Тежеуіш жүйесінің классификациясы.

Дәріс. Тақырып:Тежеуіш жүйесі.

Тежеуіш жүйесі автомобил жылдамдығын тоқтағанға дейін төмендетуге және оның аялдауы кезінде қозғалтпауға арналған. Тежелу үрдісінде автомобилдің кинетикалық қуаты фрикционды накладкаларжәне барабанды немесе дискілі тежеуіштер арасындағы, сондай – ақ шинамен жол арасындағы үйкеліс жұмысына өтеді.

Қарапайым автомобилдерде және автопоездарда жұмыстық, қосымша және аялдаушы тежеуіш жүйесі болуы керек. Жүтік автомобилдерде және автопоездарда толық салмағы 12т жоғары, ал автобустарда 5т жоғары болса, таулы аймақтарда қолдануға арналған сондықтан толықтырушы көмекші жүйе болуы керек.

Тежеуіш жүйесіне келесі талаптар қойылады: тиімді тежелуді қамтамассыз ету; тежелу кезінде автомобилдің тұрақтылығын сақтау; тұрақты тежелу құрылымы; жоғарғы пайдалану сенімділігі; басқарудың, тетікке немесе иінтірекке берілетін және оның жүрісінің ыңғайлылығы және жеңілдігі

Жұмыстық тежеуіш жүйесі авто-көлік құралын басқаруға (АКҚ) және оның қажетті қарқында тежелуін аялдауын басқарады. Қарапайым автомобилдерде ол оның жұмыстық органдарына және доңғалақтық тежеуіштерге әсер ететін негізгі жүйе болып табылады.

Аялдау тежеуіш жүйесі АКҚ қозғалмайтын жағдайда ұстауға қызмет етеді. Ол доңғалақтың тежелу жүйесіне немесе автомобилдің трансмиссиясымен байланысқан арнайы толықтырушы тежеуіш жүйесіне әсер етеді.

Көмекші тежеуіш жүйесіжұмыстық тежеуіш жүйесіндегі мезанизмнің қуат жүктемесін азайтуға арналған, мысалы ұзын өрлерден түскен кезде. Ол моторлық немесе трансмиссиялық тежегіш – баяулатқышынан тұрады.

Тежеуіш жүйесі тежеуіш механизмдерінен және тежеуіш жетегінен тұрады.

Тежеуіш механизмдерінекелесі талаптар қойылады: әрекеттің тиімділігі; жанасушы беттің температурасының тежелу саны; жоғарғы механикалық ПӘК; әрекеттің жұмсақтығы; жанасушы беттердің арасындағы қалыпты саңлауды автоматты қалыптастыру; жоғары ұзақ мерзімділік.

Айналатын элементтерді пішімі бойынша барабанды және дискілі тежеуіш механизмдеріне бөледі.

Барабанды тежеуіш механизмі (7.1.Сур.) барабаннан 12, колодкадан 3, тіреніш дискісінен 1 (суппорта), колодка тіренішінен 2, қысушы құрылғыдан және саңлау реттегішінен тұрады. Тежеуіш барабандары құйылған, қалыпиалған және түрлендірілген болуы мүмкін. Құю кезінде мыс, молибден, никел және титан қоспасы бар шойын пайдаланады. Қалыпталған барабандардың ішкі беті легирленген шойын қабатынантұрады.

Тежеуіш механизмдерінің колодкаларын шойыннан немесе жеңіл қорытпалардан құйып, қалыптап, пісіріп жасайды. Оларға тойтарманың немесе желімдегіштің көмегімен накладкалар бекітеді. Колодкалар тарту серіппелерімен әрқашанда керу құрылғысына қысылған.

 

Сур. 7.1. Барабанды тежеуіш механизмі:

1— суппорт; 2—колодка тіреуі; 3— колодка; 4— фрикционды накладка; 5— тарту серіппесі; 6— ролик тіреуі; 7— ролик; 8— тежеуіш камерасы; 9— тежеуіш камерасының кронштейні; 10—реттеуші иінтірек; 11—қысу жұдырықшасы; 12—тежеуіш барабаны.

 

Тежеуіш накладкалары баспақталған, пішімделген, тоқылған болуы мүмкін. Накладка жадығаты ретінде қысқа толқынды асбест, толықтырушы және байланыстырушы жадығаттар пайдаланылады.

