Олданбалы химия кафедрасы. Na2S2O3 + H2SO4 = H2S2O3 + Na2SO4, тез жүретін саты

Na2S2O3 + H2SO4 = H2S2O3 + Na2SO4, тез жүретін саты

H2S2O3 = H2SO3 + S¯, баяу жүретін саты

H2SO3 = SO2 ­+ H2O, тез жүретін саты

 

Жиынтық теңдеу былай жазылады:

 

Na2S2O3 + H2SO4 = H2S2O3 + SO2­+ S¯ + Na2SO4

 

Бұл реакцияның жылдамдығы баяу жүретін екінші реакцияның жылдамдығына тәуелді. Баяу жүретін сатыда түзілетін коллоидты күкірт ерітіндіні лайлайды. Тиосульфат ерітіндісіне күкірт қышқылын қосқан кезден бастап, ерітіндідегі ең алғашқы лайлану пайда болғанға дейінгі уақыт – реакция жылдамдығын көрсетеді.

Қажетті реактивтер мен приборлар:

А) Натрий тиосульфаты ерітіндісі, с = 0,0025моль/л;

Ә) Күкірт қышқылының ерітіндісі, с = 0,0025моль/л;

Б) Пробиркалар, шыны таяқша;

В) Секундомер;

Г) Пипеткалар.

Жұмыстың орындалуы

1-тәжірибе. Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі.

Пробиркаға өлшеуіш пипетканың көмегімен 1мл натрий тиосульфаты ерітіндісін (с = 0,0025моль/л) және 2 мл дистилденген су құясыңдар, басқа пробиркаға 1 мл күкірт қышқылының ерітіндісін (с = 0,0025моль/л) құйыңдар. Осыдан кейін Na2S2O3 ерітіндісіне H2SO4 ерітіндісін қосып бірден секундомер арқылы қышқылды қосқан уақыттан бастап лайлану пайда болғанға дейінгі уақыт аралығын дәл анықтаңыз. Осы тәжірибені натрий тиосульфатының көлемін көбейте отырып, тағы да екі рет қайталаңдар (тәжірибені кесте мәліметтерімен сәйкес жасаңдар).

Na2S2O3 Мл H2O Мл H2SO4 мл Жалпы ерітінді мл Реак-цияға кететін уақыт, сек Реакция жылдамдығы 1/t
   
   
-    

 

1/t-күкірттің түзілу жылдамдығы; t-секундпен берілген уақыт

Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін көрсететін график тұрғызыңдар.








Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 1846;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.