Талшықты Н-антиген,ыстыққа төзімсіз, 56 штаммдары бар.

О және ОК антигені арқылы эшерихтер серологиялық топтарға,ал ОКН немесе ОН антигендері арқылы серологиялық варианттарға (серовар) бөлінеді.

Антигендік, биологиялық ерекшелігіне сәйкес 3 топқа бөлінеді:

1. Энтеропатогендік эшерихиоз (ЭПЭ)

2. Энтероинвазиялық эшерихиоз (ЭИЭ)

3. Энтеротоксикалықэшерихиоз (ЭТЭ)

4. Энтерогемморагиялықэшерихиоз (ЭГЭ)

Инфекция көзі ауру адам және бактериятасымалдаушы (өткір, созылмалы).

Берілу механизмі- фекальді-оральді механизм.

Таралу жолдары: тұрмыстық-қатынас жолы, тағам жолы, су жолы.

Инкубациялық кезең: 9-72 сағат.

Эшерихиоз ауруында патологиялық үдеріс қарын ішек жолында орын алып, жалпы улану белгілерімен, іш өтуімен, құсумен, дененің қызуымен білінеді.

Энтеропатогенді эшерихиоз ЭПЭ ауруы көбінесе сәби жастағы балалардың және шала туылған, жаңа туылғандардың арасында жиі кездеседі.

ЭПЭ 30 сероварды қамтиды: О-111; О-55; О-26; О-125; О-119; О-127 т.б.Ішек эпителиясы бетінде жақсы көбееді, әрі қарай ішектің қабағына өтіп,оны зақымдайды, негізінен ащы ішектің қабынуына соқтырады.ЭПЭ пайда болуына баланың жасы, қоздырғыштардың денеге түскен мөлшері, баланың ана сүтімен қоректенбеуі, организмнің әлсіздігі мен тұрмыс жағдайының нашарлығы әсер етеді.

Негізгі берілу жолы тұрмыстық-қатынас, сиректеу тағам арқылы беріледі.Қоршаған ортаға нәжіспен бірге көп қоздырғыштар бөлінетін болғандықтан, олар күнделікті қолданатын заттарда, ойыншықтарда, іш киім, төсек заттарында, ыдыстарда 2-5 айға дейін сақталып, ауру тұрмыстық заттармен таралады. Ішек таяқшалары қарын-ішек жолдарына түсіп, ащы ішектің шырышты қабатында өсіп өнеді, эндотоксин және улы заттар бөліп шығарады, көптеп іш өтуіне соқтырады. Іштің өтуі 3-5 рет, ауыр формада 10-15 рет болуы мүмкін. Инкубациялық кезеңі – 5-8 күн, сәбилерде 1-2 күн.

Ауру жеке адамдар арасында және эпидемия түрінде ауруханада, босанатын үйде, шала туған балалар үйінде, балалар бақшасында жиі кездеседі.

Энтероинвазиялық эшерихиоз ЭИЭ – көбіне 3 жасқа дейінгі балалар және үлкендер арасында жаз-күз айларында жиі кездеседі. Басты сероварлар: О-124; О-151, сирегірек кездесетін сероварлар: О-144; О-143; О-136; О-28; О-32 т.б. Инкубациялық кезең: 1-3 күн.

Қоздырғыштар тоқ ішектің шырышты қабаты арқылы ішке еніп, сол жерде өсіп өнеді, дизентерияға ұқсас ішек ауруын қоздырады.

Негізі тағам жолы арқылы жұғады, кейде су жолы жұғуы да мүмкін.

Энтеротоксикалық эшерихиоз ЭТЭ – барлық жастағы балалар және үлкендер арасында кездеседі, «саяхатшылар диареясы» деп те аталады, тырысқақ ауруына ұқсас өтеді, эксикоз белгілері басым болады.

Негізгі берілу жолы тағам арқылы, кейде су және тұрмыстық қатынас жолымен берілуі мүмкін. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін. Тез өрбиді, қайталанатын құсық орын алады, іш жиі өтіп, сулы нәжіс бөлінеді.

Зертханалық диагностикасы: нәжісті, құсықты, асқазан жуындысын бактериологиялық әдіспен зерттеу.

Алдын алу шаралары 06.02.2008 жылғы ҚР ДСМ №52 бұйрығымен бекітілген «Жедел ішек инфекциялы аурулары жөніндегі санитарлық – эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Негізгі алдын алу шаралар балалар мекемелерінде, аурухана, босану үйінде санитарлық эпидемияға қарсы ережелердің орындалуын қадағалауға бағытталады. Бала бақшада науқас бала анықталса, оның тобына карантин беріледі, балаларды топтан топқа ауыстыруға, жаңадан балалар қабылдауға тиым салынады, қатынаста болған балаларды, күтушілерді, тамақ дайындаушыларды бактериологиялық тексеру керек.

Босану үйінде жеке стерильді жаялықтар қолдану, антисептикпен медицина қызметкерлерінің қолын тазарту, ыдыс-аяқты дұрыс жуу, дезинфекциялау, сүтті қайнату, ауру шықса уақтылы оқшаулау қажет.








Дата добавления: 2015-01-26; просмотров: 3123;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.