Вирусты А және Е гепатиттері
Вирусты А,Е гепатиттер – фекальді-оральді механизмімен таралатын, бауырдың зақымдалуымен,интоксикациямен,сарғаю белгілерімен сипатталатын, жедел және созылмалы түрде өтетін, антропонозды вирусты инфекциялы аурулар.
Вирусты гепатиттің инфекциялы ауру екендігін алғашқы рет орыс дәрігері С.П. Боткин дәлелдеген, сондықтан «Боткин ауруы»-деп те аталған. Қазіргі кезде вирусты гепатиттердің 7 түрі анықталған: А, Е, В,С, Д, F, G. Инфекциялы аурулар ішінде вирусты гепатиттер кеңінен таралған аурулардың бірі болып табылады. Жер бетінде 2 миллиардтан астам адамдар вирусты гепатит ауруын жұқтырған, 370 млн. астам адамдар созылмалы вирус тасымалдаушы болып табылады.
Берілу механизміне сәйкес вирусты гепатиттер 2 топқа бөлінеді:
1. Энтералды механизм (ішектік) – инфекция фекальді-оральді механизмімен таралады. Вирустар денеге ластанған су, тағам, кір қол арқылы түседі.
2. Парентералды механизм – инфекция қан құю, ине егу, түрлі медициналық манипуляциялар арқылы, жыныстық қатынас немесе анадан балаға жұғады.
Вирусты гепатиттердің жіктелуі:
- Энтералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер:
· Жедел А вирусты гепатит
· Жедел Е вирусты гепатит
2. Парентералды механизммен таралатын вирусты гепатиттер:
· Жедел В вирусты гепатит
· Жедел С вирусты гепатит
· Жедел Д вирусты гепатит.
3. Белгісіз этиологиялы вирусты гепатиттер.
Вирусты гепатиттердің түрлері: субклиникалық,типтік,атиптік сарғаюсыз.
Клиникалық ауырлығына сәйкес: жеңіл,орташа ауыр,ауыр дәреже.
1) Жеңіл дәреже- интоксикация белгілері жоқ немесе әлсіз, жеңіл сарғаю,
протромбиндік индекс (ПИ) қалыпты нормада. Жалпы билирубин 80-85
микромоль/литрден аспайды.
2) Орташа дәреже- сарғаю орташа білінеді. ПИ 60%-ға дейін төмендейді.
Жалпы билирубин 100 - 180 микромоль /литр шегінде.
3) Ауыр дәреже- интоксикация, орталық жүйке жүйесінің айқын уыттануы, ұйқының бұзылуы, ұйқышылдық, селқостық, анорексия, қайталап құсу, геморрагиялық синдром, қарқынды сарғаю, тахикардия, диурездің тәуліктік азаюы, ПИ 55%-дан төмен болады. Жалпы билирубин 180 микромоль/литр-ден артады. Қан сарысуының альбумині 47-45%-ға дейін төмендейді, гаммаглобулиндер артады.
Вирусты А гепатит - барлық гепатиттердің ішінде 60-90% құрайды.
А вирусты гепатит қоздырғышын 1973 жылы С.Файнстоун ашқан.
Қазақстанда А вирусты гепатит барлық гепатиттер арасында 91,7% құрайды, сырқаттанушылық деңгейі 100000 халыққа шаққанда - 323,23 құрайды. Сырқаттану деңгейі әр 7 жыл аралығында, күз мезгілінде қыркүйек-қараша айларында күрт өсіп отырады.
Негізгі клиникалық белгілері: дене қызуының 39°С көтерілуі, бас,бұлшық еттердің ауыруы, тәбеттің нашарлауы, құсу,зәрдің қызаруы, нәжістің ағаруы, бауырдың ұлғаюы, сыртқы терінің сарғаюы,қышынуы.
Қоздырғышы- гепатит А вирусы (HAY) - гепадновирустар тобына жататын РНК-лы пикорнавирустар. Қоршаған ортада төзімді, температура +4°С градуста бірнеше ай,-20°С градуста бірнеше жыл,бөлме температурасында бірнеше аптаға дейін сақталады. Қайнатқанда 5 минутта өледі,кептіргенде 1 айға дейін төзімді.
Инфекция көзі ауру адам . Науқас адам инкубациялық кезеңнің 2 жартысынан бастап, әсіресе соңғы 7-10 күндері және сарғаюсыз кезеңде аса инфекциялы, сарғаю кезеңінің 14-күніне қарай гепатит вирустары жоғалып кетеді. Сарғаю белгілері пайда болғаннан кейін науқастың инфекциялылығы, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіптілігі төмендейді.Инкубациялық кезең: 7-50 күн, орташа 35 күн.
Берілу механизмі- фекальді-оральді механизм.
