Отбасы социологиясы

· Отбасымен әлеуметтік жұмыс. Оқу құралы./ Биекенов К.У., Нұрбекова Ж.А. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 133 б.

· Социология семьи. Учебно-методическое пособие / Жаназарова З.Ж. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 78с.

Оғамдық пікір социологиясы

· Социология общественного мнения. Учебно-методическое пособие. Биекенов К.У., Жаназарова З.Ж., Нурбекова Ж.А. - Алматы, “Қазақ университеті”, 2001. - 58с.

· Эмпирия общественных настроений. Социологический практикум / Маканов Ж.К., Лосев В.В. - г. Костанай, 2001. 360 с.

· Связь с общественностью в системе государственной службы: методика, основные проблемы и казахстанский опыт / Под общ. ред. Б.Канешева, А.Серикбаева - Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2002. - 403 с.

Ғылыми кадрларды даярлау әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аспирантура мен докторантура бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда социологтардың кадр құрамында 14 социология ғылымдарының докторы, 30-дан астам социология ғылымдарының кандидаттары бар (2-кесте).

 

Кесте

 

Социология бойынша докторлық диссертациялар[1]

 

 

№№ Аты-жөні Диссертацияның атауы Мамандығы­ның шифрі мен атауы Диссер­тацияны қорғаған жері Қор­ға­ған жы­лы
1. Тәжин М.М. Әлеуметтік-аумақтық айыр­машылықтарды зерттеудің әдістемелік жақтары 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
2. Ғабдуллина Қ.Г. Өндірістік ұжым және оның ауыл шаруа­шы­лығы қызмет­керлерін қалыптас­тырудағы әлеу­меттік рөлі 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
3. Биекенов К.Ү. Шаруашылық басшы­сы­ның саяси мәдениетін әдістемелік және социологиялық талдау 22.00.05 - Саяси социология Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
4. Алдашов Б.А. Нарықтық экономика аясындағы өмір сүру сапасы 22.00.03 - Еңбек социоло­гиясы және эконо­микалық социология Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
5. Нұсқабаев О. Жалпы білім беретін мектеп өскелең ұрпақты әлеуметтендіру институты[2] 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
6. Асылов Н.Ж. Әскери білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде (ДСП) 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
7. Раисов Е. Қазақстан жұмысшы­лары­ның қазіргі заман­ғы жағдайда еңбекке көзқарасының әлеу­меттік факторлары 22.00.03 - Еңбек социоло­гиясы және эконо­микалық социология Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
8. Сейдуманов С.Т. Қазақстанда көппартия­лылықтың қалыптасуы: саяси-социологиялық талдау 22.00.05 - Саяси социология Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
9. Харченко С.В. Әлеуметтік көңіл-күй: мәні, үрдістері және функ­ция атқару ерекшеліктері 22.00.05 - Саяси социология РФ Прези­ден­тінің жанындағы Мем.қыз­мет акаде­миясы 1998 жылы қайта аттес­тация­ланған
10. Садырова М.С. Нарықтық түрленулер жағдайында интеллигенцияның әлеуметтік-кәсіптік жинақылығы (Қазақстан материалдарында) 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
11. Қалдыбаева Т.Ж. Мектепке дейінгі білім берудің социологиялық тұжырымдамасы (Қа­зақ­стан Республика­сы­ның материалдарын­да) 22.00.06 - Рухани өмір социологиясы Саратов Мемлекет­тік техни­калық уни­вер­ситеті 2003 жы­лы қай­та аттес­тация­ланған
12. Шәукенова З.К. Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы этностар­дың әлеуметтік өзара әрекеттестігі 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ақпан
13. Жаманбалаева Ш.Е. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтарын социологиялық тұрғыдан талдау 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазан
14. Қожамқұлова Л.Т. Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік институт ретінде: әлемдік тәжірибе және Қазақстан 22.00.04 - Әлеуметтік құры­лым, әлеу­меттік инсти­туттар және процестер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мамыр

 

Докторлық және кандидаттық диссертацияларды талдау негізінде отандық социологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын бөліп қарауға болады:

1. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік өзгерістер: Әженов М.С., Ғабдуллина Қ.Г., Икенов А.И., Тәжин М.М., Хамитова М.Р., Раисов Е.Р., Нагайбаева З.А., Садырова М.С., Әбжалиева А., Қожамқұлова Л.Т., Валитова З.Х., Әйтімбет Л. [29].

Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу - социологияның негізгі мәселелерінің бірі. Социология ғылымының дәл осы бағыты кеңестік дәуірде қызу қолға алынған болатын. Ғылымда осы мәселе бойынша бұл бағыттың іргелі теориялық базасы туралы сөз етуге мүмкіндік беретін белгілі бір әдістеме қалыптасты. Сонымен қатар, қазіргі заманғы жағдайлар бірінші кезекте әлеуметтік құрылым проблемаларын қозғайды: ол мәселенің марксистік қойылымында болмаған түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Сондықтан зерттеушілер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерделеудің жаңа әдістемелерін қарқынды іздестіру үстінде.

Қарастырылып отырған бөлікте қоғамдық қатынастар мен қоғамның даму жүйесіндегі әлеуметтік процестер, сондай-ақ жеке әлеуметтік топтар - зиялы қауым, оның ішінде мұғалімдер де бар және кәсіпкерлер келтірілген. Экономикалық базистің, өндірістік қатынастардың жалпы жүйесінің сапалық өзгерістері сөзсіз әлеуметтік құрылымдардың терең өзгерістеріне әкеп соғатындығы туралы теориялық ұйғарым нақты эмпирикалық дәлелін тапқан.

Әлемдік және отандық социологиялық әдебиеттерді талдау және жүйелендіру негізінде социологтар зиялы қауымның әлеуметтік-кәсіптік жинақылығы, кәсіпкерліктің қазақстандық түрін қалыптастыру, қалалану процесі мен оның салдарлары, ірі қаланың әлеуметтік құрылымы, Қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы дамуының қазіргі заманғы үрдістері проблемаларын зерттеудің жаңа әдістемесін жасаған. Ғылыми-санаттық аппарат нақтыланған және жасалған, “әлеуметтік жинақылық”, “зиялы қауым”, “қалалану”, “кәсіпкерлік”, “кәсіпкер”, “еңбек қатынасы” атты шешуші анықтамалар тұжырымдалған.

