Орытынды

Сонымен, біз әлеуметтік ілімнің ежелгі заманнан ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі эволюциясын қарастырдық. Жалпы, ежелгі ағартушылық кезеңде дамыған әлеуметтік ілім мынадай бірқатар елеулі шектеулермен және кемшіліктермен сипатталады:

- басым болған идеологиялардың үстемдігі;

-түрлі жағдайларда немесе құбылыстарды дәлелдеуге нақты эмпирикалық логикалық дәйектер жетіспеген кезде құдыретті күшке және өзге де дәлелденбеген нәрселерге жиі жүгінуі ол кездің білімі барлық қағидалар мен тұжырымдардан қатаңдықты, логикалық үйлесімділікті және дәйектілікті талап ететін ғылыми өлшемдерге жауап бере алмады;

- қоғамның қазіргі күйін емес, оның болашағын суреттеу;

- әлеуметтік құбылыстарды шешетін диалектиканың болмауы.Қоғам әлдебір сыртқы күштер арқылы біржолата реттеліп жасалған немесе керісінше, тәуелсіздердің ыңғайы мен қалауына толық бейімделген қауым ретінде қабылданды. Қоғам қолдамаған кейбір өте сирек болатын әлеуметтік тенденциялар заңды процесс ретінде емес, әлдебір тұрақты сурет немесе билеушілердің шексіз зорлық-замбылығының жемісі ретінде қарастырылды.

- Жалпы теориялық тұжырымдардың шынайы өмірден қол үзуі қатаң бақылаулармен басқа да объективті ғылыми рәсімдерге жүгінетін мәліметтердің жоқ болуы. Сондықтан мұндай әлеуметтік ілім абстрактілі сипат алды.

Социологияның дербес ғылыми пән ретінде бөлініп шығуы қоғамды тануда аталмыш шектеулер мен жетіспеушіліктердің орнын толтыруда пайда болған қажеттіліктермен тікелей байланысты. Қоғамды социологиялық жағынан зерттеу бірнеше шарттардың орындалуын талап етті.

Біріншіден, ол өзінің зерттеу объектісіне тікелей тәжірибелік ықпал етуден бас тартуы керек. Екіншіден, зерттеу сол заманның ғылыми қауымы социологияны ғылым ретінде есептеуіне мүмкіндік беретін белгілері - принциптермен, амал-тәсілдермен толықтырылуы тиіс болды. Басқаша айтқанда, социологияның қалыптасуы жөніндегі алғышарттардың бірінің пайда болуына қоғам идеясы мен қоғам туралы ғылым идеясының бірігуі әсер етті.

Социологияның ғылым ретінде қалыптасуының келесі бір алғышарты әлеуметтік детерминизм түсінігі болып табылады.Бұл түсінік бойынша қоғамды былық пен зорлық-замбылық билемейді, керісінше, кеңістіктік және уақыттың реттелу, себеп-салдарлы байланыстары бір құбылыстардың басқа процестерге себепші болу шарттары билейді. Әлеуметтік заңдар идеясы социологияның қалыптасуы мен құрылуында маңызды орын алады. Осы идеяға сәйкес әлеуметтік құбылыстар табиғи құбылыстар сияқты туынды айла-шарғыларға көнбейді, олар едәуір мықты және тұрақты болып келеді, сондықтан оларды белгілі бір шекте және тек олардың өздеріне сүйене отырып басқаруға болады; оларға түсінуге оңай кеңістіктік және уақыттық реттелу тән. Мұның барлығы әлеуметтік құбылыстар жөніндегі ғылымның қажеттілігін айқындай түседі.

Белгілі бір мағынада, социология әлеуметтік дамуға жататын үш заңның белгіленуінен дамыды деп айтуға болады:

әлеуметтік даму бар және ол тұрақты және әмбебап сипат алады;

қиын кезең негізіне ғылыми білімнің өсуі жатыр, ол техника мен өндірістің дамуымен жүзеге асады;

қоғам өзінің дамуында жетіле түседі, яғни онда прогресс заңы әрекет етеді.

Соңғы заң алдыңғы екеуін белгілі бір мағынада қорытындылай келіп, социологияның қалыптасуының алғышарттары ретінде маңызды орын алады.

Әлеуметтік заң социологияның пайда болуымен бір мезгілде онтологиялық және эпистинологиялық негізін білдірді. Сонымен қатар әлеуметтік заңдарды танып білуде түрлі тәсілдердің болуын және пайда болуын дәлелдеу талап етілді. Жаңа ғылымды құру үшін оның методологиялық мәртебесін бекіту қажет болды. Социологияның қалыптасуы алдындағы кезеңде методологиялық жағынан алғанда, идеалды, эталонды ғылым бір уақытта ұтымды, эмпирикалық, тәжірибелік болып табылады. Дұрысын айтқанда, “табиғи”, ұтымдық-эмпирикалық және ғылыми білім бірін-бірі қайталайды.

