Олданбалы химия кафедрасы. 2-тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
2-тәжірибе. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
Үш пробиркаға 2 мл натрий тиосульфаты ерітіндісін, басқа үш пробиркаға күкірт қышқылы ерітіндісін құйып алыңдар мен күкірт қышқылын құйып алыңдар. Сосын Na2S2O3 және H2SO4 ерітіндісінің бір жұбын су моншасына салыңдар. 1-ші жұбын бөлме температурасында жасаңдар. Ерітінділерді 1 минут ұстаңдар. Пробиркаларды судан шығармастан Na2S2O3 ерітіндісіне H2SO4 ерітіндісін жылдам қосыңдар. Қосқан уақыттан бастап тұнба пайда болғанға дейінгі уақытты секундомердің көмегімен дәл анықтаңдар. Осы тәжірибені су моншасының температурасын 100С арттыра отырып, 2 рет жасаңдар. Тәжірибе нәтижелерін кестеге толтырыңыз, салыстырмалы жылдамдықты есепеңіз. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін көрсететін график тұрғызыңдар.
№ | Na2S2O3 Мл | H2SO4 мл | Температура t, 0C | Уақыт, τ | Реакция жылдамдығы, 1/τ |
t | |||||
t+10˚ | |||||
t+20˚ |
Бақылау сұрақтары:
1. Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Әрекеттесуші массалар заңы, оның математикалық өрнегі.
2. Жылдамдық константасы дегеніміз не? Бұл өлшемнің физикалық мағынасы қандай және оған қандай факторлар әсер етеді?
3. Вант-Гофф ережесі, математикалық өрнегі. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті дегеніміз не?
4. Берілген теңдеулердің оң және сол бөліктерінің реакция жылдамдықтарының өрнегін жазыңыз.
1) 2SO2 + O2 = 2SO3
2) N2 + 3H2 = 2NH3
Қолданбалы химия кафедрасының
26.08.2014 ж. отырысында
№1 бұйрықпен бекітілді
Дата добавления: 2014-12-08; просмотров: 1972;