Ядролардың саны
Қазіргі уақытта бірнеше ядролары бар процессорлардың түрлі модельдерін кездестіруге болады. Hyper Threading технологиясы ұсынғандай виртуалдық ядролардан айырмашылығы процессорда бірнеше ядролар орналаса алады. Төрт тәуелсіз ядросы бар процессорлар қазіргі таңда қолданушылардың сұранысында.
Алғашқы екі ядролы процессорларда екі тәуелсіз ядро болды, яғни, әр-қайсысы бірінші және екінші дәрежелі кэш-жадысы бар бірдей құрылымды ядролардан тұрды. Қазір ядролар ортақ екінші дәрежелі кэш–жадыны құрайды, ол процессордың өнімділігін одан сайын арттырады.
Көп ядролы процессорды қолдану компьютердің өнімділігін жақсартады. Көп ядролыққа арналған бағдарламалар аз болғандықтан, процессордың тек бір ядросы жұмыс істейді. Алдағы уақытта, техниканың қарқынды дамуына байланысты, көп ядролыққа негізделген бағдарламалар пайда болады.
Процессорлардың интерфейсі
«Интерфейс» деген сөздің астында процессордың құрылысы деген мағына жатыр, яғни, ол жүйелік тақшадағы процессор слотының ерекше құрылысын анықтайды.
Процессордың даму жолында процессор слоты көп өзгеріске енді, бұл үнемі процессордың құрылысы мен процессор пластинасында түйіспе мөлшерінің көбеюіне әкеліп отырды. Бұдан басқа, әр өндірушінің процессорлары әртүрлі түйіспе мөлшерлерімен шығарылады.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 6381;