Барабанды тежеуіш механизмдерінде қысушы құрылғының үш түрін пайдаланады: S-тәрізді жұдырықша, гидроцилиндр және сына (7.2.Сур).

Қысу жұдырықшасы бар барабанды тежеуіш механизмі 7.1 суретте көрсетілген. Екі колодкада 3 өске бекиді 2. Тарту серіппелері 5 колодкаларды ашу жұдырықшаларына 11 және төменгі тіренішке қысады. Қысу жұдырықшасының білігінің иінтірегінде 12 барабан 12 мен накладка 4 арасында саңлау ретегіш орналасқан

 

Сур.7.2. барабанды тежеуіш механизмдерінің қысу құрылғысының түрлері:

а—жұдырықша; б—сына; в—гидроцилиндр; F1 және F2 —тежеуіш колдкаларына әсер ететін күштер.

 

Тежелу кезінде тежеуіш камерасының штогы қысу жұдырықшасының білігін бұрады, бұл өз кезегінде колодкаларды тежеуіш барабанына қысады. Роликтер 7 қысу құрылғысының ПӘК көтеруге көмектеседі. Қысу жұдырықшасының қыры Архимед спиралі немесе эвольвентті түрде жасалады. Осыған байланысты колодкаға жұдырықша жағынан әсер ететін күштердің қосындысы накладкалардың тозу үрдісінде жұдырықшаның орнату бұрышына тәуелді емес.

Сур.7.3.ГАЗ-53-12 автомобилінің тежелу механизмі:

1— тежеуіш колодкасы; 2— доңғалақтық цилиндр; 3—доңғалақтық цилиндрдің экраны; 4— колодканың қату серіппесі; 5— колодканың бағыттаушы скобасы; 6—тежеуіш торабы; 7— бақылаушы люк; 8—реттеуші эксцентрик; 9—тығырық; 10—реттеуші эксцентриктің бұрандамасы; 11— тіреніш саусақшаларының пластинасы; 12— тіреніш саусақшаларының эксцентригі; 13—тежеуіш колодкаларының тіреніш саусақшалары; 14—бұрандама; 15—серіппелі тығырық; 16—белгілер.

Ашушы гидроцилиндрі бар тежеуіш механизмінің екі поршені 7.3. суретте көрсетілген. Поршеннің бірдей диаметрінде екі колодкаға әсер ететін күштердің теңдігін қамтамассыз етеді. Колодкалар 1 суппортқа бекітілген тіреніш саусақшаларында 13 шарнирлі орналасқанустан. Саусақшаларды эксцентрикті етіп жасайды, себебі колодканың төменгі бөлігінде накладкамен және барабан арасындағы саңлауды реттеу мақсатында.

Колодканың жоғарғы бөлігіндегі саңлауды эксцентриктердің 8 көмегімен реттейді. Әр-бір саусақшаның сыртқы бетінде орналасуын көрсететін белгі 16 (бойлауы 2 мм) жасалған.

Тіреніш саусақшасының мүмкіндігінше көп эксцентриситеті. Колодкаларды дұрыс орнатқан кезде белгілері 16 бір-біріне қарауы керек.

Дискілі тежеуіш механизмдері жеңіл автомобилдерде пайдаланылады және жүктік автомобилде сирек пайдаланылады. Олар ашық және жабық, бір және көп дискілі, біркелкі және желдететін дискілі болуы мүмкін.

Скобаның беку тәсілдеріне қарай дискілі тежеуіш механизмдерін реттелетін немесе жайлы скобалы деп бөледі.

Реттелуші скобасы бар дискілі механизм үлкен жетекші күшпен және механизмнің жоғарғы қаттылығын қамтамассыз етеді. Скоба центрінде 1 (7.4.а,сур.) тежеуші диск 9 орналасқан, оның екі жағынан доңғалақты тежеуіш цилиндрі 2 бар. Тежеуіш цилиндрінің ішінде тығыздаушы сақинасы 7 шаңнан қорғаушы қабы 5 бар поршен орналасқан. Тежеуіш цилиндрінің құбыр желісінің жазықтығы басты тежеуіш цилиндрімен байланысады. Тежелу кезінде тежелу цилиндріндегі қысым көтеріледі және поршендер орын ауыстыра отырып айналушы дискілердің 9 накладкасын 10 қысады. Тежеуіш колодкалары 6 скобада 1 саусақшалардың 4 көмегімен тұрады.

