ГЛОССАРИЙ. Дайындама – дене түріңде анықталған пішін және өлшемдері арқылы ары-қарай өңдеуге арналған
Дайындама – дене түріңде анықталған пішін және өлшемдері арқылы ары-қарай өңдеуге арналған бастапқы материал.
Кесіп алу – жабық емес қарамы бойынша дайындама бөлігінің толық бөлінуі
Кесу – жабық емес қарамы бойынша дайындаманы бөліктерге бөлу
Шағу – жабық қарамы бойынша бастапқы дайындамадан бұйымның немесе дайындаманың толық бөлінуі
Тесу – ығысу арқылы материалдың қалдыққа түсіуімен дайындамада тесіктің немесе ойықтың пайда болуы
Қию – ығысу арқылы металдың қалдықтарын алып тастау
Тазалап шағу – материалдың бөліну аймағында көпжақты біркелкі емес қысуы жағдайында шағу
Тазарту – қалыптанатын дайындаманың кедір-бұдырлығын азайтуы және өлшем дәлдігін жоғарлатуы жоңқа пайда болуымен технологиялық әдіптерді қалып арқылы алып тастау.
Ию – дайындамалар бөлігінің арасыңдағы бұрыштардың пайда болуы немесе өзгеруі немесе қисықсызықты пішін беру
Серіппелі серіппелуі – құра-сайманмен берілген өлшемдермен салыстырғанда бұйым өлшемдерінің өзгеруі. Негізінен олар бұрышпен өлшенеді және ию бұрышын азайтатын мөлшер болып табылады.
Кермелеу – кеңістікті немесе жазық дайындамадан іші қуыс дайындаманы немесе бұйымды алу.
Жіңішкеруімен кермелеу – іші қуыс ішкі диаметрі өзгермейтін бастапқы дайындама қабырғасының қалыңдығы азаюмен сипатталатын іші қуыс дайындаманы кермелеу.
Айналмалы кермелеу – дайындама және құрал-сайманның салыстырмалы айналуы арқылы кермелеуі.
Қорамалау – материал қалыңдығы ескерілмеген жергілікті созу арқылы қаңылтырлы дайындамада бедерлердің пайда болуы.
Көмкеру – дайындаманың сыртқы және (немесе) ішкі қарамы бойынша ернеудің пайда болуы.
Жаншу – барлық периметр бойынша сайманның біруақытта әсері арқылы іші қуыс дайындама бөлігінің көлденен қима өлшемдерінің азаюы.
Кеңейту - барлық периметр бойынша сайманның біруақытта әсері арқылы іші қуыс дайындама бөлігінің көлденен қима өлшемдерінің көбеюі.
Мөлшерлеу – қалыпталған дайындаманың өлшемдер дәлдігін жоғарлату және беттің кедір-бұдырлығын азайту.
Қалып жиынтығы - жылғалы ендірмені бекітіп баспаққа орнатылатын бөлшек.
Итеріп шығарғыш – соғылманы қалыптан шығаруға қолданылатын бөлшек.
Иленген дайындама – айналатын біліктің арасында деформацияланған дайындама.
Соғылған дайындама – екі соққыштың арасында деформацияланған дайындама.
Ұста құралы – ұсталық өндірісте қолданылатын әр түрлі құрал-сайман.
Ұста – соғу жабдығында ұсталық құралмен жұмыс істейтін жоғарғы
дәрежелі маман.
Ұстахана – соғу жабдықтары орналасқан мамандандырылған ғимарат.
Ұяқалып – металдарды қысыммен өңдеу процесінде дайындамаға керекті түр және өлшемді беретін технологиялық жабдықтың бөлімі.
Түсті металл – темірді қоспағанда басқа барлық металдың өндірістік аты.
Қара металл – темір және оның барлық қоспаларының өндірістік аты.
Қалыптау-соғу жабдығы – жай түрі бар дайындаманы суықтай немесе ыстықтай қысыммен өңдеп күрделі түрі бар және сапасы жоғары соғылмаға немесе тетіке айналдыратын жабдықтар.
Дайындаманы шөктіру; шөгу – дайындаманың биіктігін кішірейтіп, ал диаметрін үлкейтуге қолданатын операция.
Ұсталық әбзел – ұсталық қалыптау өндірісінде қолданатын құрал-сайман.
Әрекет – екі өтпе арасында дайындаманы 900 бұру.
Соғылма – тетіктердің өлшемдерін әдіпке, шақтамаға, кернемеге үлкейтіп соғу немесе көлемдік қалыптауды қолданып алатын бұйым.
Қобылау – материалды ығыстыру арқылы дайындамада қуысты алу операциясы.
Құймакесек – балқытылған металды сауытқорамға құйып салқындатып алынған дайындама.
Шөктеу, шөкпе – бастапқы дайындаманың көлденең қимасының ауданы мен соғылманың көлденең қимасы ауданы қатынасымен анықталатын мөлшер;
Металдың шөгуi – металдың салқындауы кезiнде көлемнiң кiшiреюiнен пайда болатын шөгу;
МАЗМҰНЫ
Пәннің оқу бағдарламасы (SYLLABUS). | ||
1.1 | Оқытушылар туралы мәліметтер | |
1.2 | Пән туралы мәліметтер | |
1.3 | Пререквизиттер | |
1.4 | Постреквизиттер | |
1.5 | Пәнді оқыту мақсаты | |
1.6 | Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және орындау графигі. | |
1.7 | Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар | |
1.8 | Білімді бақылау және бағалау | |
1.9 | Курстың процедурасы және политикасы | |
2.0 | Белсінді көрнекті құралдардың мазмұны. | |
2.1 | Дәріс сабақтарының конспектісі | |
2.2 | Оқытушының жетегімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтарының жоспары (СОӨЖ) | |
2.3 | Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ) | |
2.4 | Өзіндік бақылау үшін тестілік сұрақтар | |
2.5 | Пән бойынша емтихандық сұрақтар |
Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 1936;