Жоғарыда айтылған барлық идеялық алғышарттарды біріктіру ғылыми қауымдастықта болатын эталонды жалпы ғылыми өлшемдерге сәйкес социологиялық білімнің негізгі өлшемдерінің пайда болуына алып келді. Бұл қауымдастық және оның әлеуметтік ортасы жаңа ғылымды құру мүмкіндігі мен қажеттілігін сезінді. Ол ғылым өзіндік сананы қалыптастырып, “социология” деген атауға ие болды.

Көптеген ғалымдар мен әлеуметтік реформаторлар бұл кезде қоғам жайында ғылымның пайда болуын қоғамның жетілуімен байланыстырды. Олар жаңа ғылымның пайда болуын күтті және оны қалыптастыруға шақырды. Әрине, бұл жеткіліксіз еді. Жаңа ғылымды қалыптастыруға орасан зор күш-жігер талап етілді. Оны социологиялық ойдың пионерлері жүзеге асырды. Солардың арқасында социология өзінің жеке тарихы бар дербес ғылыми пән ретінде қалыптаса бастады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Култыгин В.П. Специфика социологического знания: преемственность, традиции и новаторство // СОЦИС. - 2000. - (8 - с. 3-7

История политических и правовых учений. - М., 1999. - с.43-50

Из книг мудрецов. Проза Древнего Китая. - М., 1987. - с. 74

Из книг мудрецов. Проза Древнего Китая., 1987. С. 79

Древнеиндийская философия. М., 1963

Большаков А.В., Грехнев В.С., Добрынина В.И. Основа философских знаний. - М., Общество. “Знание” России, 1996

История древней и средневековой зарубежной философии. - М., 1980. - с. 46

Давыдов Ю. Социальная философия Аристотеля // История теоретической социологии. - М., 1995. - т. 1. - с. 81

Там же

Аристотель. Политика // Аристотель. Соч.: В 4 т. - М., 1983. Т.4. - с. 378-379

Соколов В.В. Средневековая философия. - М., 1979

Антология мировой философии. В 4 т. - М., 1969. Т.1 ч. 2. - с. 728-729

Там же

Ибн Сина Абу Али, родился в Афшане около Бухары, известен под латинизированным именем Авицена - один из наиболее ярких представителей арабоязычного перипатетизма

Сагадеев А.В. Ибн-Сина. - М., 1985, - с.17

Шаймухамбетова Г.Б. Арабоязычная философия средневековья и классическая традиция. - М., 1979, - с.89-92

Абдель Рахман Ибн-Халдун - уроженец г. Туниса, север Африки

Фролов И.Т. Человек: Мыслители прошлого и настоящего о его жизни, смерти и бессмертии. Древний мир - эпоха Просвещения. - М., 1991. - С.202

Макиавелли. Государь: Сочинения. - М., 1998

Гофман А.Б. Семь лекций по истории социологии: Учебное пособие для вузов. - 5-е. Изд., испр. - М.: Университет, 2001. - с.11

Гоббс Т. Избранные произведения: В 2 т. - М., 1964. - т.2 - с.127

Григорьев С.И., Ростов Ю.Е. Начало современной социологии. - М., 1999. - с. 30-31

Локк Дж. Соч. в 3 т. М., 1985. - т.2. - с.223

Фролов И.Т. Человек: Мыслители прошлого и настоящего о его жизни, смерти и бессмертии. Древний мир - эпоха Просвещения. - М., 1991. - С.363

Гайденко П.П. Эволюция понятия науки (XVІІ-XVІІІ вв.). - М., 1987

Фролов И.Т. Человек: Мыслители прошлого и настоящего о его жизни, смерти и бессмертии. Древний мир - эпоха Просвещения. - М., 1991. - С.301

Западная теоретическая социология. - М., Санкт-Петербург, 1996. - с. 10-11

Руссо Ж-Ж. Рассуждение о происхождении и основаниях неравенства между людьми // Руссо Ж-Ж. Трактаты. - М., 1965

Монтескье Ш. О духе законов // Монтескье Ш. Избр. произведения. - М., 1955

Арон Р. Этапы развития социологической мысли. - М., 1993. - с.33

Тюрго А.Р. Последовательные успехи человеческого разума // Тюрго А.Р. Избр. филос. произведения. - М., 1937. - с.133

Яхьяев М.А. Мыслители нового времени. Философские очерки и философские портреты. Махачкала, 1996. - с. 25-27

Изложение учения Сен\Симона. - М.; Л., 1957. - с. 179-180

 


2-тарау. КЛАССИКАЛЫҚ СОЦИОЛОГИЯ ТАРИХЫ:








Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1391;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.