Секталар жөніндегі түсінік,олардың түрлері.
Секта дәстүрлі дінненбқлінген және оған қарама қарсылықта болатын діни ұйым.ИЕГОВА куәгерлері 6000 адам. 1976 жылы АҚШта Чарльз Рассель негізін қалаған діни ағым. Олар крестті жоққа шығарады, мерекелерді атап өтпейді, мемлекеттік іс шараларға ұарсы, әнұранды айтуға, әскерге баруға қарсы идеяны ұстанады. Бақай 2008 жылғы мәлімет бойынша 600-дей адам кірген, 19 діни бірлестігі бар. Кришнова тану қоғамы Вхават Гита саентология шіркеуі Хабборттың жеке бақылаулары және буддисттік көзқарастан құралған саентология болып табылады. 5000-дай адам кірген. Ахмедия жамағаты 1989 жылы *нд3станда Катманада шыққан.12000000 адам кірген. Орталығы Лондонда орналасқан. Қазақстанда 1984 жылдан белгілі. Олар өздерін исламды қалыпқа келтірушілерміз деп есептейді. Алля Аят Алматы обл,негізін қалаған Фархат Абдуллаев.Өзі өлгеннен кейін әйелі Нина жалғастырған.Күнге қарап сандарды санау арқылы,адам психикасына әсер етеді.Ата жолы 1997ж ұйым ретінде құрылған.2001 ж коммерциялық ұйым ретінде құрылады.Хизбуд Тахир олар бүкіл әлем ағылшын және араб тілдерәнде ғана сөйлеу керек дейді.Бахабистер адамдарда қабір азабы жоқ деп түсіндіреді.ЗИЯНДАРЫ:уйінен безеді,уйіндегілерден ақша талап етеді.
71.Секталардың адамдарды өзіне тартуы,ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары.Өзіне тарту жолдары: Материалдық комек көрсетілуі мүмкін;Кітаптары;Дәрі дәрмектері;Гипноз арқылы;Жиналыс өткізіледі,аптасына 5 рет. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған секталарға тоқтау жасайтын жаңа заңды күткенімізге қай заман. «Иегова куәгерлерінен» бастап ірілі-ұсақ дін атын жамылған ағымдарды санайтын болсақ тіпті саусақ жетпейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) пайымды хадисі мен Алланың ақ жолы құраннан қол үзіп, адасып кетіп жатсақ ертеңгі тағдырымыз не болмақ? Сананы жаулаған сансыз сұраққа жауап тапқым келді. «Мың естігенннен бір көрген артық», шамамның келгенінше зерттеп білгім келіп солай қарай бет алған едім.Маңдайшасына «Иса мәсих миссенерлік орталығы» деген жазуы бар үлкен қорғанға имене басып кірдім. Кімге жолығарымды білмей аңырып тұрғанымда қарсы алдымнан қазақ жігіті ұшыраса кетті. Жөн сұрастым, осында Алматыда тұрады екен, есімі Бауыржан. Ол менің тасырлата жаудырған сұрақтарыма тосылмай еркін жауап беріп жатты: «білесің бе, діндер көп, бірақ Құдай жалғыз және Құдайдың баласы бар. Ол – Иса мәсих. Ақиқат тек осы жолда ғана. Иә, барлық бауырларыма айтар едім өтіңдер деп. Айтпақшы, кеше бір досымды ертіп келдім осында. Баста Исаға иланбаймын деген, кейіннен құлшылыққа қатынасып ақиқатпен қауышты. Қазір ол бақытты, жұмысы да ілгері басуда. Солай, ал сіз айтқан мұсылмандардың мешітіне кіріп көрмеппін, кИса мәсих ұйымының құрылғанына біраз болған, өте кең тараған. Филалдары Түркияда, Германияда, Англияда т.б мемлекеттерде бар көрінеді. Дін басыларын пастор деп атайды. Бұлардың қазіргі пасторлары Ким сан кон. Ұлты кәріс. Еліміздің барлық қалаларына қоныс тепкен. Алматының өзінде 51 құлшылық жасайтын орындары бар. Бір өкініштісі 60 пайызы қазақтардан құралған. Құлшылық жасайтын күндері жексенбі, дүйсенбі күндері екен. Шамалы уақыттан кейін қазақша құлшылықтарының болатынын естіп, әдейі күтіп отырдым. Құдайым-ау, сіңірі үзілгелі тұрған шалдан бастап, 7-8 жастағы сәбилерге дейін топырлап келе бастады. Өз қазағымыз. Соңдарынан еріп келемін. Үлкен залға тірелдік. Қаз-қатар тізілген үстел үстіне дастарқан жайылыпты. Барлығы арқа-жарқа болып амандаса келіп бұрышқа сап түзеп тұра қалды. Қарсы алдарында музыкалық аспап тұр. Өздерінің айтуларынша Құдайға ән салып бермекші. Құлшылықтарының бір түрі осы болса керек. Жүрегім шымырлап, аяғым дірілдеген қалпымда шеткі орындыққа отыра кеткем, кенеттен улап-шулаған олар мені тұрғызып жіберді. Құдайға ән айтып беріп жатқанда отыруға болмайды екен. Орта жастағы жігіт ағасы микрофонды алып «қазір біз Иса мәсихке арнап ғибадат әнін айтамыз, дайын болсаңыздар…» деді. Масқараның көкесі осы екен, бәрі хормен 7-8 әннің басын қайырды.
