Ситуациялық есептер
1. Урология бөлімшесіне науқас А. 47 жаста келесі шағымдармен келді: оң жақ бел аймағындағы тұйық сыздап ауру сезімі. Өзін 3 күннен бері аурумын дейді, осы кезден бастап дене температурасы 37.8-38.5 С дейін жоғарылаған, қалтырау, бел аймағындағы ауру сезімі пайда болған. Анамнезінде урологиялық аурулары болмаған. Осыған дейін терісінде іріңдік болған оны өзі сығып тастаған. Несеп шығару бұзылмаған. Бүйректері пальпацияланбайды. Оң жақ бүйрек аймағы пальпацияда ауру сезімді. Пастернацкий симптомы оң жақта (+). Бел және алдыңғы құрсақ қуысы бұлшықеттерінің тітіркенуі жоқ.
Алдын ала қойылған диагноз.
2. Науқас 47 жаста урологиялық бөлімшеге сол жақ бүйректің карбункулына күдіктеніп түсті. 6 күн бойы ауырған, дене температурасы 37.8-38.5 C . Ол қандай зерттеуледі қандай кезеңділікпен жасау керек?
3. 64 жастағы науқаста зерттеу барысында сол жақ бүйректің төменгі полюсінің 2-3см карбункулы анықталды. Зәрдің шығарылуы мен бүйрек қызметі өзгермеген.3 күн бойы ауырады, емделмеген. Дәрігердің тактикасы:
4. Науқас 65 жаста жедел іріңді пиелонефрит, оң жақ бүйрек астаушасының көлемі 1.5-¦2,0 см тасына байланысты түсті. 10 күн бойы дене температурасы жоғары кезекті қалтыраумен. Дәрігердің тактикасы:
5. Науқас 32 жаста. Жедел іріңді пиелонефрит, оң жақ несепағардың төменгі үштен бір бөлігінің тасы диагнозымен келіп түсті. 10 күн бойы ауырады. Эскреторлы урограммада оң жақ бүйрек қызметі бақылаудың 1,5 сағаты ішінде анықталмады. Дәрігердің тактикасы:
6. Науқаста оң жақ бүйректің төменгі полюсінде көлемі размерами 4-4 см абцесс анықталды. Сіздің тактикаңыз.
7. Науқас урология бөлімшесіне оң жақтық жедел серозды пиелонефрит, несепағардың төменгі үштен бір бөлігінің көлемі 0,6-0,8 см тасы диагнозымен келіп түсті. Дәрігердің тактикасы, емдік шаралар кезеңділігі.
8. Науқас 47 жаста урология бөлімшесіне сол жақ бүйректің карбункулына күдіктеніп түсті. 6 күн бойы ауру, дене температурасы 37,8-38,5.
Дәрігердің тактикасы, сіздің әрекеттеріңіздің кезеңділігі:
9. Ауыр жедел іріңді пиелонефрит пен азотемиясы (мочевина 12-18 ммоль/л) бар науқата контрлатеральды бүйректе (ультрадыбыстық зерттеу бойынша) нефрэктомия көрсетілген ба:
10 . 62 жастағы науқаста: оң жақ несепағардың тасы, жедел оңжақты пиелонефрит, бактериемиялық шок. Тастан жоғары несепағарлық катетер өтпеді. Бұл жағдайда жасау керек:
11. Науқас 61 жаста зәрінде қанның пайда болуына шағымданады. Науқас өзін саумын деп есептейді, бухгалтер болып жұмыс жасайды. Алкоголь мен наркотиктер қолданбайды, 16 жастан 2 пачка сигарет шегеді. Зәр шығару бұзылмаған. ЖЗА: зәр қызғылт түсті аймағында 100 эритроциттер. Зәрді себу: өсу жоқ. Шолу-экскреторлық урография: бүйрек қызметі қанағаттанарлық, симметриялы, төмендеуші цистограммада – қуықтың сол бүйірлік қабырғасында дұрыс емес пішінді толу дефектісі анықталады. Диагноз.