2. Жеке тұлғаның әлеуметтік проблемаларын зерттеу: Сапарбеков И.Ж., Биекенов К.Ү., Никитенко Е.В., Әбдікерова Г.О. , Кудро Н.М. [30].

Социологияның негізгі санаты ретіндегі жеке тұлға ұғымы әлеуметтік ғылымдардың бірқатарында кеңінен баяндалған. Социологияда бұл ұғым жеке тұлғаның қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы әлеуметтік қызметі мен әлеуметтік мінез-құлқы арқылы қарастырылады. Отандық ғылымда жеке тұлға көбінесе еңбек және саяси қатынастар жүйесінде қарастырылады. Қоғамдық қатынастар мен мінез-құлық нысандарының ерекше сипаттамаларына ие болған жеке тұлға мен басшы тұлғаның саяси мәдениетінің мәселелері көбірек зерделенген.

Жеке тұлғаның саяси әлеуметтену процестерін, саяси мәдениетін, саяси басқаруды, саяси мінез-құлықты, саяси сананы, азаматтық сананы, басқару мәдениетін және т.с.с. талдаған кезде пайдаланылатын бірқатар тұғырнамаларды түсіндіру жеке тұлға проблемаларын социологиялық талдау ауқымын едәуір ұлғайтты.

Жеке тұлғаның саяси мәдениетінің мазмұны негізгі құрылымдық элементтерге тіреледі, жеке тұлға мәдениетінің демократия мәдениетімен, саяси позициясымен, саяси бағалануымен және саяси мінез-құлықпен байланысы қарастырылады.

Басқару қызметінің тұжырымдамасында қазақстандық ұйым басшысы­ның жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқының үлгісіне, беделді басшы мен қарамағындағының жаңа тұлғааралық қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінген. Жалпы ғылыми жұмыстарда ұйымдардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды қалыптастыру механизмдерін социологиялық диагностикалауға негізделген қазақстандық ұйымдарды басқарудың жаңа үлгілерін қалыптастыруға бастама қаланған.

3. Жастардың әлеуметтік проблемалары: Золотухин С.А., Нұсқабаев О.Н., Қасымова Л., Ізтілеуова Л.И., Әбдірайымова Г.С., Салықжанов Р.С., Царева Т., Қазымбетова Д.К., Ляднева Ж.М. [31].

Жастар ғылымда қоғамның әлеуметтік құрылымында белгілі бір орынды иеленетін әлеуметтік топ ретінде өзіне ерекше назар аудартады. Бұл назар аударту осы әлеуметтік топтың әлеуметтік белсенді әрекет ету нысандарына, жоғары жинақылық дәрежесіне және белгілі бір тұтастыққа ие екендігіне де байланысты. Бұл бөліктің зерттеулерінде аталмыш әлеуметтік топтың жасының, білімінің белгілері, әлеуметтік-кәсіптік бағдары, жұмыспен қамтылуы бойынша ішкі құрылымдалуы мәселелері қарастырылған. Жастарды әлеуметтендірудің әр алуан түрлеріне көп көңіл бөлінген - саяси, құқықтық, әлеуметтік, мәдени. Зерттеу объектісі көбінесе студент жастар болып келеді. Бұрын қаралмай келген қазақ жастарының әлеуметтену проблемаларына едәуір көңіл бөлінген.

Базалық “әлеуметтену” санаты қазіргі заманғы жағдай аясында жаңа анықтамаға ие болды. Әлеуметтену деп зерттеушілер қоғамдық ұдайы өндірісті ұғынады, оның барысында жеке адам өзінің тыныс-тіршілігі мен өмірлік шығармашылығының субъектісі ретінде өзін бөліп көрсету қабілетіне ие болады, ол сол арқылы әлеуметтік жүйені ұстап тұруға, сақтауға және ұдайы өндіруге жәдемдесіп қана қоймай, оның өзгеруіне де жағдай жасайды. Осылайша жеке адам әлеуметтік өрістің факторы ретінде қарастырылады, яғни әлеуметтену процесі берілген процесс болып табылмайды. Бұл жағдайда әлеуметтену өзара бағытталған процесс ретінде ұғынылады. Әлеуметтену кезеңдерін қарастыруда әлеуметтенудің авторлық үшінші жоғары кезеңі ұсынылған, бұл - жеке адамның белсенді, пәндік-түрлендіруші, инновациялық қызметі. Бір-біріне жақын “жеке тұлғаның дамуы”, “тәрбиелеу”, “жеке тұлғаны қалыптастыру” ұғымдары қарастырылады.

Саяси және құқықтық әлеуметтену мәселесі ғалымдардың ықыласын ерекше аударады. “Саяси мәдениет”, “құқықтық мәдениет”, “саяси әлеуметтену”, “құқықтық әлеуметтену” ұғымдарының азаматтық қоғамды қалыптастыру принциптері аясында нақтылануы республикамыздың жастар саясатының негізгі бағыттарын тұжырымдауға мүмкіндік берді, бұл қазақстандық социумнің маңызды проблемасы болып табылады.

4. Әлеуметтік саясат, демография және көші-қон: Әмірханова М.М., Алдашов Б.А., Климова Т.В., Биекенова С.К., Әбілқасова Д.Б. [32]

Социологиялық зерттеулердегі бұл бағыт өзінің жаңашылдығымен және қазіргі заманғы теориялық базасымен ерекшеленеді. Әлеуметтік статистиканың, әлеуметтік болжамның, әлеуметтік саясаттың, демографиялық саясаттың дәстүрлі ұғымдары қазіргі заман тұрғысынан түсіндірілген және тұжырымдалған. Әлеуметтік статистика деп статистиканың қоғам дамуының нақты тарихи жағдайларындағы әлеуметтік шарттарды, қоғамдық жай-жапсарды және адамдардың өмір салтын кешенді зерделейтін саласын түсіну керек. Әлеуметтік процестерді талдаудың ғылыми әдістері жүйесіндегі әлеуметтік статистиканың функциясы қандай да бір процестердің әлеуметтік индикаторларын айқындау, олардың тұрақтылығы мен өзгергіштігін, олардың белгілі бір уақытқа, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне жатуын бағалау мүмкіндіктерімен белгіленген.

