қазіргі уақытта біз жаратылыстану философиясы әлеуметтік теорияның жаңа мектептері қызығып отырған, әсіресе тіл және мағынасын түсіндіру құбылыстарын ескеру керектігін көріп отырмыз.

Қазіргі қоғам жағдайында әрекет және оны қоршаған орта жайлы әлеуметтік-ғылыми білім, әлеуметтік білімге қатысушылардың (агенттердің) игілігі болып отыр. Бұл білімді іс жүзінде өзара іс-әрекетке қатысушылардың бәрі белгілі бір дәрежеде бөлісетіндіктен жеке-дара болудан қалады.

Гидденстің структурация теориясының басты категориясы ретінде әлеуметтік агент ұғымы алынады. Гидденстің түсініктемелеуінде агент тұжырымдамасы күрделі, бұдан кейінгі теориялық конструкциялардың негізі және көзі болуға тиіс, сонымен қатар тек стратификациялық үлгі тұрғысында суреттелуі мүмкін. Бұл үлгіге үш стратификациялық деңгей кіреді: іс-әрекеттің негізделуі, іс-әрекетті ұтымды ету және іс-қимылдың рефлексивті мониторингі. Іс-әрекеттің негізделуі агентті іс-қимылға итермелейтін саналы және саналы емес тілектерді білдіреді. Негізделу іс-қимылдың өтуімен тікелей байланысты емес, ол агент ерекше әдеттен тыс жағдайға тап болғанда ғана көрінеді. Сондықтан да көптеген “кертартпалы” іс-әрекеттер тікелей негізделмеген. Іс-әрекетті ұтымды ету бәрінен бұрын жағдайды білдіретін нәрсе емес, агенттерге іштей тән нәрсе: “Мен іс-әрекет ұтымды ету деп индивидтердің ескішіл және әуре-сарсаңсыз өзі қызметінің негіздемелерінің тұрақты “теориялық түсінігін” қолдап отыратын қабілетін түсінемін” деген қабілет процесін білдіреді. Іс-қимылды ұтымды ету өзара іс-әрекетке қатысушылардың бір-біріне деген өзара құзыретіне қатысты келісімдерін білдіреді. Адамдар не істейтіндерін біледі және олар әдетте немен айналысатындарын түсіндіріп бере алады. Әңгіме “модерн” жағдайында агент рефлексиясы әлеуметтік әрекет құрылымның маңызды құрамына айналатындығында болып отыр. Гидденс бір жағынан әлеуметтік және жүйелі интеграцияның айырмашылығынан, екінші жағынан структурализм ұсынған жүйе мен құрылым айырмашылығынан көрінетін құрылым, жүйе және іс-әрекет арасындағы айырмашылықты қабылдайды. Гидденс өзінің структурация теориясында бұл пікірлердің редукционизмдігін, әлеуметтік субъект пен объект дуализмін жеңуге тырысады. Қазіргі замандағы әлеуметтік іс-әрекеттің рефлексивті сипаты Гидденс еңбектерінде іс-әрекет, жүйе және құрылым интеграциясының мүмкіндігі ретінде көрінеді. Агенттің институционалану процесін ұғынуы бұл процестің өтуін сипаттауға мүмкіндік береді, ал агенттің өзінің іс-әрекетіне қатысты тұрақты рефлексиясы ықтимал интеграция тәсілін көрсетеді. Әлеуметтік жүйе структурациясын талдау - интегративті ережелер мен құралдарды қолдану арқылы, сонымен қатар ойда жоқ себеп-салдармен байланыс арқылы ұйымдастырылатын және өзара іс-қимылмен ұдайы өсіп отыратын жүйе тәсілдерін зерттеуді білдіреді”. Бұдан біз структурация теориясының негізгі міндеті әлеуметтік шындықтың объективті және субъективті жақтарын “дуальдылық” ретінде, яғни “дуальдық” ұғымдардың кіріспесіне негізделген, жүйені, іс-әрекетті және субъектіні тұжырымдайтын әлеуметтік феноменнің бұл сипаттамаларының бірін-бірі толықтыруы және қосбірліктігі, сараптау екенін көреміз.

Іс-қимыл рефлексивті мониторингі - өзіндік жеке іс-әрекеттердің, өзге адамдардың іс-әрекеттерінің, сонымен іс-қимылдың физикалық және әлеуметтік шарттарының тұрақты және үздіксіз бақылануы. Іс-әрекеттің рефлексивті мониторингі сонымен қатар агенттердің тек қана жеке іс-әрекеттерді бақылап қана қоймай, басқа агенттерден де осындай бақылауларды күтетіндігін білдіреді. Индивид тұлғасына қосымшада негізделу деңгейі санасыз дәлелдерге, индивидтің танымдық қабілетіне, индивидтің әрекет жасауға ұмтылысына айналады. Ұтымды ету деңгейі тәжірибелік сана деңгейіне, ал іс-қимылдың рефлексивті мониторингі пайымдаушы сана деңгейі болып шығады.

 








Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 3529;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.