Сыртқы құрылғылармен жұмыс

 

Енгізу-шығаруды синхрондау күрделі мәселе және сыртқы құрылғының түріне байланысты болады. «Е97»-де күй регистрі өте қарапайым құрылған: онда дайындық биті деп аталатын орындау биті бар. Бұл компьютерде дайындық биті күй регистрінің жетінші разрядында орналасады.

Барлық порттар 16-разрядты болады, бірақ ақпарат олардың кіші байтында орналасады. Шығыс порттарға 8-ден 15-ке дейінгі биттер мазмұны формальді еңгізіледі, бірақ шығару құрылғысына әсері болмайды.

Әрбір портқа өзіндік нөмір (адрес) сәйкес келеді. «Е97»-де оналтылық разрядтан келесі порттар қолданылады:

0 – пернетақта күйінің порты (тек оқуға арналған);

1 – пернетақта мәліметінің порты (тек оқуға арналған);

2 – дисплей күйінің порты (тек оқуға арналған);

3 – дисплей мәліметтерінің порты (тек оқуға арналған).

Енгізу-шығару порттарын қолданып, мәлімет алмасудың стандарт алгоритмі келесідей болады. Күй порты оқылады және таңбалық биттің кіші байтының мәні тексеріледі. Бұл әрекет дайындық биті сыртқы құрылғымен бір ретінде берілгенше қайталана береді. Сонан соң егер ол шығару құрылғысы болса процессор мәліметтер портына ақпарат жаза алады, ал енгізу құрылғысы болса порттан оқи алады.

Дисплейге R0-ден бірлік символды шығару бағдарламасы осылай болады.

0А21 порт2=>R1

E401 0 R1b мен салыстырылады

2DFA егер >=0, PC – 6 (тексеруді қайталау)

0B03 R0=> порт3

Алдыңғы үш команда порт2-дегі дайындық битін оқиды және тексереді, ал соңғы команда дисплейге қажет символдың шығарылуын қамтамасыз етеді.

Кіші байт разрядының таңбасын міндетті түрде тексеретін 0 «қысқа тұрақтылы» командасына назар аударыңыз.

Символды енгізу процедурасы да шығару процедурасына сәйкес болады.








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 1726;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.