Берілу жолдары:
1) Тұрмыстық-қатынас жолымен көбіне бала бақшаларда, ұйымдасқан балалар мекемелерде кір қол,ыдыстар, ойыншық, сүлгі т.б. заттар арқылы індетке қарсы ереженің бұзылуымен байланысты таралады.
2) Су жолы өршу түрінде таралады.
3) Тағам жолымен байланысты өршудің себебі сүт және сүт тағамдары,ет, салаттар,кондитер тағамдары болуы мүмкін.
Сиректеу парентералды,ауа-тамшы жолымен де жұғуы мүмкін.
Иммунитет.Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет сақталады.
Эпидемиологиялық ерекшеліктері:
· А вирусты гепатит аурумен сырқаттанушылық әр 4-7 жылда өсіп тұрады.
· Мезгілдік, күз-қыс айларында өршу байқалады,
· Көбіне жас балалар ауырады.
А вирусты гепатиттің клиникалық нәтижелері:
1) сауығу - 99%;
2) өліммен аяқталу (1%) ересектерге тән,
3) созылмалылық және асқыну болмайды.
А вирусты гепатитке қарсы алдын алу шаралары инфекция көзіне, таралу жолдарына, қабылдағыш организмге бағытталады.
Алдын алу шаралары.ҚР ДСМ 2010 жылғы №661 «Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарға қатысты санитарлық-індетке қарсы (алдын алу) іс-шаралардыұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) іс-шаралары:
1) Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
2) Инфекцияның тұрмыстық жолымен берілуін алдын алу үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ауыз су тәртібін (бөтелкедегі су, жеке немесе 1 реттік стақандар) және жеке гигиенаны сақтауға арналған (сабын, дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер) тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету;
3) Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, санитарлық тораптарда, сынып бөлмелерінде және рекреацияларда жүргізу техникалық өызметкерге жүктелген күнделікті ағымдық жинау кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету;
4) Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларды мектептің үй-жайларын жинауға тартуға жол бермеу.
Вирусты А гепатит ошағында эпидемияға қарсы шаралары:
1) Ауруларды клиникалық қажеттілікке сәйкес ауруханаға жатқызу.
2) Аурумен қатынаста болғандарды 35 күн медициналық бақылау, апта сайын дәрігерлік тексеру- сұрау, сыртқы тері мен шырышты қабаттарын, бауырды тексеру, күнделікті термометрия, нәжісті, зәрді бақылау, қажет болса қанды биохимиялық әдіспен тексеру.
3) Медициналық бақылау кезінде балаларды топтан топқа, палатаға, мекемеге ауыстыруға, жаңадан балаларды қабылдауға тиым салу. Мектепте ауру тіркелген жағдайда аурумен қатынаста болған сынып оқушыларына кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады.
4) Бала бақшада, жабық балалар мекемелерінде бірге тамақтанатын, ұйықтайтын жағдайда, ауруды ауруханаға жатқызғаннан кейін қорытынды дезинфекция жасау.
5) Ыдыстар, төсек заттарын 1% кальций гипохлорид ерітіндісінде 60 минут, ойыншықтарды -1% кальций гипохлорид ерітіндісінде 30 минут залалсыздау.
Зертханалық диагностикасы:
1) Иммуноферменттік талдау ( ИФА) - серологиялық маркерлерді анықтау;
2) Процестің белсенділігінің зертханалық көрсеткіштері: аспарагинді
және аланин аминотрансферазасын (АСТ және АЛТ) анықтау.
А вирусты гепатиттің серологиялық маркерлері:
1) IgMantiHAY - аурудың өткір кезеңін білдіреді, қанда 6 айға дейін
сақталады.
2) antiHAYtotal - АВГ бұрын ауырғандықты, иммунитет бар екендігін
білдіреді.
Арнайы алдын алу– вакцинациялауға жататын контингенттер:
1) 2 жастағы балалар;
2) ошақта байланыста болған күннен бастап алғашқы 2 аптаны қоса алғанда 14 жасқа дейінгі байланыста болған адамдар;
3) 14 жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі науқастар.
Вакцинация 6 ай аралықпен 2 рет жүргізіледі. Вакцинаны енгізуге жанама әсерлер тән емес. ВГА-ға қарсы вакцинаны бөлек енгізген жағдайда басқа вакциналармен бір уақытта енгізуге болады.
· Инфекция көзіне:науқасты анықтау,оңашалау,жедел хабарлама жіберу;
· Берілу механизімі:қорытынды дезинфекция ұйымдасқан ұжымдарда жіргізіледі;санитарлық-гигиеналық шаралар:су мен тағамдардың сапасын бақылау;дезинсекция;
· Қабылдағыш организімі:медициналық бақылау өткізу (35 күн), профилактикалық вакцинация;
Дата добавления: 2015-01-26; просмотров: 9283;