Стандарттау және экология

Соңғы уақытта экологиялық ақуалдар, қоршаған ортаны қорғау проблемалары өте маңызды мәселеге айналып отыр. Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықтар үшін де негізгі орынды иеленуде, оның бір бөлігі Киот хаттамасын дайындауда келтірілген, яғни барлық қол қойған елдер өндірістік газдардың шығуын 8%-ға төмендетуді жоспарлауды көздеп отыр. Көптеген елдердің заңдарында атмосфераға электромагниттік сәулелердің, шулардың, газдардың шығу деңгейі қатаң шектеледі.

Бұлардың барлығы стандарттау саласында байқалуда, әсіресе, олардың көп бөлігі экология мен табиғатты қорғауға арналған.

Тек Еуропа елдерінде экология саласында 90-нан аса директивтер қабылданған. Бұл директивтердің бағыттарына:

1. Еуропалық Одақтың (ЕО) басты саясаты бойынша – өнеркәсіптерде ластануды бақылау құндылығын бағалау әдістері, табиғатқа тиетін өнеркәсіптік жобалардың әсерін бағалау;

2. Су бойынша – өзендерді, теңіздерді, көлдерді және басқа су ұңғымала-рын ластанудан қорғау, ауыз су сапасы және өндіріс қалдықтарын су ұңғымаларына тастау мәселелері, су флоралары мен фауналарын қорғау бойынша іс-шаралар;

3. Ауа мен өндірістік тәуекелділіктерде – кейбір заттардың қолданылуын шектеу, ауа бассейнінің тазалығын қорғау, ауадағы зиянды заттардың нормаларын анықтау;

4. Өндіріс қалдықтары бойынша қолданылған суларды тазалау, қоқыс-тарды жою, қауіпті заттарды тасымалдау және оларды сақтау;

5. Шу бойынша тұрмыстық құралдардың, транспорт құрылғыларының, өндірістік қондырғылардың шу деңгейін қалыпқа келтіру жатады.

ЕО-да бұйымның (қызметтің) экологиялық қауіпсіздігінің белгісі енгізілген. Ол тұтынушыны бұйымның экологиялық қауіпсіздігі туралы ақпараттандырады. Белгі қолдануға қауіпсіз, бірақ рұқсат етілген дозадағы қауіпті заттар болуы мүмкін дәрілерге, сусындарға және азық–түлік тағамдарына қойылмайды. Экологиялық стандарттауда маңызды орынды ИСО алады. 1993 жылы оның құрылымында «экологиялық басқару» техникалық комитеті құрылды.

Оның жұмысының нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардан тұратын ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттар қабылданды.

Соңғы нұсқадағы негізге алынатын стандарттар ИСО 14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Қолданылуы бойынша талаптар және нұсқаулар» және ИСО 14004:2004 стандарты «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Пайдалануды қамтамасыз ететін қағидалар, жүйелер және құрылғылар бойынша жалпы жетекшілік нұсқаулар». Экологиялық басқару жүйесі қоршаған орта жағдайының үзіліссіз жақсаруын қарастырады. Экологиялық басқару жүйесін енгізу бірнеше кезеңдерден тұрады:

1. Ұжымдар саясатын құру қоршаған орта жағдайының жалпы көрсеткіштеріне қатысты қызметтерінің қағидалары мен бағыттары туралы өтініш білдіру. Қағидалар қоршаған ортаны қорғау саласында ұжымдардың әрекеттері және анықталған тапсырмалары мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін анықталған шекті қарастыруы тиіс. Өтінішке қажетті қағидалар мен бағыттар, ұжымдық міндеттемелер, қызығушылық танытқан жақтарға байланысты жан-жақты жақсару, мониторинг, құжаттандыру мен бірлесушілік қырлары кіреді. Экологиялық бағыттағы саясат айқын (ашық) болуы тиіс. Қағидалар мен мақсаттар орнықтырылған өтініш фирманың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және қоғамға таныстыру мақсатында ашық түрде басылымға шығарылады. Бұл кезең «Біз қай жаққа жеткіміз келеді?» деген сұрақпен бейнеленеді. Мұнда ұмтылуға қажет мақсаттар мен нәтижелер нақты көрсетілуі керек.

2. Белгіленген нәтижелер мен қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін нақтыланған іс-шаралар жоспары дайындалады. Бұл бағытта өндірістің жоғарғы экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізуі үшін, бірлестіктің барлық қызметтерін регламенттейтін қажетті құжаттамалар қоры құрылады.

3. Бірлестік экологиялық басқару жүйесін функцияландырудың басына жақындай түсе, жүйе жұмысының реті мен барлық қызметтердің жұмысын реттеу бойынша және олардың жаңа шарттарда тиімді де тұрақты жұмыстарға қол жеткізуі үшін іс–шаралар жүргізу қажет.

4. Экологиялық басқару ісінің жағдайына, оның қабылданған бағдарла-маға сәйкестілігіне дүркін-дүркін бағалау жүргізіледі, ауытқулар болған жағдайда түзетулер енгізіледі.

5. Бірлестік жұмыстарының қазіргі күнгі талаптарға сәйкес келіп, жаңа заманға сай деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін басқару саясатын, мақсаттары мен шешетін мәселелерін ылғи талдап отыру керек.








Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 5028;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.