12. 53 жастағы ер адамда жалпы зәр анализінде эритроциттер көру аймағында 20-25. Ауру сезімі жоқ, зәр шығару бұзылмаған. Науқас күніне 1-2 пачка 35 жыл темекі шегеді. Бүйректің УДЗ-де оң жақта астаушада көлемі 20 мм түзіліс анықталады, акустикалық көлеңкесіз. Шолу-экскреторлы урография: оң бүйрек астаушасында диаметрі 2 см дөңгелек толу дефекті анықталады. Диагноз.
13. Әйел 74 жаста, урологиялық клиникаға келесі шағымдармен түсті: сол жақ бел аймағындағы күшті ауру сезімі. Бірнеше сағат бұрын үйінде аяғы тайып, столдың қырына сол жақ бел аймағымен соғылған. Объективті: Пульс 88 соққы/мин, ритмді, толуы қанағаттанарлық, АҚҚ 140/80 мм.с.б. Іші кеппеген, жұмсақ, сол жақ қабырға асты мен сол жақ мезогастрий аймағындағы ауру сезімі. Құрсақ тітіркену симптомы теріс. ЖЗА – эритроциттер көп мөлшерде, жалпы қан анализі қалыпты. УДЗ-де сол жақ бүйректің латеральды шетінде капсула астында көлемі 3,6х2,5 см эхонегативті түзілім анықталады, астаушада қан ұйындылары. Диагноз.
14. Ер адам,35 жаста в клиникаға қасаға үстіндегі ауру сезімі, ишуриямен түсті. 3 сағат бұрын қасаға үстіне соққы алғаны анықталды. Алкоголь қабылдаған. Мәжбүрлік қалыпта, отыр. «Ваньки-встаньки» симптомы айқын. Іштің перкуссиясында бос сұйықтық анықталады. Сіздің болжама диагнозыңыз.
15. Әйел 52 жаста клиникаға микрогематурияға байланысты зерттелуге келді. Дизурия жоқ, пальпацияда бүйрек сазілмейді. Цистоскопияда патология жоқ. Шолу урограммасында конкременттер көлеңкесі жоқ. Экскреторлы урограммада оң жақ бүйрек астаушасында контуры дұрыс емес толу дефекті анықталады. Сіздің болжама диагнозыңыз.
16. 61 жастағы ер адамда ауру сезімсіз қан ұйындыларымен макрогематурия. Цистоскопияда қуық шырышты қабаты өзгеріссіз, сол несепағар ернеуінен қан бөлінеді. Шолу рентгенограммасында конкременттер көлеңкесі анықталмайды. Урограммада контрасты заттың пассажы бұзылмаған, астауша-тостағанша жүйесі өзгермеген. Сіздің болжама диагнозыңыз.
17. 30жастағы әйелде терминальды гематурия, зәр шығару соңында сыздау, қасаға үстінде ауру сезімі. Жоғарыда аталғандар 3 күн мазалайды. Аурудың басталуы суықтаумен байланыстырады. ЖҚА - Нв 126 г/л, эритроциттер 4,0х10¹² г/л, лейкоциттер 8,9х109 г/л., ЖЗА - белок 0,66, лейкоциттер 26-28 к/а, эритроциттер жаңа 35-40 к/а. Бүйрек УДЗ – ерекшеліксіз. Сіздің болжама диагнозыңыз.
18. Ер адам 59 жаста 6 ай бойы жіңішке ағысты зәр шығаруға шағымданады. Перкуторлы қуық анықталмайды. Қуықасты безі ұлғайған, консистенциясы бұдыр-бұдыр, ауру сезімсіз. ЖҚА - Нв 106 г/л, эритроциттер 3,6х10¹² г/л, лейкоциттер 7,9х109 г/л., ЭТЖ 35 мм/ч. ЖЗА- белок 0,66, лейкоциттер 4-5 к/а, эритроциттер жаңа 15-20 к/а. ПСА 31 нг/мл. Цистограммада қуық қасаға үстіне көтеріңкі, төменгі контур бойынша толу дефектісі. Сіздің болжама диагнозыңыз.