Әлеуметтік болжаудың, әлеуметтік статистиканың құрылу және қызмет ету принциптері, әлеуметтік индикаторлар жүйесін құру әдістемелері жасалған, өмір сапасын, тіршілік деңгейін өлшеу индикаторларының жүйелері жасалған. Кедейлік деңгейі көрсеткішінің анықтамасына өзгерістер енгізілген. Маңызды сипаттамалар - шығыстар мен кірістер немесе шығыс бабы өлшенетін уақыт, ол экономиканың қазіргі дамуына тән жалақының тұрақсыздығымен, инфляциямен және жұмыспен қамтылудың тұрақсыздығымен түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынастардың әлеуметтік-демографиялық қырларын зерттеуде әлеуметтік саланың жай-күйінің демографиялық ахуалға әсері талданған, халықтың әр түрлі топтарының нарықтық шарттарға әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктері ашып көрсетілген. Бұл жұмыстардың маңыздылығы олардың ғылыми-тәжірибелік қажеттілігімен анықталған. Әлеуметтік, демографиялық, гендерлік саясат жасау жөніндегі республика басшылығына нақты ұсынымдар социологиялық ғылымның қоғамды реформалау процесіне назар аударуы мен үлес қосуының көрсеткіші болып табылады.

5. Ауыл шаруашылығының әлеуметтік проблемалары: Дәрменова Б.К., Матаев Ғ.М. [33].

Ауыл шаруашылығы проблемаларын зерттеудің өзектілігі дау туғызбайды. Алайда бұл бағытта қандай да бір айқын жандану байқалмайтынын айта кету керек. Керісінше, алдындағы кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы проблемалары жөніндегі жұмыстар едәуір азайды. Мысалы, отандық ғалымдарымыз Н.А.Аитовтың, Қ.Ғ.Ғабдуллинаның, С.Н.Соскиннің, А.А.Рогачевтың және т.б. бірқатар еңбектері зерттеудің белгілі бір ғылыми-теориялық базасының бар екенін көрсетеді. Дәстүрлік көзқарастың әдістемелік ерекшеліктерін толық көлемде қарастыру мүмкіндігі жоқ болғандықтан қазіргі заманғы кейбір маңызды сипаттамаларға тоқталамыз.

Біріншіден, шаруаларды екінші дәрежедегі тап деп тануды қазіргі заманғы зерттеушілер толығымен теріске шығарды. “Біз шаруа табын “гегемон” таптың, жұмысшы табының көлеңкесінен шығарамыз: оны ешкімнің гегемониясын қажет етпейтін айрықша, дербес, өзіндік дара күш деп қарастырамыз” [33, 18-б.]. Екіншіден, аграрлық жұмыспен қамту мәселелері, ауылдық көші-қонның әлеуметтік салдарлары көтеріледі, ауылдық еңбек ресурстарын жасақтаудың әлеуметтік-демографиялық факторларына кешенді баға берілген, фермер қожалықтарының дамуын тежейтін әлеуметтік, психологиялық, экономикалық факторлар бөліп көрсетілген.

6. Әлеуметтік топ ретіндегі қазіргі заманғы отбасы мен әйелдердің әлеуметтік проблемалары: Жаназарова З.Ж., Шеденова Н.У., Қылышбаева Б.Н., Нұрбекова Ж.А. [34].

Қазіргі заманғы ғылымда әлеуметтік отбасы елеулі орынға ие. Отбасы мен әйелдер проблемасы жөніндегі зерттеулердің іргелі негіздерінің шет елдік және отандық социологияда ертеден келе жатқан дәстүрі бар. Сонымен қатар, бұл жұмыстардың маңыздылығы қазіргі заманға сай және өз уақтысында болуында.

Зерттеулерде өзіндік көзқарасты қалыптастыруға тырысу ғылыми-категориялық аппаратты едәуір жаңартты, зерттеулердің тәсілдері мен әдістемесін, оларды талдауды қалыптастырды.

Отбасы қоғамның даму процесінде тұтас әлеуметтік құрылым ретінде елеулі өзгерістерге ұшырағанын авторлар атап өтеді. Қазіргі заманғы отбасын социологиялық талдау адам өмірінің осы маңызды саласындағы проблемалардың толық кешенін айқындады. Отбасындағы өзара қарым-қатынастарға, демографиялық ахуал мен балалар тәрбиесіне әсер ететін экономикалық, саяси, мәдени факторлар қарастырылған. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастар процесінде жеке тұлғаның қалыптасуының генезисі мен механизміне, олардың арасындағы эмоционалдық байланыстар, отбасының өмір салты деңгейіне және ата-аналарының мінез-құлықтарына ерекше көңіл бөлінген.

Қазіргі заманғы зерттеушілердің әйелдер проблемаларына ерекше ықылас қоюы азаматтық қоғам принциптері мен құқықтық мемлекет құндылықтарын қалыптастырумен анықталады. Қазіргі кезде әйел проблематикасы социология, экономика, философия, демография, саясат тану және т.б. сияқты әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы зерттеулері аясынан өзінің пәні мен мазмұны бар елеулі, іргелі зерттеулер аясына ауысуда. Әйелдердің әлеуметтік жағдайын зерделеудің жаңа кезеңі әлеуметтік процестерді түсінудің базалық талдау жасау құралы ретіндегі гендердің тұжырымдамасына негізделген. Бұл тұжырымдама әлеуметтік феминология мен гендерлік зерттеулердің әдістемелерінде қаланған. Гендерлік талдау ерлер мен әйелдердің қоғамдық өмірдің жеке салалары мен бөліктеріндегі (атап айтқанда экономикалық және еңбек салаларындағы) айырмашылығы мен ұқсастығының шеңберін, қызметіндегі, қабілеттеріндегі және мүмкіндіктеріндегі ортақтықтар мен ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік береді.

