CD-DVD диск-жетек
Жаңа заманғы компьютерлер CD/DVD диск-жетексіз бола алмайды, барлық ақпараттар DVD диск-жетегіне оқу және жазу үшін қолданылатын оптикалық дискілер арқылы таратылады.
1978 жылы екі ірі Phillips және Sony фирмалары музыка жазу және сақтауға арналған жаңа формат жасау үшін бірікті. Нәтижесінде 1982 жылы сыртқы диаметрі 120мм, ішкі саңылау диаметрі 15мм және қалыңдығы 1,2мм-лік компакт-дискісі (Compact Disc, CD) пайда болды. Бұл көлемдер әлі де сақталған.
Бастапқы компакт-дискілердің көлемі 650Мбайт болатын. Басында олар музыкаға құмарларға арналды. Кейіннен компакт-дискілер компьютердегі ақпараттарды жазуға және сақтауға қолданылды.
3.6-сурет. FDD диск-жетегі
Технологияның дамуына байланысты, дискілер де көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұдан аз уақыт бұрын оптикалық дискілермен жұмыс жасу үшін CD қолданылады.
3.7-сурет. CD-ROM және DVD-RW диск-жетектері
Қазір оптикалық дискілермен жүмыстану үшін DVD диск-жетек қолданылады. Оптикалық DVD сақтау орны оптикалық CD-лардан бірнеше есе артық. Компакт-дискінің көлемі 650-700 Мбайт (кейде 800 Мбайт кездеседі) болса, DVD-дің көлемі екі қабатты және екі жақты дискі болған жағдайда 17 Гбайт-қа дейін жетеді.
Сыртынан қарағанда DVD диск-жетек жай ғана компакт-дискіге арналған CD диск-жетек сияқты көрінеді. Бірақ оның артықшылықтары өте көп.
Ақпаратты тасымалдау барысында DVD технологиясы ең үлкен тасымалдаушыға айналды. Бір жақты, бір қатарлы стандартты дискіде 4,7 Гбайт ақпарат болады. Екі қатарлы стандартты DVD дискі 8,5 Гбайт көлемге дейінгі ақпаратты сақтай алады.
Қазіргі таңда үшқатарлы DVD-мен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін технология жасалып жатыр, ол соған сәйкес ақпаратты көп мөлшерде сақтай алады. Сондай-ақ, 40 Гбайт-қа дейінгі көлемдегі ақпаратты сақтауға болатын дискілер бар, бірақ олармен жұмыс жасайтын диск-жетектің бағасы белгісіз, сондықтан да олар әлі кең қолданысқа таралмады.
Нәтижесінде, DVD компьютерлік бағдарламаларды сақтауға, жоғарғы деңгейдегі көріністі фильмдерді және дыбыстарды сақтауға зор мүмкіндік береді. Әрине, DVD-ні оқу үшін, DVD диск-жетек қажет, бірақ DVD технологиясының жұмысы CD технологиясы жүмысының алдағы дамытушысы болып табылады, DVD диск-жетек әртүрлі форматтағы “ескі” компакт дискілермен жұмыс жасай алады. Өндірушілер CD диск-жетекті енді шығармайды, олар түгелдей дерлік DVD диск-жетегіне көшті. Музыкалық дискіден ақпараттар 150 Кбайт/c жылдамдықпен оқылады. Яғни, әрбір секундқа 75 блок есептеледі, әрқайсысы 2048 ақпаратты иеленеді. Мұндай жылдамдықпен музыкалық орталықтар жұмыс жасайды.
Қораптағы “52х” жазуы компакт-дискіден диск-жетекте ақпаратты жіберу жылдамдығы 150Кбайт/с біржылдамдықты болып есептеледі және 1х дегенді білдіреді. Бұдан шығатыны, 52х – бұл диск-жетектің жылдамдығы 7800 Кбайт/с тең. Мұндай жылдамдықты қамтамасыз ету үшін, 52х диск-жетегі дискіні 7200 айн./мин жиілікте айналдырады.
Ену уақыты деген параметр бар. Ол дискіден оқудың бастамасымен және команда қабылдаудағы тоқталыс арасындағы уақытқа тең. Ол орташа мағына алады, себебі дискідегі әр аймақтағы оқу жылдамдығы әртүрлі болады. Ену уақыты миллисекундтарда есептеледі және ақпараттарды жіберу жылдамдығына кері пропорционалды, яғни жылдамдық жоғары болса жіберу уақыты төмен (мысалы, біржылдамдықты диск-жетекті 400мс ену уақытына ие, ал 50-жылдамдықты - 130мс).
Қазірде, DVD диск-жетектің бағасы төмендеп кеткендіктен, оны кез келген адам ала алады, ал CD диск-жетектер нарықтан жоғала бастады. Бірақ ақпараттарды қолдану мен сақтаудың көлемі өскендігі, компакт-дискілердің көтерілген қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмауы DVD диск-жетектің жарыққа шығуының басты факторы болып табылады.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 7590;