Тапсырмаға арналған типтік есептер. 1 Мысал. U = 220В кернеулі желіге қосылған, қатарлас қоздыру тұрақты ток қозғалтқышы тың келесі

 

1 Мысал. U = 220В кернеулі желіге қосылған, қатарлас қоздыру тұрақты ток қозғалтқышы тың келесі техникалық мәлметтері берілген: Рном = 12 кВт; nном = 685 мин –1 ; I ном = 64 А; Iв.ном = 1,75 А; Rя = 0,281 Ом. Якорь тізбегінде және қоздырғы орамасында реостатар қосылған.

Қажетті: 1) магнит өрісін Ф¢ = 0,78Фном мәніне дейін азайту үшінқоздырғы тізбегіндегі реттелу реостаттың Rр кедергісін есептеңдер; 2) Ф¢ = 0,78Фном және Rn = 0 тең боғанда жасанды және жаратымды механикалық сипаттамаларын салыңдар. Якорь реакциясынмен елемендер.

Шешімі:

1. Қоздырғы ораманың кедергісі:

Rқ=Uном / Iв.ном=220/1,75=125,7 Ом.

Реттелу реостаттың кедергісін табу үшін алдыменала қоздырғы ораманың тоғын іздейміз, төмендеген магнит өрісінде Ф¢ = 0,78 Фном. Осы мақсатпен тұрақты ток қозғалтқыштардың магниттеу қисығымен пайдаланады (13 кесте).

13 Кесте – Тұрақты ток қозғалтқыштарынын магниттеу қисығы

Iв / Iв.ном 0,1 0,2 0,3 0,4 0,5 0,6 0,7 0,8 0,9 1,0 1,1 1,2
Ф / Фном 0,2 0,4 0,55 0,67 0,75 0,81 0,87 0,92 0,94 1,0 1,04 1,08

Интерполяция бойынша Ф¢ / Фном=0,78 болғанда ток қатынасы Iв /Iв.ном= 0,55 тең болады.

сонда

Iв = 0,55 Iв.ном = 0,55 × 1,75 = 0,962 А

Қоздыру тізбегінің ортақ кедергісі

R в + Rр = U ном / Iв = 220/0,962 = 228,3 Ом.

Қоздыру тізбегіндегі реттеу реостатының кедергісі

Rр = (U ном / Iв) – R в = 228,3 – 125,7 = 102, 6 Ом.

2. Қоздырғыштың номиналды режім жұмысы үшін келесі мәндерді анықтаймыз

Якорь тізбегіндегі ток

Iя.ном = IномI в.ном = 64 – 1,75 = 62,25 А;

Якорьдың ЭҚК

Ея.ном = UномR я × Iя.ном = 220 – 0,281 × 62,25 = 202,5 В ;

моменті

Мном = 9550 × (Р ном / n ном) = 9550 × (12/685) = 167,3 Н×м.

Қатарлас қоздыру қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы сызықты тәуелдіктер боп келеп, екі нүкте бойынша салынады.

Жаратынды сипаттаманың екі нүктенің координаттарын есептейміз.

1) бос жүріс режімінді М=0, айналым жиілігі

n0 = Uном / (Се × Фном) = (Uном / Ея. ном) × n ном = (220/202,5) × 685 = 744 мин–1;

2) номиналды жүктемеде

М = М ном , n = nном .

Жаратынды сипаттама 9а суретте тұтас сызығымен салынған.

Жасанды механикалық сипаттаманы салу үшін екі нүктесін есептейміз:

1) бос жүріс режімінді М=0, магнит өрісі Ф¢ = 0,78 Фном босағандағы якорь айналым жиілігі

n¢0 = Uном /(Се × Ф¢ ) = Uном /(0,78 ×Се × Фном) = n0/0,78 = 744/0,78 =955 мин–1;

2) номиналды жүктемеде М = Мном

n¢ = Ея / (0,78 × Се × Ф ном) = [( UномR я × I¢я.)/(0,78 × Ея.ном)] × nном =

= [ (220 – 0,281 × 80) / (0,78 × 202,5)] × 685 = 856 мин–1,

мұнда

I¢я = Мном / (0,78 × См × Фном ) = Iя.ном / 0,78 = 62,25 / 0,78 = 80 А.

Жасанды сипаттама 9а суретте штрих сызығымен салынған.

2 Мысал. 1 мысалда келтірілген қозғалтқыш үшін:

1) якорь тізбегіндегі реостатсыз іске қосылған токты және іске қосу тоғының мәні In = 2,1Iя.ном шектелу үшін іске қосу реостаттың Rn кедергісін есептеңдер;

2) Ф = Фном және іске қосу реостатының Rn жасанды механикалық сипаттамасын салыңдар.

 

 

Шешімі:

1. Іске қосқан кезде якорьдың ЭҚК Ея = 0 , ал іске қосу тоғы

In = Uном / R я = 220 / 0,281 = 783 А.

Іске қосу реостаттың кедергісі келесі теңдіктен анықталады

In = КI Iя. ном = U ном / R я + R n ).

бұдан

R n = [Uном / (КI Iя. ном)] – R я = [220 / (2,1 × 62,25)] – 0,281 = 1,4 Ом.

2. Жасанды механикалық сипаттаманы екі нүкте бойынша саламыз:

1) бос жүріс режімінді М=0, айналым жиілігі

n0 = Uном / (Се × Фном) = 744 мин–1

(1мысалға қара)

2) номиналды жүктемеде М = М ном, айналым жиілігі

n = Ея / (Се × Фном) = nном [Uном –( R я + R n) × Iя. ном ] / Ея .ном =

= 685 × [220 – (0,281 + 1,4) × 62,25 ] / 202,5 = 390 мин–1 .

Сипаттама 9 суретте штрихпуктир сызығымен салынған.

 

 








Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 1221;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.