Әйелдердің жаңа әлеуметтік шарттарға әлеуметтік бейімделу проблемалары, жұмыспен қамтылуы, отбасындағы орны мен рөлі әйел еңбегінің сипаты, қоғамдағы әйелдер мен ерлердің рөлдері туралы ұғымдардың стереотиптері, қоғамдық өсу мүмкіндіктері тұрғысынан қарастырылады. Жұмыстарда өлшеудің берілген өлшемдерінің өзгеру динамикасы, олардың қазіргі заманда басқаша түсіндірілуі келтірілген. Зерттеушілер әйелдердің жұмыспен қамтылуының әлеуметтік саясатының бұрынғы негіз қалаушы принциптерінен меншік нысандары мен әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес келетін тең мүмкіндіктер стратегиясына көшу, әйелдерді әлеуметтік қорғау жүйесіне өзін-өзі қорғау принципін енгізу қажеттігі бар деп есептейді.

7. Девианттік және құқықтық мінез-құлық: Жаманбалаева Ш.Е., Көшербаева А.Б., Қазымбетова Д., Әлиев Д.М. [35].

Девианттік мінез-құлықтың әлеуметтік қырларын зерттеу отандық ғылымда салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыт. Зерттеушілер девианттік мінез-құлық социологиясының зерттеу объектісін, пәнін айқындап, тұжырымдаған. Девианттік мінез-құлық социологиясының объектісі - санада жазылатын білімнің, ұстанымдардың, құндылық бағдарлардың, қажеттіліктер мен мүдделердің пәндік жүзеге асуы (нысаны мен мазмұны бойынша) ретіндегі адамдардың шынайы қызметі, шын мінез-құлқы.

Ауытқушы мінез-құлықтың мәнісін, нысандарын және пайда болу себептерін қарастыра отырып Жаманбалаева Ш.Е. талдаудың әлеуметтік белгілерін басшылыққа алады: жеке тұлғаның, әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның қызмет етуі мен дамуы көзқарасы тұрғысындағы мінез-құлықтың әлеуметтік бағыттылығы мен қоғамдық нәтижелері; мінез-құлықтың әлеуметтік нормалар мен құндылықтарға сәйкестігі; қоғам және әлеуметтік санкцияларға баға беру. Қазымбетова Д. әлеуметтік факторлар жүйесіне тұлғалық мінездемелерді (парасаттылық, тәрбие) енгізеді. “Девианттік мінез-құлықтың негізіне жеке бастық және қоғамдық мүдделердің үйлесуі принципі салынған”.

“Девианттік мінез-құлық”, “делинквенттік мінез-құлық” дейтін базалық санаттар қазіргі заманғы түсініктерге ие болды, олардың арақатынасы анықталды. Бұл бағытта осы әлеуметтік құбылыс туралы ұғымдарды кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік беретін оқу пәні аралық байланыстар кеңінен қолданылады.

8. Әлеуметтік және саяси институттарды социологиялық талдау: Асылов Н.Ж., Қарабаев Ш.Қ., Сейдуманов С.Т., Илеуова Г.К., Байделдинов Л.А. [36].

Қоғамды саяси реформалау процестері социологияның алдына теориялық та, практикалық та міндеттер қойып отыр. Саяси социология социология білімі саяси биліктің, саяси институттардың және саяси сайлаудың қызметі проблемаларымен айналысатын салаларының бірі болып табылады.

Саяси кеңістіктің құрылымдалуы саяси партиялардың, құралымдардың және саяси элитаның қалыптасуы процесін зерттеулерде келтірілген. Бұл бағыттағы зерттеулердің теоориялық-әдістемелік базасы батыстық социология дәстүрімен жасақталған. Саяси плюрализм батыстың саяси құрылымдарының құбылысы ретінде отандық ғылымда қарастырылмаған.

Әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде Қазақстандағы көппартиялылық­тың қалыптасуы проблемалары жөніндегі зерттеулерде көппартиялылықтың қалыптасуының типологиясы мен қалыптасу кезеңдері, партиялар мен қозғалыстардың бағдарламалық ұстанымдарының жіктемесі, көппартиялылықтың дамуына кедергі жасайтын объективтік жағдайлар қарастырылады, сондай-ақ саяси плюрализмнің жеке түрлері мен үлгілерін қарстырудағы теориялық көзқарастар жасалған, саяси құралымдардың ерекшеленген этникалық әлеуметтік құрылымдарының қалыптасу себептері талданады.

Билеуші саяси элитаның мәнісі мен қалыптастыру механизмдерін зерттеулердің бастапқы қағидасы қоғам әрқашан да билікке ие болып отырған азшылыққа және қолында билігі жоқ саяси тәуелді көпшілікке бөлінгенін және бөліне беретінін түсінуде. Бұл позиция отандық ғылымда әлемдік классикалық дәстүрлерді қайта ұғынудың және қазіргі заманғы әлеуметтік шынайылықтың негізінде салыстырмалы түрде жақында тұжырымдалған. Билік туралы тұжырымдамалық қағидалар да қазіргі заман аясында қайта қаралуда. Әлеуметтік стратификацияда жоғары позицияны иеленген әлеуметтік бір топтарға өз қалауларын басқаларға таңуға және қоғамдық мүдделерге сәйкес әрекет ету мүмкіндігін беретін биліктің саяси институттардың жиынтығы ретіндегі классикалық түсінігі қазіргі заманғы билікті баяндаудан едәуір өзгеше. Қазіргі заманғы қоғамда билік барлық әлеуметтік кеңістік бойынша жайылған, ол қазіргі кезде экономикалық, мәдени және саяси кеңістіктердің қарым-қатынасын білдіреді (П.Бурдье тұжырымдамасы).