Тежелу тоқтағаннан кейін тежеуіш цилиндріндегі қысым төмендейді және поршендер тығыздаушы сақиналардың 7 қаттылығының салдарынан колодкалардан алшақтайды.

Сур.7.4.а, Реттелген скобасы бар дискілі тежеуіш механизмі:

1— скоба; 2—тежеуіш цилиндрлері; 3—құбыр желісі; 4—саусақша; 5—қорғаушы қап; 6—тежеуіш колодкасы; 7—тығыздаушы сақина; 8—поршын; 9— диск; 10—фрикционды накладка

 

Колодкалар өз кезегінде тежеуіш дискісінің соғуы салдарынан, одан алшақтайды. Осыған байланысты колодканы алшақтататын және саңлауды реттегіш құрылғы механизмге қажет емес.

Жайлы скобасы бар дискілі механизм (7.4.б, Сур). Тежеуіш цилиндрі скобада және бір жағынан тежеуіш дискісінде орнатылған.

Скоба бағыттаушы штифт бойынша суппортта басқа тежеуіш колодкасымен бірге орын ауыстыруы мүмкін. Тежелу кезінде поршын дискіні бір колодкамен қысады. Пайда болған әрекеттердің нәтижесінде скоба қарама-қарсы орын ауыстырады және дискіге екінші реактивті колодканы қысады.

Сур.7.4.б, Жайлы скобасы бар дискілі тежеуіш механизмі:

1—скоба; 2—бағыттаушы штифтер; З—суппорт; 4—поршын; 5—тығыздаушы сақина; 6, 7— колодкалар; 8— пластиналы серіппе.

 

Автомобилдердің тежеуіш жетектерінекелесі негізгі талаптар қойылады: тежелу режимінде ілеспелі іс-әрекетте болу, тежелу механизмдерімен шарықтайтын тежелу моменттерін тежеу, жүргізушінің тежелу тетігіне және оның орын ауыстыруына келтірілген күшке пропорционалды болуы; тежелу уақыты 0,6 с тежеу уақыты 1,2 с; жұмыстық тежеуіш жүйесінің жетегінде екі тәуелсіз шеттіктің болуы жетектің қандайда бір бөлігі зақымданғанда жазылған жұмыстық тежеуіш жүйесінің 50% қамтамассыз етуге арналған;

Тіркеменің тартқыштан үзілуі кезінде автоматты тежелуін қамтамассыз ету.

Көп таралған екі контурлы тежеуіш жетегінің сұлбасы 7.5 суретте көрсетілген. Тежеуіш жетегі гидравликалық, пневматикалық, түрлендірілген болуы мүмкін. Пневматикалық жетекте тежеуіш механизмдері қысылған ауа қуатының көмегімен қозғалады, жүк көтергіштігі орташа, үлкен жүкті автомобилдерде және автобустарда пайдаланады.

Сур.7.5. Екі контурлы тежеуіш жетегінің сұлбасы:

а — өстер бойынша; б— диагоналды; в — алдыңғы тежеуішті қайталау; г — алдыңғы тежеуішті қайталау және әр-бір арқыны жеке басқару; д — толықтай белдік бойынша қайталау.

Өте кіші және кіші кластағы жеңіл автомобилдерде, сондай-ақ жүкті автомобилдерде және толық салмағы 1 т дейінгі автобустарда жүргізушінің әсерінен қозғалысқа енетін гидравликалық жетектер пайдаланады. Жүргізушінің әсерінен қозғалысқа енетін гидравликалық жетектер тежеуіш жүйесін басқаруды жеңілдететін вакуумды, пневматикалық, гидравликалық үдеткіштермен жабдықталған.

Жүк көтергіштігі жоғары және өте жоғары жүкті автомобилдерде және автопоездерде түрлендірілген тежеуіш жетегін пайдаланады (пневмогидравликалық және электропневматикалық).

