Штік қорытпалардың жүйесінің диаграммасын құру
Техникада үш және одан да кеп компоненттерден құралатын қорыт-палар да қолданылады. Үштік қорытпалардағы фазалық түрленулерді сипаттау үшін үштік күй диаграммаларын пайдаланады.
Мұндай диаграммалар, жазық табанында қорытпалардың құра м ы, ал вертикаль осі бойынша температура бейнеленетін кеңістік фигурасы түрінде болады.
Үштік корытпалардың кұрамы көбіне тең қабырғалы үшбұрыштың жазықтығында бейнеленеді, концентрациялы үшбұрыш деп аталатын (54-сурет). Бұл үшбүрыштың кабырғаларында қос қорытпалардын құрамын бейнелейтін нүктелер, ал үшбұрышты төбелерінде таза компоненттке сәйкес келетін нүктелер жатады.
Үшбүрыштың ішінде жатқан әрбір нүкте үштік қорытпа құрамына сәйкес келеді. Массаның 100 проценті үшін бәрінен де үшбұрыштық қабырғаларының ұзындығын, алу қолайлы,мұндай жағдайда үштік қорытпалардағы компоненттер массасы үшбұрыштың қабырғаларына параллель кесінділер арқылы анықталады.
54, а-суретте X қорытпасының химиялық құрамының қалай анықталатыны көрсетілген. Құрамы үшбұрыштың бір қабырғасына параллель түзулердін бойында жататын қорытпаларда компоненттерінің біреуінін мөлшері бірдей болады. Мысалы, М, Қ және Ь (54, б-сурет) қорытпаларында В компонентінің 30% бар. Қүрамы үшбұрыштың бір тебесінен өтетін түзудің бойында жатқан корытпаларда екі компоненттің сандық қатынасы тұрақты болады. Мысалы, қүрамы ВЕ сызығының (54, в-сурет) бойында жаткан корытпаларда А және С компоненттерінің мөлшерлері бірдей.
Екілік жүйе сияқты үштік жүйеге де кесінділер ережелерін пайдалануға болады. Екі фазаға (құрылымдық құраушыларға) бөлінген қорытпа кұрамы, сол фазалардың (құрылымдық құраушылардың) құрамдарын қосатын түзудің бойында жататындығы оңай дәлелденіледі. Бұл жағдайда алынған кесінділер фазалар массасына кері пропорционал болады.
Массасы 5 кг О нүктесі құрамындағы қорытпанын М және К құрамды екі бөлікке бөліну жағдайын қарастырып көрейік (55-сурет), Мұнда М бөлігінің массасы 3 кг, ал К бөлігінің массасы2 кг болсын.
Сондықтан да: ОК = 3
ОМ 2
Қорытпа әр түрлі құрамды үш бөлікке бөлінген жағдайда сандық қатынасты анықтауға ауырлық центрі ережесі пайдаланылады (55, б-сурет).
О қорытпасы массалары 3,2 және 4 кг болатын М, К ж ә н е Н фазаларынан құралған. М фазасының массасы Оm/ Мm, К фазасының массасы Ок/Кк, ал Н фазасының массасы Оh/Hh қатынастарымен анықталады. О қорытпасының құрамы міндетті түрде үшбүрыштың ішінде жататындығына назар аудару қажет. Біздің жағдайымызда ол — МҚН үшбұрышы (мұнда үшбұрыштың төбелері қорытпа бөліктерінің құрамын көрсетеді).
Үштік жүйелерде бір фазалы, екі фазалы және үш фазалы аймақтардың шекарасы қисық сызықты бет болады. Төрт фазалы тепе-теңдікке горизонтальды жазықтық сәйкес келеді.
Ликвидус және солидус беттерінен (кез келген кисықтығы бар) басқа, барлық қисық сызықты беттер сызықты болады, яғни бұл беттер горизонтальды жазықтықпен қиылысқанда түзу сызықтар түзіледі. Бұл түзу сызықтар —конода сызықтары, берілген фазалар горизонталының температурасында колдағы бар екеуінің құрамын қосатын сызықтар.
Егер берілген температурада корытпада үш фаза болса онда конодты үшбүрыш пайда болады, мұндай үшбүрыштың әрбір қабырғасы фазалардың екеуінің құрамын қосады, мүның үстіне қорытпа құрамы, ауырлық центрі ережесі бойынша, конодты үшбүрыштың ішінде жатуы тиіс.
Сұйық қорытпалардың құрамы кристалдану процесінде сұйық ликвидус беті бойынша өзгереді, не эвтектикалық реакциялары бар жүйелердегі екі ликвидус бетінің (қос эвтектика сызықтары) қиылысу сызықтары бойынша, не перитектикалық түрленулері бар жүйелердегі кос перитектика бойынша өзгереді.
Кристалдану процесінде қатты ерітінділердің құрамы не солидус беті бойынша, не аралық сызықты беттердің шекаралық сызықтары бойынша өзгереді. Жүйенің тек кеңістік моделін пайдаланып, кристалдану процесіндегі қанықпаған қатты ерітінділердің кұрамын дәл анықтауға болмайды.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1799;