Саяси социологияның ғылыми-санаттық аппараты жасалған: “көппартиялылық”, “саяси қозғалыстар”, “саяси элиталар” және т.б. Саяси социологияның оқу пәні аралық сипаты социологиялық зерттеулердің нәтижелерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді, бұл ғылыми ізденістің өзінше верификациясы, теориялық-әдістемелік амалдардың дәлелденуі болып табылады.

9. Әлеуметтік- өнеркәсіптік қақтығыстар: Есмұханова Г.Г. [37].

Зерттеудің теориялық-әдістемелік базасы Р.Дарендорфтың және социологияның осы бағытындағы басқа да батыстық мамандардың еңбектері негізінде қалыптасқан. Әлеуметтік қақтығыс тұжырымдамасы құбылысты әлеуметтік жүйенің ілгерілемелі эволюциялық дамуын қамтамасыз ететін маңызды элемент ретінде ұғынуға негізделген. Қақтығыстың қазіргі заманғы тұжырымдамасының мынадай белгілері бар: қақтығысты кез келген әлеуметтік жүйенің нормасы деп тану; “әлеуметтік қақтығыстың” және оны тудыратын факторлардың кең қамтылған түсініктері; қақтығыстарды институттандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін мойындау; өнеркәсіптік қақтығыстың ұғымына жаңаша түсінік беру. Кеңестік дәуірден кейінгі қоғамда өнеркәсіптік қақтығыстар, атап айтқанда Ресей мен Қазақстанда, ғылыми социологиялық бағасын алды, Қазақстандағы өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың себептері, өту механизмдері және ерекшеліктері көрсетілген. Салыстырмалы, факторлық талдаудың негізінде өтпелі кезеңдегі өнеркәсіптік қақтығыстардың институттануының негізгі тәсілдері мен механизмдері анықталған, ұсынымдар беріліп, болжамдар жасалған.

Осыған ұқсас сипаттағы жұмыс әзірше біреу ғана және проблеманы теориялық тұрғыдан қоюдың жалпыламалығы туралы сөз қозғау қиын екендігін айта кеткен жөн. Сірә осы әлеуметтік-экономикалық қатынастар саласындағы жағдайдың тұрақтануы жаңа зерттеулердің пайда болуын сәл тежеген болуы керек, жалпы бұл қазіргі заманғы отандық социологияға тән құбылыс. Алайда қоғамдағы өнеркәсіптік, индустриалдық қатынастар жүйесінде әлі де шешілмеген проблемалар баршылық, оларды жүріп жатқан реформалар процесінде зерттеу қажет.

10. Әлеуметтік қатынастар мен процестердің этникалық шақтары: Қарабаев Ш.Қ., Хан М.М., Смағамбет Б.Ж., Есенғалиева А.К., Ахметова С.С., Жайшыбекова К., Шәукенова З.К. [38].

Этникалық социология социология ғылымының дербес бөлімі ретінде енді ғана бөлініп келеді, зерттеулер объектісі, пәні, әдістемесі айқындалуда, ғылыми-ұғымдық аппараты жасалуда. Қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының полиэтникалылығын осы саладағы зерттеулер ерекше талдайды. Біздің бөліп қараған жұмыстарымыз саяси түрленулердің этникалық құрылымына, жеке тұлғаның этникалық өзіндік ерекшеліктеріне, өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың этникалық жақтарына қатысты. А.Есенғалиеваның жұмысында этникалық топ социологиялық зерттеудің нақты объектісі ретінде бөліп қаралған.

Этникалылық мәселесі отандық социологиялық ойда қаралған жоқ деп айтуға болмайды. М.С. Әженов, И.А. Әйтімбет, С.К. Өтешов, Н.Бәйтенова, Р.Б. Әбсаттаров және т.б. сияқты ғалымдар бұл бағыттағы белгілі бір дәстүрді қалыптастырған. Социологияда дәл осы бағыт қазақстандық социумның этникалық бірегейлігін зерттейтін Қазақстан ғылымының бет-бейнесін анықтайды.

“Этнос”, “этникалық топ”, “этникалық өзіндік сана”, “этникааралық қатынастар” базалық санаттарын авторлар дәстүрлі түрде және қазіргі заманғы қойылымында қарастырады, бұл ұғымдарға толық және көлемді түсінік беруге негіз болады. Этнос деп қазіргі заманғы қойылымында біртұтастығы генетикалық анықталған биологиялық популяцияны ғана айтпайды. Этностың құрамдас бөліктері ретінде мыналар бөлінеді: әлеуметтік-демографиялық ахуал, экономикалық сипаттама, аумақтық орналасу, рухани және материалдық мәдениет. Этникалық өзіндік ерекшелік жеке тұлғаның құрлымдық құндылығының құрамдас сипаттамасы ретінде қарастырылады. Осылайша, ұлттық айырмашылықтардың нивелирленуі және олардың толық жойылуы идеясы қабылданған жоқ.

Проблеманың бұлай қойылуы қоғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени процестердегі этникалық факторды зерттеуге мүмкіндік береді, қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру үшін оған күш салу қажет.

11. Қазақстандағы социологиялық ойдың институттануы: Сейдуманов С.Т., Биекенов К.Ү., Сәдуақасова А.К. [39]

Бұл маңызды мәселелердің бірі, өйткені социологиялық қауымдастықтың өзіндік рефлексиясын көрсетеді, социологияның ғылым және оқу пәні ретінде қалыптасуын әлеуметтік және когнитивтік танымдық институттану тұрғысынан қарастырады, бұл ғылымның ішкі және сыртқы қалыптасуы мен дамуының тұтас процесін көрсетуге мүмкіндік берген. Бұл бағыт теориялық социологияға көбірек келеді, социологиялық зерттеулерді, жасалымдарды, еңбектерді олардың тууын, нығаюын, дамуын және қазақстандық социологтардың ғылыми ізденістерін бақылай отырып жүйелендіреді және байытады.