19. Науқас уретраның сыртқы ернеуінен қан кетуіне шағымданады. Бұл симптом қалай аталады?
20. Ер адам 37 жаста ангинадан кейін бір аптадан кейін байқай бастаған:
Зәр көлемінің азаюын, қабақ пен беттің ісінуі, артериальды қысым жоғарлауын. Зерттегенде ЖЗА - белок 0,66, лейкоциттер 4-5 к/а, эритроциттер жаңа свежие 12-15 к/а., цилиндрлер 4-5 к/а. УДЗ – бүйректер қалыпты орналасқан, астауша-тостағанша жүйесі өзгермеген. Сіздің болжама диагнозыңыз.
21. Әйел 30 жаста болған гинекологиялық операциядан кейін периодты циклды гематурия байқалған. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?
22. Әйел жатыр мойынының рагына байланысты хирургиялық ем мен сәулелік ем қабылдаған. Мұндай емнен кейін қандай асқынулар болуы мүмкін?
23. 64 жастағы ер адам хирурнияның қабылдау бөлімшесіне жедел зәрдің кідіруімен келіп түсті. Анамнезінен соңғы бірнеше ай бойы жіңішке ағысты зәр шығару байқалған. Уретраның жарақаттары мен жедел қабыну аурулары байқалмаған. Қандай ауру зәрдің кідіруіне алып келуі мүмкін:
24.42 жастағы ер адам зәр шығару кезінде уретрадағы күшті ауру сезімін сезіп, зәр тоқтап қалған. Қандай ауру бұл жағдайға алып келуі мүмкін?
25. Емханаға 37 жастағы науқас келесі шағымдармен келіп түсті: жалпы әлсіздік, оң жақта бел тұсында ауру сезімі. Екі сағат бұрын оң жақты жедел бүйрек шаншымасы ұстамасы болған, дене температурасы жоғарылаған, қалтырау, кейін кенет температура төмендеген, қатты терлеу және бел ацмағында ауру сезімінің жойылуы болған. Қарап тексеру барысында Пастернацкий симптомы оң жақта әлсіз оң, бүйрек пальпацияланбайды, зәр шығару бұзылмаған, зәр мөлдір, дене температурасы 37.2 C. Мүмкін болатын диагноз
26. Урология бөлімшесіне 47 жастаға науқас А.келесі шағымдармен келіп түсті: оң жақ бел ацмағындағы тұйық, сыздаған ауру сезімі. 3 күн бойы ауырған, дене температурасы 37.8-38.5 С дейін көтерілеген, аздаған қалтырау, белінде ауру сезімі пайда болған. Анамнезінде урологиялық аурулары жоқ. . Осыған дейі терісінде іріңдік болған оны өзі сығып тастаған. Зәр шығару бұзылмаған. Бүйректері пальпацияланбайды. Оң жақ үйрек аймағы пальпацияда ауру сезімді. Пастернацкий симптомы оң жақта оң . Бел және алдыңғы құрсақ қуысы бұлшықеттерінің тітіркенуі жоқ.
Алдын ала қойылған диагноз.
27. 64 жастағы науқаста зерттеу барысында сол бүйректің төменгі полюсінде көлемі 2х3 см карбункул анықталған. Зәр пассажы мен бүйрек қызметі өзгермеген. Ауырғанына 3 күн болған. Дәрігер тактикасы:
28. 65 жастағы науқас жедел іріңді пиелонефрит, оң бүйректің астаушасының көлемі 1.5х2см тасы диагнозымен келіп түсті.Жоғары температура, 10 күн бойы периодты қалтырау. Сіздің тактикаңыз?