Жаңа өмір сүргісі келетін бауырларымыздың саны күн санап артуда. Христиандық адуынды ағымдардың аяғынан тік тұрған тағы бір ұйымы «жаңа өмір» деп аталады. Бірінші Алматыдан ойып тұрып орын алған олардың бас кеңселерінде қитұрқы құлшылықтың қазаны қыж-қыж қайнап жатады. Әдеттегідей қазақ жастары мұнда да өте көп. Бұлардың айтары да сол жоғарыдағыға ұқсас. Қолдан жұмақ орнатқан жанкештілер. Маңдайларын сәждеге емес, дуалға қойып дабыра жасаған олар гитарамен үлкен сахналарында жұлқына жүріп билеп, ән салып жатады. Және бұлар шошқаның етін жеу, зина жасау сынды харам нәрселерді қолдап, өздерінің қажеттілігіне айналдырған. «Біз дін емеспіз, дін өтірік нәрсе, біз жаңа өмір сыйлаушылармыз» дейтін ұстанымдары бар. Аптасына болатын құлшылықтары орыс, ұйғыр, ағылшын, қазақ тілдерінде өтеді. Әр топқа ат қойып уақытын белгілеп қойған. Соңғы кездері матурудиттер, ашғариттер деп бөлетіндер шықты жамағатымыздың арасында. Бұл не сонда? Секта ма? Матуруди Ханафи мәзхабының ғұламасы емес пе? Олар секта болса, нақты қай жерден адасқан? "Әһли-сүннет жамағатымыз" деп жиі айтатындар бар өздерін. Бәріміз осындамыз ғой... бірақ олар өздерін өзгелерден өзгешелеп тұрып айтатын сияқты. Олар: "Біз тек сахабалардың айтқанына ғана жүгінеміз, басқасы қабыл алынбайды" дейді. Сонда олар сахабалардың ұстанған жолын ұстанатын ғалымдардың сөзін мойындамай ма? Мәселен, Пайғамбарымыздың заманында мәзхаб деген болмаған, сондықтан біз мәзхабты мойындамаймыз деп жүргендерді де кездестірдік. Бұл сөзді Мухаммед Абдул Уахаб айтқанын Уахабпен жақын араласып, танысқан ағылшын тыңшысы, шпионы өзінің күнделігінде жазып кетеді. Төмендегі сөйлемдер "Признание англиского шпиона" деген кітаптан алынған. "Самовлюбленный молодой Mуxаммед из Неджда в понимании священного Kорана исxодил иx собственныx пристрастий. Попросту ставил ни во что не только высказывания ученыx своего времени и имамов четыреx мазxабов, но и взгляды такиx большиx людей, как родственники и наследники Пророка - Эбу Бекр и Омер. Он противопоставлял им аят Kорана: “Я вам оставил Kоран и свод заповедей /сунну/”. -Так сказал пророк, - Добавлял он в такие минуты.- Пророк не сказал: “Я вам даю Kоран, сунну, моиx сородичей и вождей мазxабов”(2). Следовательно, сколько бы каждый ни выступал против взглядов, проповедуемыx мазxабами, высказываний асxабов и вероучителей, остается в повиновении священному Kорану и сунне(1) Так говорил Mуxаммед из Неджда."
Дата добавления: 2014-12-04; просмотров: 5287;