Жеке тапсырмалар
1.Текстік файлдан тек тырнақшаға алынып жазылған сөз тіркестерін экранға іріктеп шығаратын программа құру.
2.Текстік файлдан текю, сөйлемдегі сөздер саны бесеуден аспайтын сөйлемдерді, іріктеп экранға шығаратын программа құру.
3.Текстік файлдың сөйлемдерінде сандық мәндері кездейспейтін бөліктерін іріктеп экранға шығаратын программа құру.
4.Файлдан тексті оқып, берілген сөйлемдердегі барлық бас әріптерді қатарлық әріптерге қайта ауыстырып экранға шығаратын программа құру.
5.Текстік файлдан төрт сөйлемді оқып, оны кері реті бойынша шығару программасын құру.
6.Файлдағы тексті оқып, сөйлемдерде пернетақта көмегімен енгізілген сөз кездессе, онда осы сөйлемді толық экранға шығаратын программа құру.
7.Файлдан тексті оқып, экранға тек сандық деректері бар сөйлемдерді іріктеп шығару программасын құру.
8.Файлдан тексті оқып, тек, кездесетін сөйлемдерді экранға іріктеп шығаратын программа құру.
9.Файлдан тексті оқып, сұрақ белгісі және леп белгісі кездесетін сөйлемдерді іріктеп экранға шығаратын программа құру.
10. Файлдан тексті оқып, берілген текстегі тыныс белгісі ең көп кездесетін сөйлемді экранға шығаратын программа құру.
11. Файлдан тексті оқып, сөйлемдердегі ең ұзақ сөздерді тауып оларды іріктеп экранға шығаратын программа құру.
12. Файлдан тексті оқып, сөйлемдердегі ең қысқа сөздерді тауып, оларды іріктеп экранға шығаратын программа құру.
Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар:
Студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) – студенттің нақты білімін және тәжірибелік іскерлігін жетілдіруге арналған ұдайы ізденушілігі.
СӨЖ үшін берілетін тапсырмалар Дәріс тақырыбынан ауытқымау керек. Тапсырманың орындалуын тексеру оқытушының аудиториядан тыс уақытында іске асуы керек және СӨЖ-ді тапсыру ауызша түрінде өткізіледі. Егер СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін компьютерлік класс немесе зертхана керек болса, онда студенттер үшін арнайы уақыт бөлінуі керек.
Мақсаты: Студенттерді өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру, теориялық білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, программа құра білуге машықтандыру.
Әдістемелік нұсқау:әр тақырып бойынша өздік жұмысты орындап отыру.
Тапсырмалардың программасын құрып, компьютерде орындағаннан кейін, оны тестілеп нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 1724;