Социологияның ғылым ретіндегі дамуы соңғы жылдары ғылыми басылымдардың, отандық ғалымдарымыздың монографияларының, тұжырымдамалық ғылыми еңбектерінің өсуімен ерекшеленеді. Мысалы, 2000 - 2003 жылдары мынадай басылымдар жарыққа шықты:

· Казахстанская молодежь на рубеже веков / А.С. Сарсенбаев, Г.Т. Телебаев, Д.А. Калетаев, А.Т. Шайкенова. - Астана: Елорда, 2000. 220 с.

· Казахстан как политическая реальность / Байдельдинов Л.А. Алматы: Институт развития Казахстана, 2000. 169 с.

· Национальные процессы в Республике Казахстан. Коновалов А.П. Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 2000 - 252 с.

· Казахстан и современный мир / Габдуллина К.Г. - Алматы: КагосИНТИ, 2001. - 108 с.

· Общество: прогресс и регресс / Габдуллина К. - Алматы, 2002. – 167 с.

· Казахстанская культура сегодня: ценности, потребности, институты / Телебаев Г.Т., Шайкенова А.Т., Омирсеитова А.К., Шукенова А.А., Куцик Л.В. - Астана: Елорда, 2002. 232 с.

· Этническое взаимодействие в Казахстане / Сейдуманов С.Т., Калмыков С.К., Шаукенова З.К. Астана: Парламент Республики Казахстан, 2002 - 95 с.

· Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. Шаукенова З.К. Астана, 2002, 128 с.

· Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения /Джаманбалаева Ш.Е. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 278 с.

· Наркотизм: методика исследования, анализ состояния, предупреждение и противодействие / Н.А.Сартаева - Астана, 2002. - 224 с.

Социология ғылымының қолданбалылық маңызы социологиялық зерттеулер нәтижелерінің мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда пайда­ланылуынан көрінді. Мемлекеттік органдардың жанынан социо­логиялық зерттеулерге мамандандырылған орталықтар құрылған және жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанын­дағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер инстиутты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет ака­демиясының Мемле­кеттік басқару мен мемлекеттік қызмет теориялары мен тәжірибелерінің ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Ақпараттық-талдау қызметі, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрілігінің Талдау және мониторинг орталығы, бұларда нақты-әлеуметтік зерттеулер, кең көлемді жобалар, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдар мониторингі жүруде.

Социологиялық қызмет көрсету рыногының дамуы қазақстандық саяси және маркетингтік кеңістікте шынайы сипаттамаларға ие болды. Мемлекеттік орталықтармен қатар талдамалық ақпарат беру және қоғамдық сауал салу мен маркетингтік зертеулер жүргізу жөніндегі қызметтер көрсететін бірқатар жеке меншік орталықтар бар: BRІF Research Group, ЦИОМ, ЦЕССИ - Қазақстан салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты, БИСАМ-ЦЕНТРАЛ ЭЙЖА, Алматы тәуелсіз социологтар мен саясаттанушылар ассоциациясы, КИСЭИП, КОМКОН 2-Еуразия және т.б. Бұл ұйымдардың аймақтық менеджерлер мен интервьюерлер желісі түріндегі құрылымдары, ғылыми-әдістемелік зерттеу базасы, ақпаратты өңдеудің жаңа компьютерлік технологиялары бар. Жеке меншік компаниялардың коммерциялық негізде қызмет ететіндігінен қымбат тұратын жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.

Қазақстанның социология ғылымының қалыптасу процесіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ социология кафедрасының бастамасымен 1996 жылы өткен “Қоғамды жаңғыртудағы социологияның рөлі” атты Бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 1997 жылы Дүниежүзілік банктің қолдауымен өткен “Қолданбалы социологиялық зерттеулер: тәжірибесі, мүмкіндіктері, болашағы” атты халықаралық семинар жаңа серпін берді.

2002 жылғы 17 - 18 мамырда Алматы қаласында өткен “Қазақстандық қоғам және социология: жаңа шынайылықтар мен жаңа идеялар” атты Қазақстан социологтарының бірінші конгресі Қазақстан социологиясының жаңа кезеңі болды. Бұл конгресте әлеуметтік-ғылыми проблемаларды шешу үшін елдің әлеуметшіл ғалымдарын біріктіру мақсатында тәуелсіз кәсіби бірлестік ретінде Қазақстан социологтарының ассоциациясын құру туралы шешім қабылданды. Қазақстан социологтарының ассоциациясы елдің социологиялық қауымдастығының интеллектуалдық және ғылыми-ұйымдық әлеуетін ашуды өзінің стратегиялық мақсаты етіп қояды. Қазақстан социологтары ассоциациясының президенті болып социология ғылымдарын докторы, профессор М.М. Тәжин сайланды.

2003 жылдың қаңтарында Ассоциация Қазақстанның дарынды жас социолог ғалымдарын арналған Қазақстан социологтары ассоциациясының сыйлығын ізденуге арналған байқау ұйымдастырды. Байқаудың алғашқы жеңімпаздары мен лауреаттары Жаманбалаева Ш.Е., Қожамқұлова Л.Т., Әбдірайымова Г., Нұрбекова Ж.А., Шеденова Н.У., Валитова З.Х., Сәдуақасова А.К. болды.

Осылайша, Қазақстанның социология ғылымы шынайы социумның міндеттерін шешуге тырыса отырып, қарқынды дамып келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. История теоретической социологии. Под ред. Ю.Н.Давыдова. - М., Канон, 1997. - Т.2. - 560 с.

2. Джунушев Р.Е. Особенности формирования и развития казахского просвещения вт. пол. Х1Х-нач. ХХ в. Дис. ... канд. философ. наук. -Алматы, 1985. - 167 с.

3. Чокан Валиханов и современность / Сборник материалов Всесоюзной научной конференции, посвященной 150-летию со дня рождения Ч.Ч.Валиханова. - Алма-Ата: Наука КазССР, 1988. - 320 с.

4. Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана вт. пол. Х1Х-нач. ХХ в. - Алма-Ата: Наука, 1970. - 161 с.

5. Жұмақасова І. Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасуы // Ақиқат. - 1994. - ( 10. -32-42 б.

