Шиналар.

Шина – процессордың басқа құраушылармен мәлімет алмасуы арқылы сипатталған канал. Бұл каналға мысал ретінде кэш-жады, жады контроллері, бейнекарта, қатқыл дискі және т.б. құрылғылар мен мәлімет алмасу каналын келтіруге болады. Шиналардың ең маңызды сипаттамасы - олардың разрядтылығы мен жұмыс жиілігі болып табылады. Олардың жиілігі мен разрядтылығы жоғары болған сайын, мәліметтер шина арқылы уақыт бірлігінде көп болады, демек процессорда немесе басқа да құраушыларда көп мәліметтер өңделеді. Мысал ретінде AMD процессорын алатын болсақ, олар әртүрлі жиілікте жұмыс істейтін және әртүрлі разрядттылығы бар бірнеше шиналардан тұрады (ішкі және сыртқы). Бұл технологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Тез шиналардың жиілігімен барлық құраушылар жұмыс істеуге қабілетті емес. Тап осы жерде процессор жиілігі оның жұмыс жылдамдығының көрсеткіші деп ойлайтын, көптеген қолданушылардың алғашқы және ең басты қателігі ашылады. Негізінде барлығы шинаның өткізу мүмкінділігіне байланысты, мысалы, егерде ядроның бір тактінде 64 бит немесе 8 байт ақпарат берілсе (64 битті процессор) және шина жиілігі 100 МГЦ-ті құраса, онда шинаның өткізу мүмкіндігі, 8 бит х 100000000 тактыны құрайды, шамамен 763 Мбайтқа тең. Осы көрсеткішке жету нәтижесінде, процессордың қалған жылдамдық қоры тоқталып тұрады.

Басқа жағынан алғанда, процессор мен бірінші деңгейлі кэш-жадының аралығынан, олардың жұмыстарының бір жиілікте жұмыс жасауы арқасында тиімді мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін шиналар болады.

 

Разрядтық

Процессордың разрядтығы бір тактыда шығара алатын ақпарат санын анықтайды. Оның разрядтығы жоғары болған сайын, ақпаратты да көп меңгере алады. Бірақта, процессор жылдамдығы бұдан көтерілмейді. Ең бастысы разрядтылық адрестелген мәліметтер көлеміне әсер етеді, дегенмен процессор разрядтылығы жедел жады модулі разрядтылығымен тығыз байланыста болса да, бүтін сандық операцияның орындалу жылдамдығы көтерілуі мүмкін. Бірақ, процессор разрядтылығы дәл сонымен жұмыс жасайды деуге болмайды. Мысалға, бұл 64 битті команданы орындай алады деген сөз. Сонымен бірге, процессор жылжымалы нүктелі операциясын орындағанда, 80 немесе 128 биттік разрядтылықпен қалыпты жұмыс жасай алады.

Процессор жадымен бірге жұмыс істейді. Жады микросхема­сынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадыға жібереді.

Ал, қазіргі кезде 32- және 64-разрядты процессорлар қолданылуда.

 








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 4913;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.