29.Науқас 32 жаста. Жедел іріңді пиелонефрит, оң жақ несепағардың төменгі үштен бір бөлігінің тасы диагнозымен келіп түсті. 10 күн бойы ауырады. Эскреторлы урограммада оң жақ бүйрек қызметі бақылаудың 1,5 сағаты ішінде анықталмады. Дәрігердің тактикасы:
30. Ұманың бір жартысындағы ауру сезімі (кейде екі жақты), шәует шылбыры бойымен иррадиацияланады. Кейде бел аймағына дейін таралады. Дене температурасы жоғарылаған. Ұма терісі гиперемияланған, ісінген. Аталық без пальпациясы ауру сезімін тудырады. . Диагноз және оны негіздеу?
31. Науқаста оң бүйректің төменгі полюсінің көлімі 4х4 см абцессі анықталады. Сіздің тактикаңыз?
32. Науқаста үдемелі созылмалы бүйрек жетіспеушілік көрінісі бар. Зәрдің тұнбасы пиелонефрит пен гломерулонефрит салдарынан болған бүйректің екіншілік бүрісуімен салыстырмалы диагностика жүргізуге қажетті негіздер бермейді. Сіздің тактикаңыз. Дифференциальды диагностика үшінқандай әдістер қолдану керек?
33. Лейкоцитурия мен бактериуриясы бар, бүйрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданатын науқастың урограммасында несепағардың барлық бойында немесе тек төменгі бойында кеңеюі байқалады. Несепағар ұзарған және пішіні зигзаг тәрізді. Аномалия түрі. Этологиясы. Қандай әдістер көмегімен диагноз қоюға болады.
34. Науқаста несепағарында өздігінен кете қоймайтын тас анықталды. Сіздің тактикаңыз.
35. Науқаста тотальды гематурия. Шолу урограммасында конкременттер көлеңкесі көрінбейді, бүйрек контуры дұрыс. Сіздің диагнозыңыз.
36. Аденомэктомия кезінде қандай асқынулар болады?
37. Жиі симптомсыз ағым, сол ұманың сол жағындағы ауырлық сезімі. Сіздің диагнозыңыз:
38. Бүйрек аймағындағы ауру сезімі, ауыздың құрғауы, науқастың жалпы әлсіздігі. Пальпация кезінде екі бүйрек ұлғайған, беті бұдыр, консистенциясы тығыз. Сіздің диагнозыңыз:
39. Науқаста қан ұйындылары бар тотальды гематурия. Осы фонда тенезмдер дамиды. Зәр тамшылап, қанмен шығады. Іштің төменгі бөлігіндегі күшті ауру сезімі. Қуық қасаға үстінде пальпаторлы және перкуторлы анықталады. Не болды? Не себептен тенезмдер мен қуықтың кеңейіп кетуі болды? Қандай ауру кезінде бұл симптомдар болады?
40. 64 жастағы ер адамда ұзақ жүрегннен кейін немесе автомобильде жүргенде зәрінде қан, зәр шығару жиілеген және қасаға үстінде ауру сезімі пайда болған. Осы симптомдардың бәрі тыныштықта басылатын. Өткен жылы қуық асты безінің гиперплзиясы аықталған, бірақ ем қабылдамаған. Бұл ер адамда гематурия себебі не болу мүмкін? Емдеу тактикасы қандай?
41. 27 жастағы ер адам шағымданады: уретраның сыртқы ернеуінен қан шығу, зәр шығарудың қиындауы. Екі сағат бұрын велосипед рамкасына аралығымен құлаған. Сіздің блджама диагнозыңыз: Зерттеу және емдеу тактикасы қандай?
42. 57 жастағы ер адам шағымданады: зәрінде көп мөлшерде пайда болған қаннан кейінгі бүйрек шаншуына ұқсас ауру сезіміне. Бір жыл бұын осылай болған, бірақ емсіз қайтқан. Зерттеуден өтпеген, дәрігерге қаралмаған. Қандай ауру жайлы ойлауға болады? Бұл науқастың зерттеу тактикасы қандай?
