Айтымды реакциядағы тепе-теңдіктің ығысуы
Жұмыстың мақсаты
Заттың концентрациясының тепе-теңдіктің ығысуына әсерін зерттеу.
Жұмыстың теориялық негізі
Көптеген химиялық реакциялар соңына дейін жүрмейді. Мұндай реакцияларды қайтымды реакциялар деп атайды. Қайтымды реакцияларға қайтымдылық белгісі « қойылады. Мысалы:
А + В « С + Д
Белгілі бір уақыттан кейін қайтымды реакцияларда тепе-теңдік орнайды. Тепе-теңдік дегеніміз - тура және кері реакцияның жылдамдығы теңескен кездегі жүйенің күйі. Тепе-теңдікті ығыстыруға болады. Тепе-теңдікті тура және кері бағытқа ығыстыруға болады. Тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципі арқылы іске асады. Заттың концентрациясын өзгерту арқылы тепе-теңдікті ығыстыруды қарастырайық.
Қажетті реактивтер:
А) Калий роданидінің ерітіндісі, С=0,0025моль/л;
Ә) Темір(ІІІ) хлориді ерітіндісі, С=0,0025моль/л;
Б) Калий хлоридінің түйірлері;
В) Пробиркалар
Жұмыстың жүру барысы:
Екі пробиркаға 5 мл-ден калий роданиді С=0,0025моль/л мен темір (ІІІ) хлориді ерітіндісін С=0,0025моль/л құйыңдар. Оларды бір-біріне құйып, араластырыңдар. Ерітінді қандай түске боялды? Алынған жалпы ерітіндіні тең етіп 4 пробиркаға бөліп құйыңдар. І-пробиркадағы ерітіндіні эталон ретінде қалдырыңдар. ІІ-пробиркаға 1 мл қаныққан темір(ІІІ) хлориді ерітіндісін, ІІІ-пробиркаға 1 мл калий роданидінің ерітіндісін құйыңдар. IV-пробиркаға калий хлоридінің бірнеше кристалдарын салыңдар. Әрбір пробиркадағы түстің өзгеруін бақылаңдар, эталон ерітіндімен салыстырыңдар.
Тәжірибеден алынған нәтижелерді жазу:
Бақылау нәтижесі төмендегідей жазылады:
· Қайтымды реакцияны жазып, тура және кері реакцияның тепе-теңдік константасының өрнегін жазыңдар;
· Қай зат ерітіндіге қызыл түс беріп тұр?
· Ерітіндінің түсі темір(ІІІ) хлориді, калий роданиді ерітінділерін құйғанда және калий хлоридінің кристалдарын салғанда қалай өзгереді?
· Әрбір әсерге байланысты химиялық тепе-теңдіктің ығысуын сипаттап айтып беріңдер.
Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 2313;