Жедел жады
Жедел жады (оперативті жад, оперативное запоминающее устройство-ОЗУ, Random Access Memory-RAM) немесе жедел жадтайтын құрылғысы (ЖЖҚ), ақпараттың кез келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Жедел жады, жүйелік логика жиынтығымен (чипсетпен) және орталық процессорымен бірге, кез келген дербес компьютердің негізін құрайды.
Жедел жады – компьютердің тез әрекет етуі, көлемі мен жұмыс жылдамдығына байланысты болатын құрылғылардың бірі. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадының барлық ақпараты бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Компьютерлердің жедел жадынын көлемі 32 Мбайттан 2Гбайтқа жетеді. ЖЖҚ-ның құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады.
3.5-сурет. Жедел жадылар
Өз даму барысында жедел жады EDO RAM-нан бастап, DDR SDRAM-мен аяқталатын он шақтыға жуық түрлендірілді. Жады – тез әрекет ету жағынан орталық процессордан кейінгі екінші құрылғы. Оның міндеті дер кезінде процессорге қажетті ақпараттарды жеткізу, сондықтан жады жылдамдығына талабы өте жоғары.
Жады модульдерін көптеген өндірушілер шығарады, соның ішінде SEC (Samsung), Corsair, Winbond, Kingston және т.б.
Төменде компьютерде қолданылатын жедел жадының кейбір түрлері сипатталған.
SDRAM (Synchronous Dynamic RAM) – жедел жадының ескі түрі. Микросхема жадысындағы операция орталық процессордың такт жиілігімен синхрондалған (жады мен процессор бір мезгілде жұмыс істейді). SDRAM технологиясы, команданы орындауға және мәліметтерді жеткізуге кеткен уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. SDRAM-ң 66, 100 және 133 МГц жиілік жұмысына арналған 168-түйіспелі модулі бар. Сондықтан жады РС66, РС100 немесе РС133 спецификасымен сәйкес келеді.
SGRAM (Synchronous Graphics RAM) – графикалық қосымшаға арналған SDRAM нұсқасы. Аппараттық құрылымдары ұқсас, сол себепті көп жағдайда олар бір-бірімен өзара алмаса алады.
RDRAM (Rambus Dynamic RAM) жады SDRAM және SGRAM жадтарына қарағанда аз разрядты мәліметтер магистральді қолданады. Ол қызметтік жиілікті бірнеше рет көтеруге мүмкіндік береді.
DDR SDRAM (Double Data Rate SDRAM) SDRAM жадысының жақсартылған архитектурасы. Сондықтан оның екінші аты DDR SDRAMII.
DDR SDRAM типті жады бір тактілі, олар екі ақпарат дестесін қатар бере алады, яғни, өзінің жіберушілік қасиетін екі есеге өсіре алады.
Көптеген артықшылығы бар DDR SDRAM-ң бағасы RD RAM –мен салыстырғанда көпке арзандау. DDR SDRAM-да құрамындағы ұяшықтың орналасу уақыты, яғни, латенттілігі аз, сондықтан өндірістілігі бойынша ол RD RAM-нан асып түседі.
Оның өткізгіштік қасиетін, яғни, қабілеттілігін есептеу қиын емес, шинаның ені 8 байт болса, DDR200 жадысы үшін 1,6 Гбайт/с, ал DDR400 үшін – 3,2 Гбайт/с болады.
DDR200, DDR266, DDR333 және DDR400 типтері түсінікті болса да, оларға басқа анықтама қабылданған. Жедел жадының белгілеуінде тиімді жиілігі қолданылмайды, секундына мегабайтпен (Мбайт/с) есептелетін максималды өткізу қабілеті көрсетеді.
Төменде әр түрлі мағынадағы жиілігінің тізімі берілген:
· 100 МГц → РС1600 DDR SDRAM ►РС100 DDR SDRAM ►РС800 RD RAM;
· 133 МГц → РС2100 DDR ►DDR266 SDRAM ►РС133 SDRAM ► РС1066 RDRAM;
· 166 МГц → РС2700 DDR SDRAM ►DDR233 SDRAM►РС166 SDRAM
· 200 МГц → РС 3200 DDR SDRAM ► DR400 SDRAM
· 216 МГц → РС 3500 DDR SDRAM ► DDR433 SDRAM
· 233 МГц → РС 3700 DDR SDRAM ► DDR 466 SDRAM
· 250 МГц → РС 4000 DDR SDRAM ► DDR 500 SDRAM
DDR2 SDRAM
Қазіргі таңда жадының бұл түрі ең тез әрекетті және дамыған, сонымен қатар ол қаншалықты жоғарғы бөлшекте жұмыс жасаса да жіберілудің үлкен жылдамдығын қамтамасыз етеді. Бұл жады DDR SDRAM жадысына ұқсас болып келеді.
Мәліметтер параллельді түрде екі бағытта беріледі, ол үшін 64 биттік мәліметтер шинасын қолданады. Синхрондылықтың арқасында берілетін мәліметтерді қатысты жиілігі қажетті жылдамдыққа қол жеткізеді.
DDR2-нің DDR-дан сыртқы түрінің ерекшелігі түйіспелер мөлшерінде. Сондықтан, егер DDR2 стандартты жадысын қолдануды жоспарласақ, оның дәл осындай типті модулін орнатып, көлемін үлкейтіп алуға болады.
DDR2 жадысының ең қарапайым түрі 200 Мгц жиілікте жұмыс жасайды, яғни, жады DDR2-400 мағынасын береді. Егер төмендегі кестеге назар аударсақ, жиіліктердің сәйкестіктерін байқауға болады.
· 200 МГц → РС3200 DDR SDRAM ► DDR2-400 SDRAM
· 250 МГц → РС4000 DDR SDRAM ►DDR2-500 SDRAM
· 266 МГц → РС4300 DDR SDRAM ►DDR2-533 SDRAM
· 333 МГц → РС5300 DDR SDRAM ►DDR2-667SDRAM
· 400 МГц → РС6400 DDR SDRAM ►DDR2-800 SDRAM
· 450 МГц → РС7200 DDR SDRAM ►DDR2-900 SDRAM
· 500 МГц → РС8000 DDR SDRAM ►DDR2-1000 SDRAM
· 533 МГц → РС8500 DDR SDRAM ►DDR2-1066SDRAM
DDR2- жадысы қаншалықты жоғарғы деңгейде жұмыс жасаса да, оның микросхемасы жеткілікті дәрежеде қызады. Жадының көбеюі байқалғанда олар одан сайын қызады. Сол себепті жадының чиптары үнемі радиатор қызметін атқаратын алюминий пластинамен тегістей жабылады.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 8329;