43. 34 жастағы ер адам қабылдау бөлімшесіне жол апты болғн жерден жамбас сүйектерінің сынуы мен уретроррагиямен алып келінді. Зәр шығуы жоқ, ауру сезімді тенезмдер. Пальпаторлы және перкуторлы кеңейген қуық анықталады. Сіздің болжама диагнозыңыз, зерттеу тактикасы? Хирургиялық ем қандай болады?
44. 30 жастағы ер адам қабылдау бөлімшесіне биіктен құлағандықтан болған сол жақ бел аймағының соққысынан болған ауру сезіміне байланысты келіп түсті. Анамнезден жарақаттан кейін екі рет макрогематурия болғаны белгілі болды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, пульс пен АҚҚ қалыпты. КЕуде қуысы ағзалары мен құрса қуысы ағзалары қатарынан патология жоқ. Қарап тексерген кезде сол бел аймағындағы ісіну анықталады. Сіздің болжама диагнозыңыз? Қандай зерттеу жүргізу керек?
45. 32 жастағы әйелде жиі зәр шығару, жалпы әлсіздік, 1 ай бойы. Периодты түрде сол жақ бел аймағында ауру сезімі болып тұрғанын айтты. Гематурия эпизодтары болып тұрған. Өз еркімен фурадонин таблеткаларын қабылдаған, бірақ әсері болмаған. ЖЗА – реакция қышқыл, протеинурия, микрогематурия, лейкоцитурия. Сіздің болжама диагнозыңыз? Қандай зерттеу жүргізу керек?
46. 40 жастағы ер адам қасаға үстіндегі ауру сезімі мен зәр шығарудың қиындауына шағымданып келді. Анамнезінен бірнеше сағат бұрын алкогольды мастану кезінде ішінің төменгі жағына соққы алған. Өз еркімен зәр шығару мүмкін емес. Жағдайы мәжбүрлі, отыр, бүгілеген. «Ваньки-встаньки» симптомы бар. Ішінде бос сұйықтық анықталады. Сіздің болжама диагнозыңыз? Зерттеу және емдеу тактикасы қандай?
47. Стационарға ессіз адам әкелінді. Қанында алкоголь бар. Пульс 108 соққы./мин. Толуы әлсіз. АҚҚ 60/30 мм.с.б. Кеуде қуысы ағзаларының патологиясы жоқ. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталмайды. Қарап тексергенде сол бел аймағының ісінуі, қуық пальпацияланбайды. Сіздің болжама диагнозыңыз? Бірінші кезекте не істеу керек?
48. 30 жастағы ер адам, хирургия бөлімінің қабылдау бөлімшесіне перитонит белгілерімен келіп түсті. 9 сағат бұрын биіктіктен жерге құлағаны анықталды, содан кейін қасаға үстінде ауру сезімі пайда болған, ауру сезімі горизонтальды қалыпта күшейген. Өз еркімен зәр шығара алмайды. Бұл жағдайда не туралы ойлау керек? Науқасты зерттеу жоспары?
49. 65 жастағы ер адам урологқа келесі шағымдармн келді: жиі ауру сезімді зәр шығару, зәрдің тоқтап қалуы, кейде зәрде қан шығу. Симптомдар вертикальды қалыпта айқынырақ. 6 ай бойы ауырады, бұл мәселемен дәрігерге қаралмаған. Пальпацияда іш жұмсақ. Терең пальпацияда зәр шығарғысы келеді. ЖЗА– протеинурия, лейкоцитурия, гематурия. Цистограммада – «холма» түріндегі над симфиздің үстіндегі көлемі 3,5х4,5 см толу дефекті анықтлды. Сіздің болжама диагнозыңыз? Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
50. 50 жастғы ер адам клиникаға зәріндегі қанға шағымданып келіп түсті. Зәр шығару бұзылмаған, ауру сезімі жоқ. Шолу урограммада конкременттер көлеңкесі жоқ. Бүйрек контуры қалыпты. Пиелограммада астаушаның толу дефектісі анықталады. Сіздің болжама диагнозыңыз? Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
Дата добавления: 2014-12-02; просмотров: 22158;