6. История теоретической социологии / Под ред. И.Ф. Девятко. - М., 1997. - Т.1-4.

7. Маркин А.В. Концепции политической жизни в русской социологии в кон. Х1Х - нач. ХХ в. Б.Н.Чичерин, М.М.Ковалевский. Дис. ... канд. социол. наук. - М., 1993. - С.65.

8. Омаров Д. Абай мұрасын еліміздің саяси - әлеуметтік өмірінде қолдану жолдары // Культурные контексты Казахстана: история и современность. Материалы международного семинара, посвященного 100-летию М.О.Ауезова. / Сост. А.Кодар, З.Кодар: Ассоциация по экологии культуры народов Казахстана “Золотой век”. - Алматы, 1988. - С.194-199.

9. Абай. Қара сөздер. Поэмалар. - Алматы: Ел, 1993.- 270 б.

10. Тойнби А. Дж. Постижение истории.. - М.: Прогресс, 1991.- 736 с.

11. Өміралиев І. Абай афоризмі. - Алматы: Қазақстан, 1993. - 124 б.

12. Орынбеков М. Философские воззрения Абая. - Алматы: Білім, 1995. - 136 с.

13. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана 1917-1940 г.г. - Алматы: Ғылым, 1991. - 256 с.

14. Шакарим. Зеркало подлинного счастья. Сады подснежников. Мысли разных лет // Простор. - 1989. - ( 8. - С.130-138.

14. Шәкерім Құдайбердиев. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. - Алматы: Жазушы, 1988. - 560 бет.

15. Айтказин Т.К. История казахской общественной и философской мысли. - Астана, ЕАУ им. Л.Н.Гумилева, 2000.- 150 с.

16. Сегизбаев О.А. Казахская философия ХV - начала ХХ вв. - Алматы.: Гылым,1996. - 472 с.

17. Валиханов Ч. Собрание сочинений в пяти томах. - Алма-Ата: Казахская советская энциклопедия, 1985.- Т.2 - 416 с.

18. Валиханов Ч. Избранные произведения. Алма-Ата: Казгослитиздат, 1958. - 643 с.

19. Алтынсарин Ы. Шығармалар. ұш томдық. - Алма-Ата, 1976. - Т.2. - С.98.

20. Торайгыров С. Социализм. 1918. // Избранное. - Алма-Ата: Жазушы, 1971. - 256 с.

21. Капитонов Э.А. Социология ХХ века: история и технология. - Ростов-на-Дону: Феникс, 1996. - 512 с.

22. Социологические взгляды Н.Бухарина. - М. : Наука,1970.

23. Социологические центры СССР (1976) / Под ред. В.Ю.Попкова. - М., 1976. - 309 с.

24. Соскин С.Н. О преодолении социально-экономических и культурно-бытовых различий между городом и деревней в период строительства коммунизма. - Алма-Ата: Казахстан, 1967. - 223 с.; Соскин С.Н. Социальная структура современного села. - Алма-Ата: Знание, 1978. - 23 с.; Соскин С.Н. Социальная структура села и народное образование. - Алма-Ата: Казахстан, 1979. - 287 с.; Рогачев А. А. Социальное развитие села. - Алма-Ата: Кайнар, 1987. - 158 с.; Рогачев А. А. Использование трудовых ресурсов села. - Алма-Ата: Кайнар, 1970. - 128 с.; Рогачев А.А. Социально-экономическое развитие сельских трудовых ресурсов. - Алма-Ата: Кайнар, 1981.- 207 с.; Искаков У.М. Города Казахстана: проблемы социально-экономического развития. - Алма-Ата: Наука,1985. -160 с.; Алтаев А.Ш. Социальное развитие рабочих Карагандинского угольного бассейна в 1970-80-е г.г. - Алма-Ата: ғылым, 1990. - 133 с.; Байдельдинов Л.А. Статистика в социологическом исследовании. - Алма-Ата: Наука, 1965.- 126 с.; Шеденов У.К. Социология в службе быта Казахстана. - Алма-Ата: Казахстан, 1973. - 167 с.; Дорж Д.А. Конкретно-социологические исследования в лекционной пропаганде. - Алма-Ата: о-во “Знание”, 1987. - 20 с.; Акмамбетов Г.Г. Проблемы нравственного развития личности. - Алма-Ата: Наука, 1971. - 215 с.; Даутов Т.М. Личность как социологическая проблема. - Алма-Ата: Наука, 1970.- 254 с.

25. Сапрыкин В.А. Урбанизация. Атеизм. Религия: проблемы формирования научно-материалистического атеистического воспитания в условиях социалистического города. - Алма-Ата: Казахстан, 1981.- 287 с.; Черняк В.А. Формирование научно-материалистического атеистического мировоззрения (социологические проблемы). - Алма-Ата: Наука, 1969. - 372 с.; Черняк В.А. Планы социального развития коллективов и атеизм. - Алма-Ата: Казахстан, 1974. - 183 с.; Сарсенбаев Н. Обычаи и традиции в развитии. - Алма-Ата: Казахстан, 1965. - 328 с.; Сарсенбаев Т.С. Проблемы интернационального воспитания личности (философско-социологические исследования). - Алма-Ата: Казахстан, 1973. -129 с.

26. Черняк В.А. Социология атеизма и исторический материализм. - Алма-Ата: Казахстан, 1989. - 175 с.

27. Сейдуманов С.Т. Социологические информационные службы: ретроспективно-аналитический обзор. - Талды-Курган, 1990. - 38 с.

28. Справочник для поступающих в ВУЗы СССР в 1988 г. - М.: Высшая школа, 1988. - 448 с.