Гидравликалық тежеуіш жетегі. Гидравликалық тежеуіш жетегін тікелей және жанама әсерлі деп бөледі. Бірінші жағдайда жүргізуші тежеуіш механизмдеріне тікелей әсер етеді, екінші жағдайда жүргізушімен қоса үдеткіш әсер етеді.

Вакуумды үдеткіште ілесуші клапан 9 (7.6.а, Сур) және диафрагма бар. Б жазықтығында вакуум әрқашанда ұстайды, ал А жазықтығы клапан 9 көмегімен Б жазықтығымен тежелу жағдайында жалғасады.

Тежелу кезінде педалдағы 5 күш клапанға 9 беріледі, сонда А жазықтығын Б жазықтығынан шамамен ажыратып ауа жазықтығымен жалғайды. Атмосфералық қысым мембрананы солға жылжытады, сонда поршенде толықтырушы күштер пайда болады 7 және 8. Гидравликалық тежеуіш жетегі атқаратын қызметіне және орындайтын міндетіне қарай тізбектей немесе параллель жалғанған жетектегі құрылғыларды іске қосу үшін қажет.

 

Сур.7.6, гидравликалық тежеуіш жетегі:1,10—доңғалақтық тежеуіш цилиндрі; 2, 6—құбыр желісі; 3— басты тежеуіш цилиндрі; 4—вакуумды үдеткіш; 5—тежеуіш педалі; 7, 8— поршндер; 9—клапан.

 

 

Оларға басты тежеуіш цилиндрі, үдеткіштер, доңғалақтық тежеуіш цилиндрі, гидросорап, аккумуляторлар, реттеуші және қорғаушы қондырғы.

Басты тежеуіш цилиндрі тежеуіш педаліне пропорционал күштің әсерімен сұйықты қысыммен доңғалақтық тежеуіш цилиндріне береді.

Пневматикалық тежеуіш жетегі. Пневмо жетекті қолдану тежеуіш жүйесін басқаруды жеңілдетеді және ықшамдайды және қысылған ауаны әр түрлі мақсатта қолдануға мүмкіндік береді. Бірақта гидро жетекке қарағанда пневмо жетектің қызметі және күтуі күрделі. Оның құны, қызу уақыты көп және қысым жетегіне қозғалтқыштың қуаттық шығыны көп.

Пневможетек келесі элементтерден тұрады (сур.7.7): қоректенуші — қысымдағыш 4 және ресиверлер 16, 18, 19, 21;басқарушы — тежеуіш краны 14, клапандар 25 тіркеме және жартылай тіркеменің тежеуіштерін басқару; орындаушы — тежеуіш камерасы 1, 28; реттеуші— қысымды реттегіш 2 және тежеуіш күшін реттегіш 15;

пайдаланушы сапасын және сенімділігін жақсартушылар— құрғатқыш 5, қорғаушы клапандар 20, 29, белгі беруші элементтер 8, 17.

Тежегіш педалін басу кезінде түрлендірілген тежеуіш кранының секциясы 5 тартқыштың тежеуіш камерасын 10 рессивермен 3 жалғайды. Сол уақытта кран секциясы 4 пневмосызықты атмосферамен жалғайды. Жалғастырушы пневмосызықтағы қысымның төмендеуі ауа үлестіргіш клапанының 8 жұмысына әкеледі. Осыған орай рессивердегі қысылған ауа тіркеменің камераларына 10 беріледі. Осының өзінде тежеуіш педаліндегі және тежелу камерасындағы қысымдар арасындағы күштердің пропорционалдығы сақталады. Тіркеменің үзілуі кезінде қысымның төмендеуі салдарынан оның тежелуі болады.

Тежеуіш күшін реттегіштер. Оның негізгі қызметі — таю және сырғанауды болдырмау үшін артқы доңғалақтардағы тежеуіш күшін шектеу. Реттегіштің басқарушы параметрлері артқы өстегі жүктемелер және басты тежеуіш цилиндрндегі қысым болады.

