Вирусты Е гепатит
Вирусты Е гепатиттің қоздырғышы 27-37нм көлемдегі РНК-лы вирус, төменгі температураға төзімді, мұздату-ерітудің, йод, хлор препараттарының әсеріне сезімтал. Қазақстанда барлық өткір вирусты гепатиттердің ішінде Е вирусты гепатит 1,5 - 6,7% құрайды, әсіресе жүкті әйелдерге өте қауіпті.
Вирусты Е гепатиттің ерекшеліктері:
1. Инкубациялық кезең орташа 40 күн (20-60 күн)
2. Негізгі таралу жолы – су жолы.
3. Эпидемиялық өршу 7-8 жылда қайталанады.
4. Көбіне 15-29 жастағылар ауырады.
5. Жанұялық ошақтар сирек кездеседі.
6. Жүкті әйелдерде өлім жітім өте жоғары.
7. Жазғы айларда көп таралады, тұрмыстық ауыз суының ластануымен байланысты.
8. Арнайы алдын алу, вакцина жоқ.
9. Вирусты А гепатитке қарағанда инфекциялылығы төмендеу.
Вирусты гепатит ошағында эпидемияға қарсы шаралар.Вирусты гепатит ошағын эпидемиологиялық тексеру алдында аурудың берілу механизмін, парентералды немесе энтералды жолмен таралуын анықтау керек. Науқас адамның соңғы 6 ай ішінде қан немесе қан препараттарын,дәрі дәрмектерді қабылдағаны, хирургиялық,стоматологиялық,гинекологиялық ем алғаны туралы мәліметтер жинау керек. Егер аталған емдерді қабылдаған болса,қай жерде,қашан қабылдағаны анықталады.
Фекальді-оральді механизмімен жұқтырумен қатар парентеральды жұқтыру мүмкіндігін ескеру керек. Егер науқастың айналасында (үйінде, жұмыс орнында, бала бақшада) вирусты гепатит ауруы тіркелмеген болса, қатынаста болғандардың арасында әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, тамағының ауруына, тәбеттің нашарлауына, ішектің дисфункциясына, бауырдың ауыратындығына, нәжіс пен зәрдің түсінің өзгеруіне шағымданатындарды анықтау, оларды клиникалық, серологиялық және биохимиялық әдістермен тексеруге жіберу қажет. Науқастың айналасында бауыр, өт жүйесі ауыратын адамдарды анықтап тексеру керек, өйткені олар вирусты гепатиттің созылмалы түріндегі науқастары болуы мүмкін.
Вирусты А гепатит ошағын эпидемиологиялық тексеру барысында инфекция көзін, таралу жолдары мен таратушы факторларын анықтап, ошақтың санитарлық жағдайына, науқасты жекешелеу мерзімін, оның кәсібіне, қатынаста болған адамдарды медициналық бақылау жағдайына баға беру қажет. Тексеру барысында сыртқы орта объектілерінен сынамалар алынады.
Бала бақшада вирусты гепатит ауруы тіркелсе карантиндік шаралардың орындалуын, топтардың бір бірінен оқшаулануын, эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын, күнделікті дезинфекция шараларының орындалу жағдайын тексеру керек
Дата добавления: 2015-01-26; просмотров: 3335;