29. Габдуллина К.Г. Производственный коллектив и его социальная рөл в формировании работников сельского хозяйства. Дис. ... д-ра социол. наук. - Алматы, 1991. - 291 с.; Икенов А.И. Гуманистический аспект управления научно-техническим процессом. Дис... д-ра социол. наук. - Алматы, 1992. - 327 с.; Тажин М.М. Методологические аспекты исследования социально-территориальных различий. Дис... д-ра социол. наук. - Алма-Ата, 1990. - 291 с.; Хамитова М.Р. Социальные изменения учителей Казахстана. Дис. ... канд. философ. наук. - Алматы, 1992. - 123 с.; Раисов Е. Социальные факторы отношения рабочих Казахстана в труду в современных условиях. Дис. ... доктора социол. наук. - Алматы, 1997. - 285 с.; Нагайбаева З.А. Предприниматели как социальная группа. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 127 с.; Садырова М.С. Социально-профессиональная мобильность интеллигенции в условиях рыночных преобразований. Дис. ... доктора социол. наук. - Алматы, 1999. - 259 с.; Абжалиева А.Т. Урбанизация и ее социальные последствия. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000. - 143 с.; Кожамкулова Л.Т. Социальная структура крупного города (на примере г. Алматы). Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000. - 141 с.; Валитова З.Х. Современные тенденции развития социальной структуры казахстанского общества. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000; Айтимбет Л.И. Социальные проблемы безработных в условиях переходного периода. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000

30. Сапабеков И.Ж. Авторитет руководителя в современных условиях. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1992. - 156 с.; Биекенов К.У. Методологический и социологический анализ политической культуры хозяйственного руководителя. Дис. ... доктора социол. наук. - Алматы,1993. - 325 с.; Никитенко Е.В. Руководитель организации: социологический анализ моделей управленческой деятельности. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 190 с.; Абдикерова Г.О. Социологический анализ проблемы политической социализации личности. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 140 с.; Кудро Н.М. Социальное регулирование поведения личности как предмет социологического анализа. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000.

31. Золотухин С.А. Молодежь в социальной структуре общества. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1993. - 116 с.; Нұсқабаев О. Жалпы білім беретін мектеп өскелен ұрпақты әлеуметтендіру институты. Социол. ғыл. док. ... дис. ізденіс. - Алматы, 1994. - 247 б.; Касымова Л.Н. Проблемы социализации казахской студенческой молодежи сельского происхождения в условиях переходного периода. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 148 с.; Ізтелеуова Л.И. Қазақстан жастарын нарық жағдайындағы өнеркәсіптік еңбекке бағыттау. Социол. ғыл. канд. .... дис. ізденіс. - Алматы, 1998. - 130 с.; Абдрайымова Г.С. Студенческая молодежь как социальная группа. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 142 с.; Саликжанов Р.С. Социологический анализ политической культуры студентов. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 134 с.; Царева Т. Методологические проблемы анализа правовой социализации студенческой молодежи. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 134 с.; Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 161 с.; Ляднева Ж.М. Социологический анализ девиантного поведения молодежи Казахстана. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000.

32. Амирханова М.М. Методология и методика построения системы индикаторов социальной статистики. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 165 с.; Алдашов Б.А. Качество жизни в контексте рыночной экономики. Дис. ... доктора социол. наук. - Алматы, 1994. - 352 с.; Климова Т.В. Социально - демографические отношения как предмет социологического исследования. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 171 с.; Биекенова С. К. Методологические проблемы анализа социальной политики государства. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 149 с.; Абулкасова Д.Б. Миграционные процессы в Казахстане: тенденции и динамика.

33. Дарменова Б.К. Социально - экономические проблемы формиро­вания и использования трудовых ресурсов в сельском хозяйстве Казахстана. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1993. - 147 с.; Матаев Г.М. Основные принципы крестьянского самоуправления. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1994. - 150 с.

34. Жаназарова З.Ж. Социологический анализ структуры взаимоотношений современной семьи. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1998. - 128 с.; Шеденова Н.У. Женский труд в условиях рыночных отношений: социальные аспекты. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1998. - 132 с.; Кылышбаева Б.Н. Социальная адаптация женщин к современным рыночным условиям. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1998.- 165 с.; Нурбекова Ж.А. Социологический анализ женского предпринимательства в Казахстане. . Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000.

35. Джаманбалаева Ш.Е. Социальные проблемы девиантного поведения (на материалах РК). Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1996.- 121 с.; Кошербаева А.Б. Социальные проблемы преступности (социологический аспект). Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999.- 149 с.; Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1999. - 161 с.

36. Асылов Н.Ж. Военная социология как наука о войне и мире / Сб. научн. трудов. Вып. 2(7). - Алматы, ВИ ПВ, 1996.; Карабаев Ш.К. Этносоциальная структура общественно - политических движений и партий Казахстана в переходный период. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1995.- 138 с.; Сейдуманов С.Т. Становление многопартийности в Казахстане: политико- социологический анализ. Дис....доктора социол. наук. - Алматы, 1998. - 297 с.; Илеуова Г.К. Социальные аспекты формирования и развития политической элиты Казахстана. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1997. - 140 с.; Крылдакова Р.Б. Социологический анализ деятельности экологических неправительственных организаций. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2001.

37. Исмуханова Г.Г. Современные промышленные конфликты и их отражение в теории Р.Дарендорфа. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1996. - 149 с.

38. Хан М.М. Этно-региональные особенности ценностных ориентаций личности. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1993. - 139 с.; Смагамбет Б.Ж. Взаимоотношения между руководителем и подчиненным в многонациональных трудовых коллективах: социологический анализ. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1998.- 159 с.; Есенгалиева А.К. Социальная адаптация этнических групп к условиям рынка. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000. - 162 с.; Карабаев Ш.К. Этносоциальная структура общественно-политических движений и партий Казахстана в переходный период. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 1995.- 138 с.; Ахметова С.С. Становление государственного языка как социального института в Республике Казахстан: социологический анализ. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2002; Жайшибекова К. Формирование культуры межэтнического общения как социальный процесс. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2001; Шаукенова З.К. Социальное взаимодействие этносов в современном казахстанском обществе. Дис....доктора социол. наук. - Алматы, 2003.

39. Биекенов К.У., Садвокасова А.К. Институционализация социологической мысли в Казахстане // Саясат. - 2000. - ғ 6; Садвокасова А.К. Институционализация социологической мысли в Казахстане. Дис. ... канд. социол. наук. - Алматы, 2000.









Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 2033;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.112 сек.