Автоматты тұйықтауға қарсы жүйе. Тежелу кезінде доңғалақтарды тұйықтау автомобилдің тұрақтылығын жоғалтуға, тозуды жоғарылатуға, тежелу тиімділігін төмендетуге әкеледі. Тежелу кезінде доңғалақтарды тұйықтау болмау үшін тұйықтауға қарсы жүйе пайдаланады (ТҚЖ). ТҚЖ доңғалақтың бұрыштық жылдамдық датчигінен, электронды блоктан және қысым үлгілегішінен тұрады. Датчик белгісі үлгілегішке түсетін басқару белгілерін пішімдейтін электронды блокқа түседі. Доңғалақтың тұйықталуы кезінде жылдамырақ тежейтін және оның айтарлықтай бұрыштық үдеуінде тізбекті тежелуін қамтамассыз ететін бірнеше бағдарламалар жасалған. Нәтижесінде көп үрдісті автоматты тежелу пайда болады. әрбір үрдіске тежелудің, тоқталудың және автоматты тежеудің ұяшығы кіреді.

Сур.7.7 КАЗ-4540 автомобилінің пневмо жетегінің сұлбасы:

1— алдыңғы доңғалақтың тежеуіш камерасы; 2—қысымды реттеуші; З— тоңудан қорғаушы; 4—қысымдаушы; 5—құрғатушы; 6—қозғалтқышты тоқтатушы жетек иінтірегінің пневмоцилиндрі; 7— көмекші тежеуіш жетегінің пневмоцилиндрі; 8, 17— пиевмозлектрикалық датчиктер; 9—көмекші тежеуіштің пневматикалық краны; 10— одинарлы қорғап қайта жіберуші клапан (кері клапансыз); 11— тексеру шешімінің клапаны; 12—конденсатты құю краны; 13—екі бағытты манометр; 14—екі секциялы тежеуіш краны; 15— тежеуіш күшін реттегіш; 16— алдыңғы белдіктің жұмыстық тежеуіш контурының ауа баллоны; 18— артқы белдіктің жұмыстық тежеуіш контурының ауа баллоны; 19— басқа тұтынушылардың ауа балоны; 20— үштік қорғаушы клапан; 21— аялаушы және көмекші тежеуіш контурының ауа баллоны; 22—аялдау тежегішінің краны; 2З—үдеткіш клапан; 24—екі магистралды клапан; 25—жартылай тіркеменің екі желісті жетегі бар тежегішін басқару; 26— автоматты жалғаушы басы; 27— «Палм» түріндегі жалғаушы басы; 28— серіппелі қуат аккумуляторы бар артқы доңғалақтың тежеуіш камерасы; 29— кері ағыны бар қорғаушы одинарлы клапан; 30— кеңейткіш кран; 31— редукционды клапан.

Тежегіш-баяулатқыштар. Көптеген автомобилдердің тежеуіш механизмдері таулы аймақтарда, төбешікті жерлерде және қалада қарқынды қозғалыста пайдаланғанда қызып кетеді, ал сондай-ақ тежеуіш салмағыда қолайсыз себебі бұл доңғалақтардың өлшемдерін және автомобилдің аспасыз элементтерінің үлкеюіне әкеледі

Қозғалыстың қауіпсіздігін жоғарылату мақсаты, әсіресе үлкен жылдамдықта ұзын немесе қиын биітіктерден түскенде тежегіш-баяулатқыштың көмегімен іске асады. автомобилдерде тежегіш-баяулатқыштың үш түрін пайдаланады: моторлы, гидравликалық және электродинамикалық.

Аялдау тежегіші. Аялдау тежегіш жүйесі автомобилді 25% қиғаштықта және жұмыстық тежеуіш жүйесінің істен шығуы кезінде қосымшаның орнына пайдалануға арналған. Орнату орнына қарай тежегіштерді доңғалақтық және трансмиссиялы аялдау жүйесіне бөледі.

Әдебиеттер:

1.нег[347-410]; 2.нег.[207-278]; 3.нег.[205-262].

Бақылау сұрақтары:

1. Қарапайым автомобилде қанша және қандай тежеуіш жүйесі болуы керек? 2.Тежеуіш механизмдерінің түрлерін ата. 3. Барабанды тежеуіш механизмдерінен дискілі тежеуіш механизмдерінің артықшылықтарын ата. 4. Тежеуіш күшін реттеуші және автоматты тұйықталуға қарсы жүйелер не үшін қажет?

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Твердотельное моделирование | Специальные виды управления




Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 11687;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.023 сек.